Юсупова Бибигул Мурзахметовна



Дата21.12.2021
өлшемі30,8 Kb.
#104404
Байланысты:
көмек
Кенжехан Олжас, 4. Тулепбекова С.К. НПГ (1), көмек

Юсупова Бибигул Мурзахметовна

II санатты Ағылшын тілі пәні мұғалімі


А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы

Бүгінгі білім беру жүйесінің ерекшелігі-білім алушының қандай да бір іс-әрекетке құзіреттілігін дамыту болып табылады.Ұлы педагог Ы.Алтынсарин «Оқытушы бағалағанда олардың іске қатысы жоқ сөздеріне қарап емес, олардың егістерінің бетіне шыққан жемістеріне, яғни оқушыларына қарай бағалау керек» деп, айтқандай, оқушы жетістігін нақты бағалау мәселесі-білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі.

Оқушылардың білім нәтижелерін бағалау оқыту үдерісінің маңызды бөлігі болып табылады, оқыту үдерісін басқарудың түйінді кілті бағалауда деп те айтуға болады.   Көптеген жылдар бойы оқушы жетістігі басқа оқушымен салыстырмалы түрде бағаланып келді. «Бағалау» термині «жақын отыру» латын тіліндегі мағынада-бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады.

 

Өз кезегінде, білім беру сапасын жоғарылату оқушылар жетістіктерін бағалаудың нақты критерийлерін жасауды талап етеді. Бағалаудағы ерекше амал критерий арқылы бағалау болып табылады. Критериалды бағалау-бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу-танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі, яғни белгілі  бір  критерийлер  арқылы бағалау болып табылады



Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:  1.Мектепте оқыту сапасын жоғарылату 2. Мектеп  бітірушілердің білімін  халықаралық стандартқа сәйкестендіру.

Критерий арқылы бағалаудың оқыту үшін маңызы неде?

Оқушы өзін-өзі талдау мен рефлексия жасау тәжірибесін үйренуі, оқу үдерісі ғана емес, бағалау үдерісінің де белсенді қатысушысы болуы керек. Бұл жағдайда өзін-өзі бағалауға баса назар аударылады.

Білім сапасын бағалау жүйесінде жаңарту мәселесі:

1. Бес балдық жүйенің қазіргі заманға сай білім жүйесін қанағаттандыра алмауы 2. Оқушы танымындағы өзгерістер мен білім саласындағы қалыптасқан

қайшылықтар    3.Әлеуметтік сұраныстардың өзгеруі

Ұстанымдар негіздері:

1.  Бағамен оқушының жұмысы бағаланады.  2.  Дескрипторлар оқушыға алдын-ала белгілі болуы шарт. 3. Оқушы өз білім деңгейін анықтай алуы қажет. 4. Нақты білімділік мақсатты бағалауы қажет.

Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:

1.алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;  2. анық, айқындылығы;

3. бағаның әділдігі;   4. өзін-өзі бағалауға мүмкіндіктің берілуі.

Сабақта критерий арқылы бағалауды қолдану:

-сабақтың мақсаты критерий құрудың негізі болып табылады.

-сабақтың/бөлімнің басында оқу мақсатын түсіндіру.

-алдын-ала критерийлердің үлгісін дайындау, оқу мақсаттарына сай келуін қарау.

-критерийлерді оқушылар тіліне аудару, оларға түсінікті болу үшін өздеріне құрғызу (немесе) бірге құру.

-критерийлерді тақтаға немесе оқушының дәптерлеріне жаздырту.

-белгіленген критерийлерді оқушылардың барлығы бірдей түсінгеніне көз жеткізу.

-оқушыларға өз жұмысын құрылымдауға көмек беру үшін жоспарлауға/жазуға арналған ережелер.

Критериалды бағалаудың функциялары:

Ынталандыру   Белсенділік   Түзету    Дамытушы

Принциптері:  Нақтылық        Әділдік          Жүйелік

Критериалды  жүйе арқылы бағаның  қойылуы:

Оқытуда зерттеушілік іс - әрекеттердің кеңінен қолданылуы қазіргі талаптарға сай келетін жаңаша бағалау жүйесін қажет етеді.

Критериалдық бағалау жүйесі  арқылы:1.  Оқушының тұлғалық бағытын белсенділікке бағыттау 2. Тұлғаны нәтижеге жеткізу  3. Өсу динамикасын кез-келген кезеңде анықтау  4. Қалыптастырушылық және негізгі бағалау арқылы  білімін анықтауға болады. Қалыптастырушы  бағалау- Күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды; негізгі бақылау жұмысына  дейін білімін жүйелейді;  кездескен қиыншылықтарын қалыпқа келтіруге оқушыға мүмкіндік береді. Негізгі бағалау белгілі бір  тақырыпты қорытындылау мақсатында орындалады; негізгі бағалаудағы оқушының алған бағасы тоқсандық баға болып табылады; бір тарауға  байланысты   қалыптастырған білім деңгейін анықтайды және мазмұны оқылған материалды қамтуы керек. Негізгі бағалауда барлық критерийлер   барынша қолданылуы керек.  Критерий оқушының жас ерекшелігіне,  бағдарламаға сай алынады.

Тоқсан соңында әр  критерий бойынша  негізгі бақылаудан алынған  орташа балл есептелінеді.

Мен өз сабақтарымда критериалды бағалауды жиі қолданамын, яғни сабақтың басында оқушылар нені білуі тиіс, не нәрсеге қол жеткізу керек деген мақсатпен сабақтың критерийін интерақтивті тақтаға жазып көрсетемін немесе әр оқушыға қағазға жазылған күйде сабаққа құрылған критерийлерді таратамын. Жалпы критерийлерді әрдайым өзім құрастырып қана қоймай, кейбір тақырыптарды оқушылармен бірігіп құруға дағдыландым.Сабақ критерийлері өткен сабақпен байланыстырыла құрылады, өйткені ағылшын тілі сабақтарында кейбір түсінуге қиын грамматикалық құрылымдарды дамыту, жетілдіру мақсатында көбірек жұмыстануды қажет етеді және әр сабақта оқушылардың сабақта ағылшын тілінде сөздік қорларын пайдалануы, сөйлеген кезде немесе оқыған кезде дауыс ырғағына, яғни дауысты көтеріп немесе төмен түсіру мәнеріне көңіл бөле отырып, сабақ критерийлерін құрамын. Мысалы, 3 «Ә» сыныбында өткен “Syllables. Adjectives. A yeti” (Буындар.Сын есімдер. Қар адамы) тақырыбында сабақта мынадай критерий бойынша өзін-өзі бағалады.



Name

I can count all kinds of syllables(Мен буындарды санай аламын)

I can use one syllable adjective (Бір буынды сын есімдерді қолдана аламын)

I know about the yeti (Қар адамы туралы мағлұмат алдым)

1

 

 

 

 

Мысалы, бастауыш буында 2-3 сыныптарда оларға түсінікті, әрі қиындық туғызбайтындай, жас ерекшелігін ескере отырып, құрылады. (слайд)

2 «в» сыныбында өткен “In the city. Present Continuous.” тақырыбында  оқушылардан үй тапсырмасын сұрау кезінде «Басбармақ» әдісі бойынша-формативті бағалаудың критерийін құрдым.



Тапсырманың көрсетілуі

Критерий

Жетістік деңгейі

Мектеп стандартына айналдыру

А. Басбармақ жоғары

Өте жақсы,

3

5

Б. Басбармақ жанына

Жақсы орындалған

2

4

С. Басбармақ төмен

Орташа, әлі де толықтыру қажет

1

3

 

Сабақтың келесі этапында Present Continuous шағында постер қорғауда «Постер қорғау критерийін» құрдым.



Сriteria

Критерий


Descriptor

Дескриптор



The level of achievement

Жетістік деңгейі



А.Мазмұны

Тақырып мазмұны ашылмады

0

 

Тақырып мазмұны ашылды, бірақ толықтыру қажет

1

В. Безендірілуі

Бояуы қанық емес, сурет салмаған

1

 

Әсемделген, бірақ эстетикалық талғамға сай келмейді.

2

 

Жақсы әсемделген, сурет, символ, белгілер қолданылған

3

С.Баяндау шеберлігі

Ойды жеткізу тілі түсініксіз болды

1

 

Ойды жеткізе білді, бірақ шешендік жетпеді немесе қайталана берді, қыстырма сөздер көп қолданылды.

2

 

Тіл байлығы жақсы, ойды жетік жеткізе білді, өз пікірін пайымдады.

3

Д. Шығармашылық

Тақырыпты өзге қырынан аша білді

3

 

Жаңашылдық идея болды.

3

7 «А» сыныбында өткен “Carnivals and Festivals” тақырыбында өткен сабақта оқушыларға деңгейлері бойынша өз ойларын айту, әңгімелеу қажет болды, берілген критерий бойынша әрқайсысы бірін-бірі бағалады.

Criteria

The level of achievement

Descriptors

А-білу, түсіну

A student can give a full account of own idea



0

A student did nothing all these criteria.

1

A student knew how to make sentences in Present Continuous

1

A student could give  his\her own idea

В- қолдану

A student can determine and give an account of own idea, communicate with real life



2

A student could make his/her own sentences in Present Continuous and can communicate with his/her own real life

С- анализ, синтез

A student can use his/her own theoretic  knowledge in the life and can answer the critical questions



3

A student knew all material that he/she had learnt and could use in real life and answer the critical questions

 

The name of the student:

А

В

С

Total sums

Mark



















Блум таксономиясы бойынша өткізілген сабақ соңында  табыс критерийлері

Категориялар

Табыс критерийлері

І. Білім

Present Continuous(Созылмалы осы шақ) шағында қолданылатын терминдерді есте сақтайды, қайталайды, ережені айтады

ІІ. Түсіну

Ережені салыстырады, мысал келтіреді

ІІІ. Қолдану

Present Continuous шағын өмірде қолданады

ІV. Талдау

Present Continuous(Созылмалы осы шақ) қалай жасалатынын ашады, ажыратады.

V. Жинақтау

Present Continuous(Созылмалы осы шағында) шағын әңгіме жазады.

VI. Бағалау

Критерийлерге сүйеніп, тақырыптың маңыздылығын айқындайды, жазбаша түрде бағалайды.

Жоспарлы сабақтарға критерий құра отырып, берілген критерийлер арқылы мен оқушыларымның  өзін-өзі бағалауда, бірін-бірі бағалауда олардың сабаққа деген ынтасының, өзіндік ойы, пікірі қалыптасқанын, есте сақтау қабілеттерінің , пайымдау, ажырату, жаңа бір ой түю,  бір-бірінің , мұғалімнің алдында жауапкершіліктері артқанын аңғардым. Оқушыларды бағалауда әділдік пайда болды, берілген критерийлер бойынша неге қол жеткізгендерін, нені білу қажет екендіктерін  біліп отырды. Критериалды бағалау арқылы  оқушылар  өз деңгейлерін анықтай алды.  Бұл олардың білім деңгейлерін  көтеруіне  ықпалын  тигізді. Өзін-өзі бағалау мен өзара бағалаудын тиімділігі, бұрын тақтаға шығып, сабақ айтуға ұялатын оқушылар өздерін еркін ұстай бастады, сабаққа деген ынтасы артты, сенімділік пайда болды және олар бір-біріне көмектесе отырып және олар бір-бірін бағалау арқылы әділ баға қоя бастады.

Критерий арқылы бағалау мұғалімдерге: сапалы нәтиже алуды қамтамасыз ететін критерийлерді құруға; өз жұмысын талдау және жоспарлау үшін ақпарат алуға; оқу үрдісінің сапасын жақсартуға; әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың траекториясын құруға мүмкіндік береді.

Критерий арқылы бағалау оқушыларға:  нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білу және түсінуге; критерийлерді білу арқылы қате жібермеу, сапалы нәтиже беруге; рефлексияға қатысу, яғни өзін және өз достарын бағалауға;  бағалау үрдісіне қатысу арқылы білімін тереңдетуге, нақты білімдерін қолдану, өз ойларын еркін жеткізе білу, сын тұрғысынан ойлай білуге мүмкіндіктер береді.

Ата-аналарға: баласының білім деңгейлерін бақылай алуға; баласының оқу үрдісін бақылай алуға;баласына оқу үрдісі кезінде қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

«Тұжырым жасай білген адам, алдына мақсат та қоя біледі» деген екен белгілі шығыс ойшылы. Олай болса, бағалауға деген көзқарасымызды өзгертсек, сабақтарымызға критерий арқылы бағалауды енгізіп,  оқушыларымыздың тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттасақ, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, нәтижеге жеткізу, ал оқушыларымыз  әр сабақта белгілі бір нәтижеге жету барысында еңбектенсе, оқушы да,  мұғалім де  өз еңбектерінің табысын көре алады деп ойлаймын.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:



1. Нұсқаулық   (ІІІ негізгі деңгейге арналған) www.cpm.kz

2. Оқытудың нәтижелерін бағалаудың әдістемесі Әдістемелік құрал, Орал қаласы 2013ж

3. Блум таксономиясын оқу үрдісінде пайдалану әдістемесі Әдістемелік құрал, Орал қаласы 2013ж

4. Жаңа тұрпатты мұғалімнің кәсіби іскерлік сапалары Қазақстан мектебі журналы, №9 2011ж,24-бет



5. «Өзгеріс .Тәжірибе.Ойтолғау»  облыстық деңгейдегі идеялар жәрмеңкесі Жинақ, 2014 ж 21-ақпан

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет