З. Г. Жокушева экологиялық мониторинг



бет12/77
Дата02.02.2022
өлшемі434,5 Kb.
#117018
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   77
Байланысты:
ekologiyaly monitoring

Жұмыстың тақырыбы: Атмосфера ластануының кешенді көрсеткіші

Жұмыстың мақсаты: Атмосфералық ауаның ластануының кешендікөрсеткішімен, қатер сыныптарымен, негізгі ауа ластағыштарымен таныстыру, «Пчелка» аппаратының көмегімен күкірт диоксидін, азот диоксидін анықтау әдістерін меңгерту.

Құрал-жабдықтар: Ауаны соруға арналған аспиратор, күкірт диоксидін, азот диоксидін, көміртегі диоксидін анықтауға арналған индикаторлық түтіктер

Сабақтың жоспары:

І. Зертханалық жұмысты орындау

ІІ. Бақылау сұрақтарына жауап беру

ІІІ. Блиц тест

ІV. Зертханалық жұмысты тапсыру
Жұмыс барысы

Атмосфералық ауадағы күкірт диоксидін, азот диоксидін, көміртегі диоксидін анықтау

1. Азот диоксидін анықтау:

1.1. ТИ [NO2-0,05] индикатор түтігінің екі шетін де ашамыз;

1.2. Ауа сорғыш аспиратордың (НП-3М) ұясына индикатор түтігінің маркерленбеген шетін жалғаймыз;

1.3. «100» санына келтіре отырып индикатор түтігі арқылы аспиратормен 200-400 см3 ауаны өткіземіз;

1.4. Азот диоксидінің концентрциясын өлшейміз:

- Индикатор түтіктің түсі өзгерген шекарасын «0» шкаласына теңестіреміз;

- Егер индикатор түтіктегі ұнтақтың бастапқы және реакцияласқан қабаты түстерінің шектері анық байқалмаса, өлшеуді төменгі және жоғарғы шектерден жүргізіп, орташасын аламыз;

- Индикатор түтіктегі ұнтақтың түсі ақтан қоңыр қызыл түске өзгеруі азот диоксидінің болуын дәлелдейді.

Азот диоксидінің жұмыс зонасындағы шекті мөлшердегі концентрациясы 2мг/м3.

2. Көміртегі диоксидін анықтау:

2.1. ТИ [СО2 2,0%] индикатор түтігінің екі шетін де ашамыз;

2.2. Аспиратор (НП-3М, АМ-5) ұясына индикатор түтігін жалғаймыз;

2.3. «100» санына келтіре отырып, индикатор түтігі арқылы аспиратормен 100-300см3 ауаны өткіземіз;

2.4. Көміртегі диоксидінің массалық немесе көлемдік концентрциясын анықтаймыз. Ол үшін:

- Индикатор түтіктің түсі өзгерген шекарасын «0» саны шкаласына теңестіреміз;

- Егер индикатор түтіктегі ұнтақтың бастапқы және реакцияласқан қабаты түстерінің шектері анық байқалмаса, өлшеуді төменгі және жоғарғы шектерден жүргізіп, орташасын аламыз;

- Индикатор түтіктегі ұнтақтың түсі ашық күлгіннен (сиреневый) қанық күлгін (фиолетовый) түске өзгеруі көміртегі диоксидінің болуын дәлелдейді.

3. Күкірт диоксидін анықтау:

3.1. ТИ [SO2 – 0,13] индикатор түтігін және ТФ- SO2 фильтрлі түтіктердің екі шетін де ашамыз;



Ескерту: өлшеу алдында фильтрлі түтік арқылы анализденетін ауаның 300см3 көлемін өткізу керек. Фильтрлі түтікті 5-10 индикатор түтіктерінен артық қолдануға болмайды, фильтрлі түтікті арық қарай қолданатын болған жағдайда екі шетінен тығынмен жабу керек.

3.2. Резеңке тығынның кесіндісі арқылы фильтрлі түтіктің фильтрлеуші ұнтағы жағынан индикатор түтікті жалғаймыз. Индикатор түтіктің екінші шетін аспиратор (НП-3М, АМ-5) ұясына орналастырамыз.

3.3. «100» санына келтіре отырып индикатор түтігі арқылы аспиратормен 500см3 ауаны өткіземіз;

3.4. күкірт диоксидінің концентрациясын анықтаймыз, ол үшін:

- Индикатор түтіктің түсі өзгерген шекарасын «0» саны шкаласына теңестіреміз;

- Егер индикатор түтіктегі ұнтақтың бастапқы және реакцияласқан қабаты түстерінің шектері анық байқалмаса, өлшеуді төменгі және жоғарғы шектерден жүргізіп, орташасын аламыз;

- Индикатор түтіктегі ұнтақтың түсі күлгіннен ақ түске өзгеруі күкірті диоксидінің болуын дәлелдейді.

Күкірт диоксидінің жұмыс зонасындағы шекті мөлшердегі концентрациясы 10мг/м3. Атмосфералық ауадағы азот, күкірт, көміртегі диоксидтерінің мөлшерін автокөліктің түтінді газынан және ашық атмосферадан, зертхана бөлмесінен, қаладағы өндіріс орындары щоғырланған ауданнан анықтауға болады. автокөліктің түтінді газынан азот, күкірт, көміртегі диоксидтерінің мөлшерін анықтау үшін, қозғалтқышы жұмыс жасап тұрған автокөліктің түтін шығатын құбырына кең көлемді полиэтилен пакетін жалғастырып, пакет толғаннан кейін аузын буып алу керек. Аспираторға жалғанған индикатор түтігі арқылы осы пакеттегі түтінді газдың белгілі көлемі өткізіледі. Алынған мәліметтерді өзара салыстырып, келесі кесте түрінде жазуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет