З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева


-сурет. Горяев камерасы: а – жалпы көрнісі; ә – Горяев торы 30-сурет



бет48/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)

29-сурет. Горяев камерасы: а – жалпы көрнісі; ә – Горяев торы


30-сурет. Эритроциттерді санау реті
Эритроциттерді санауды тор диагоналы бойынша 80 кіші квадратшадан тұратын 5 үлкен квадрат арқылы жүргізеді.
Ол үшін диагонал ұшындағы үлкен квадраттың сол жақ бұ- рышындағы кішкене квадратшаны тауып, оның ішінде, сол жақ және жоғарғы сызықтарында орналасқан эритроциттерді есепке ала отырып, оңға қарай жылжиды. Квадратшаның төменгі және оң жақ сызықтарында орналасқан эритроциттерді есепке алмай- ды, оларды кері бағытта жылжығанда санайды. Нәтижесінде 80 кіші квадратшаны құрайтын 5 үлкен квадраттан тапқан эрит- роциттерді қосып, төмендегі формула бойынша 1 мм3 қандағы эритроциттер санын табады:

А · 4000 ·200


Х = −−−−−−−−−−−−, 80

Х – 1мм3 қандағы эритроциттер саны, А – 80 кіші квадрат- шадағы немесе 5 үлкен квадраттағы эритроциттер саны. А/80 – бір кіші квадратшадағы эритроциттер саны, 1/4000 – кіші квад- ратшаның көлемі, 200 – қанды сұйылту дәрежесі.


Жұмысты қорытындылау: жұмыстың мазмұнын көшіріп жазу. Тапқан санды стандартты санмен салыстыру. Есептеу ка- мерасымен жұмыс істеу және эритроциттерді есептеп шығару формуласының принциптерін түсіндіру.


    1. жұмыс. Қандағы лейкоциттер санын анықтау




Жұмыстың мақсаты: 1 мм3 қандағы лейкоциттер санын анықтау тәсілімен танысу.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: Горяевтің санау ка- мерасы, жабынды әйнек, лейкоциттерді араластыруға арналған құрал (меланжер), ине, микроскоп, стакандар, дистилденген су, сірке қышқылы, резина алмұрты, спирт, мақта, йод.
Жұмыстың барысы: лейкоциттерді санау принципі эрит- роциттерді анықтаумен ұқсас. Лейкоциттер санының аздығына байланысты оларды анықтауға арналған меланжер көлемді бо- лып келеді де қан 10 немесе 20 есе сұйылтылады. Лейкоцитті
анықтауға арналған меланжерде 101 санының орнына 11 белгісі қойылған, бұл ампула көлемінің капилляр көлеміне қарағанда 10 есе артық екендігін көрсетеді. Мұның өзі саусақтан қан алған кезде меланжерді горизонталь бағытта ұстауға ыңғайлы болады. Бұдан соң меланжер капиллярының 0,5 белгісіне дейін қанмен, 11 саны тұрған деңгейді сірке қышқылымен толтырады да шай- қайды, қан мен қышқылды әбден араластырады.
Горяев камерасын осы ерітіндімен толтырады. Лейкоцит- терді 400 кіші квадратшадан тұратын 25 үлкен квадрат бойынша анықтайды. Лейкоциттерді санау микроскоптың кіші үлкейткіш- тері арқылы жүргізіледі.
1 мм3 қандағы лейкоциттер саны мына формула бойынша аңықталады:

В · 4000 · 20


Х = −−−−−−−−−−−− , 400

Х – 1мм3 қандағы лейкоциттер саны, В – 25 үлкен квадрат- тағы лейкоциттер саны, 1/4000 – кіші квадратшаның көлемі, 20 – сұйылту коэффициенті, 400 – кіші квадратшалар саны.




2-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет