2. Бихевиористердің пікірінше тұлғаның қалыптасып дамуындағы әлеуметтену, тәрбиелеу және үйренудің маңызы. Бихевиористер, жеке тұлға бүкіл өмір бойына әлеуметтену, тәрбиелеу және үйренудің шамасына сәйкес қалыптасып дамып отырады деп есептейді. Алайда, адамның өмірінің ерте жылдарын өте маңызды деп қарастырады. Олардың пікірінше, қандай да болмасын білімдер, қабілеттердің, соның ішінде шығармашылық және рухани білімдердің негізі балалық шақта қалыптасады. Жеке тұлғада рационалды және иррационалды процестер тепе-тең берілген. Олардың қарама-қарсы қойылуында еш мағына жоқ. Барлығы мінез-құлықтың түрі мен күрделілігімен шешіледі (тәуелді). Бір жағдайларда адам өзінің мінез-құлқы мен әрекеттерін ұғынады, енді бір жағдайларда ұғынбайды.
Жеке тұлғаның мінез-құлықтың теориясына сәйкес, адам ырық бостандығынан мүлдем айрылған. Біздің мінез-құлқымыз сыртқы жағдайлармен төмендетілген. Біз өзімізді жиі жанды қуыршақтар (марионетки) сияқты ұстаймыз және мінез-құқымыздың неге апарып соғарын ұғынбаймыз, себебі үйренген әлеуметтік дағдылар мен рефлекстер ұзақ қолданудан автоматтанып кеткен. Адамның ішкі әлемі объективті. Ондағының бәрі де ортадан (среды) келген. Жеке тұлға толығымен мінездің көрінулерінде объективтенеді. Ешқандай да қасбет жоқ. Біздің мінез-құлқымыздың өзі жеке тұлға боп келеді. Жеке тұлғаның мінездік белгілері операционализация мен объективті өлшенуге беріледі.
Жеке тұлғаның бихевиористік теориясында жеке тұлғаның элементтері ретінде рефлекстер немесе әлеуметтік дағдылар жүреді. Нақты адамға тән әлеуметтік дағдылардың тізімі (яғни, қасиеттер, мінездемелер, жеке тұлға белгілері) оның әлеуметтік тәжірибесімен (үйренгендері) анықталады деп жорамалданады. Жеке тұлғаның қасиеттері мен адамның әлеуметті қоршаған ортаға талабымен сәйкес келеді. Егер сіз қайырымды, жанға жайлы жанұяда тәрбиеленсеңіз және сізді салмақтылығыңыз бен қайырымдылығыңыз үшін мадақтап отырған болса, онда сізде салмақты және қайырымды адамның қасиеттері болады. Ал, егер сіз мұңды және қайғылы адам болсаңыз, бұл жерде сіздің кінәңіз жоқ, қоғам мен тәрбиенің өнімісіз.
Бихевиористерде бекіту мәселесінің тек қана асқа әкеп тірелмейтінін баса айта кеткен жөн. Бұл бағыттың өкілдерінің пікірінше адам үшін бекітулердің өзінің экологиялық валидты иерархиясы болады. Бала үшін ас бекітуінен кейінгі аса күшті бекіту- белсенді бекіту (теледидар, видео көру), содан кейін- манипулятивті (ойнау, сурет салу), одан соң- поссесиональды (ағылшынша: possess - билеу) бекіту (әкесінің орнында отыру, мамасының көйлегін кию), ең ақыр соңында, әлеуметті бекітуі (мадақтау, құшақтау, жақтау т.б.) боп табылады.