З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева



бет43/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)

4-тарау
ҚАН ФИЗИОЛОГИЯСЫ


Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Қан ағзаның ішкі ортасы ретінде. Қан жүйесі.

  2. Қанның қызметтері.

  3. Қанның физика-химиялық қасиеттері.

  4. Қан плазмасының құрамы.

  5. Қан белоктары және олардың қызметтері.

  6. Эритроциттердің тұну жылдамдығы, оның диагностикалық мәні.

  7. Қан топтары. АВО және Rh жүйелері.

  8. Эритроциттердің гемолизі және оның түрлері.

  9. Эритроциттердің осмостық резистенттілігі.

  10. Қанның формалық элементтерінің жіктелуі мен сипаттамасы.

  11. Лейкоцитарлы формула және оның диагностикалық мәні.

  12. Гомеостаз механизмдері.

  13. Қанның буферлік жүйелері.

Ағзаның ішкі ортасы және оның тұрақтылығы туралы ілім- нің негізін салушы – К. Бернар. Сыртқы ортаның немесе ішкі ортаның факторлары әр уақытта бір қалыпты болмайды. Сон- дықтан олардың әсерінен пайда болатын өзгерістерді ағза өзі реттеп тұрады, көрсеткіштері өзгергенде тұрақтылығын сақтауға тырысады. Ағзаның ішкі орта тұрақтылығын У. Кеннон гомеос- тазис деп атады. Осы терминді ағзаның физиологиялық жүйеле- рінің қызметіне және олардың динамикалық тұрақтылығына сәйкестіруге болады. Ішкі ортаның тұрақтылығын қолдайтын


негізгі механизмі ағза өзін-өзі реттегіш жүйе деп айтуға болады. Гомеостаздық реакциялар үздіксіз реттеліп тұрады.
Қан ағзаның ішкі ортасының ең маңызды сұйықтығы бо- лып табылады.
Тамырларда айналатын қан, қан түзу және қанды бұзу мүшелері бірігіп «қан жүйесін» құрайды (Ф. Ланг).
Қан жүйесіне кіреді:
1 қан тамырларда айналатын қан;
2 қан түзу мүшелерi – қызыл сүйек кемігі, лимфа түйін- дері, көк бауыр;
3 қанды бұзу мүшелері – көк бауыр, бауыр, қызыл сүйек кемігі;
4 реттеуші нейро-гуморальды аппарат.
Қан плазма мен формалы элементтерден тұрады, олардың қатарына эритроциттер, лейкоциттер және қан пластинкалары

  • тромбоциттер кіреді. Формалы элементтер қан көлемінің 45

%-ын құраса, қалған 55 %-ы көлемді плазма құрайды. Қан плазмасында белоктар және электролиттер бар.
Қанның көлемі шамамен дене салмағының 7 %-ын құрай- ды (4,5-5 л). Фибриногеннен айырылған плазма сарысу деп аталады.
Бұл жүйенің барлық компоненттерінің әрекеті қанның не- гізгі қызметтерін қамтамасыз етеді: тасымалдаушы, тыныс алу, трофикалық, экскреторлы, термореттеуші, су-тұз алмасу- ды қамтамасыз ету, гуморальды реттеуді қамтамасыз ету, ағза гомеостазын қамтамасыз ету, қорғаныш – ағзаның арнайы жә- не арнайы емес иммунитетін қамтамасыз ету.
Қанды сипаттайтын сандық көрсеткіштер:

  1. Қанның көлемі – 4,6 л немесе дене салмағынан 6-8%.

  2. Қанның тығыздығы – 1050-1060 г/л, оның ішінде плаз- ма – 1025-1034 г/л, эритроциттер – 1090 г/л.

  3. Қанның тұтқырлығы – 5 шартты бірлік (тұтқырлығы 1 шартты бірлік болып табылатын судан 5 есе жоғары).

  4. Гематокритті саны – қанның жалпы көлемінен қанның формалық элементтерінің пайызы 40-45.

  5. Плазманың ионды құрамы (ммоль/л): натрий – 142; калий – 4,4; кальций – 2,5; магний – 0,9; хлор – 10.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет