3. Отбасында баланың туу реті, оның өмір стилінің негізгі детерминанты. Адлер балалардың туу ретіне байланысты отбасылық ерекшеліктердің бағдарын қадыптастыруға аса мән берген.
Адлер бойынша баланың туу реті оның өмір сүруінің негізгі себепшісі болып табылады. Балалар бір отбасында дүниеге келсе де әрі олар бірдей әлеуметтік жағдайларда өссе де, олардың әлеуметтік ортасы да дәл сондай бір-біріне ұқсас бола бермейді (отбасындағы тұңғыш, екінші, кенже балалар мен жалғыз баланың ерекшеліктері туралы).
А.Адлердің теориялық тұжырымдамасы гуманистік психологияның қалыптасуына үлкен ықпал еткен әрі адамның әлеуметтік феномен ретіндегі бірегейлігі мен қайталанбастығы туралы жаңа идеялармен тұлғаның психотерапиясы мен психологиясын біршама байытты.