Жұмыстың тақырыбы: Тағам өнімдерінің ластануы мен оның салдарлары
Жұмыстың мақсаты: Күнделікті тағам өнімдерінің ластану жолдары мен олардың адам денсаулығына зиянды әсерлері, көкөністер мен жемістердің нитраттармен ластануы, нитраттарды анықтау әдістемесімен таныстыру, алынған білім деңгейін жоғарылату
Құрал-жабдықтар: Кішкентай келі мен келісап; заттық шыны; дәке орамал; тығыны бар пенициллин шынылары; аптекалық тамызғыш; 5 мл-лік химиялық тамызғыш; скальпель; күкірт қышқылындағы 1%-тік дифениламин ерітіндісі; калибрлі сызық тұрғызуға арналған NаNO3 бастапқы ерітіндісі; дистильденген су; көкөністі қайнатуға арналған 0,5-1 л-лік отқа төзімді химиялық стақан; электр плиткасы; құрамында нитраттың мөлшері көп, сөлі түссіз болып келетін, әртүрлі көкөністер ( қырыққабат, қияр, асқабақ, картоп және т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |