8-тарау
ЗАТ ЖӘНЕ ЭНЕРГИЯ АЛМАСУ. ТЕРМОРЕТТЕЛУ
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
Энергия алмасуы.
Негізгі алмасу және оны анықтайтын әдістер.
Жалпы алмасу.
Азот тепе-теңдігі.
Энергия тепе-теңдігі.
Қоректік заттардың калориялық коэффициенті.
Тамақтану.
Жылу реттелу.
Химиялық жылу реттелудің механизмдері.
Физикалық жылу реттелудің механизмдері
Гипотермия. Гипертермия.
Қоршаған орта мен тірі ағзалар арасында үнемі заттар мен энергия алмасу үдерісі жүреді. Зат алмасу кезінде тірі ағзалар өздеріне қажетті қоректік заттарды сіңіріп, тіршілік әрекетінен пайда болған ыдырау өнімдерін сыртқа шығарады.
Зат және энергия алмасуы немесе метаболизм – тірі ағзада болып жатқан және оның тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін заттар мен энергияның химиялық және физикалық айналуының жиынтығы.
Метаболизмнің негізгі маңызы:
Ағзаның тіршілік қабілетін сақтау.
Сыртқы ортамен қарым-қатынасын, ағзаға қоректік зат- тардың енуін, олардың ферменттер әсерінен ыдырауын, пайда
болған қарапайым заттардың клеткалар мен органдарға тасы- малданып, олардың тотығуын қамтамасыз ету.
Энергияның бөлініп шығуын, клетка құрылымдарының биосинтезделуін және қорытылған өнімдердің ағзадан бөлініп шығуын қамтамасыз ету.
Зат алмасуы ассимиляцияның және диссимиляцияның үдерістерінен тұрады: ассимиляция (анаболизм) – ағза құра- мындағы күрделі және арнайы заттардың синтезделуі, дисси- миляция (катаболизм) – энергия босап шығуымен жүретін күрделі органикалық қосылыстардың қарапайым заттарға дейін ыдырауы.
Адам ағзасы үшін энергия көзі аспен түсетін органикалық заттардың тотығуы болып табылады. Азық-түліктердің ақырғы метаболиттері көмірқышқыл газы мен суға дейін ыдырағанда энергия бөлінеді. Бұл энергия клеткаларда жаңа заттардың түзі- луіне, ағзаның атқаратын қызметіне жұмсалады. Қоректік зат- тардың тотығу нәтижесінде бөлініп шығатын қуаттың мөлшері бірдей емес. Белгілі бір қоректік заттың 1 г тотыққанда шығара- тын қуаттың мөлшерін сол заттың калориялық коэффициенті деп атайды. Бұл мөлшер калориямен (кал), килокалориямен (ккал) немесе джоульмен (Дж), килоджоульмен (кДж) өлшенеді: 1 кдж = 4,187 ккал. 1 г белок = 4,1 ккал (17,17 кДж), 1 г май =
9,3 ккал (38,39кДж), 1 г. көмірсу = 4,1 ккал (17,17 кДж).
Заттар мен энергия алмасу арқылы тірі ағзалардың ішкі ор- тасының құрамына кіретін заттар мөлшерінің өзара тұрақтылы- ғы қамтамасыз етіледі.
Ағзадағы үнемі болып жататын синтездеу мен ыдырау қа- жетті заттармен ұдайы дұрыс және жеткілікті шамада қамтама- сыздандыруды талап етеді. Ағзаға қажетті «құрылыс материал- дары» денеге тамақтану арқылы жеткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |