З. С. Алканова, М. С. Комаева, Г. К. Сарсекова, М. А. Тусупова педагогикалы



Pdf көрінісі
бет5/84
Дата03.02.2023
өлшемі1,95 Mb.
#167355
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84
Байланысты:
З.С.Алканова

Кәсіби этика
-
қандай да болсын кəсіптік қызметтің шығармашылық 
негізгі тірегі болып табылады. Кəсіби этика идеалдар мен құндылықтардың 
өзіндік ерекшеліктері ретінде кəсіби мораль туралы ғылым, міндеттердің 
идеясы, этикалық принциптер мен өзін
-
өзі қажетті жағдайда ұстай білу 
нормалары туралы ғылым. Адамның өзін
-
өзі ұстай білуі сол кəсіптің мəн
-
мағынасын көрсетіп, жұмыс жасау процесінде байқалатын жəне олардың 
кəсіби қызметінің аясынан шығатын адамдар арасындағы қарым
-
қатынасты 
қамтамасыз етеді [
3].
Кəсіби этиканың қалыптасуы этика жайлы ғылыми теориялардың 
пайда болуына ықпал етеді, себебі бастапқыда сана құбылысы ретінде 
туатын кəсіби этика келешекте кəсіби топтардың мүшелері іс
-
əрекетінің мəн
-
мағынасын ашу жəне жүйелеу немесе жалпылау негізінде дамиды. Бұл 
жалпылау тек қана қызметтің мазмұны мен нəтижесіне ғана бағытталмай, 
сонымен қатар қызмет ету процесінде қалыптасатын қатынастарға да 
сонымен қатар жалпылау негізінде жасалынған шешімдерді де жүйеге 
келтіреді. Сонымен, кəсіби этика 
-
бұл тек кəсіби мораль туралы ғылым ғана 
емес, сонымен қатар кəсіби топтың адамгершілік сана
-
сезімі, оның 
идеологиясы жəне психологиясы жайлы ғылым.
Кəсіби этика жалпы этика сияқты жоспарлап ұйымдастырылмайды, ол 
адамның қызметімен байланысты күнделікті өмір сүру процесінде біртіндеп 
қалыптасады. Кəсіби этика белгілі бір қызмет түріне байланысты тарихи 
тəжірибе үрдісінде жинақталған білімді жүйеге келтіріп, толықтырады жəне 
белгілі бір қызметтің дамуына үлес қосады. Сондықтан кəсіби этика өзінің
қызмет түрімен ерекшеленіп, спецификалық белгілерді қамтитын жалпы 
мораль түрлері ретінде қарастырылады, яғни кəсіби моральды зерттейтін 
ғылыми пəн болып табылады. Белгілі бір қызметтің күнделікті тəжірибесінде
кəсіби этика мамандар тəртібінің нормаларынан көрініс табады. Кəсіби 
этиканың нормалары мамандықтың ішкі жəне сыртқы факторларының 


8
əсерінен өзгеру мүмкіндігіне ұшырайды. Олар уақыттың кез келген 
жағдайында мамандардың тəртібіне, іс
-
əрекетіне, қылығына əсер етеді. 
Кəсіби этиканың негізгі міндеттері маманды тұлға ретінде жəне жоғары 
білікті маман ретінде қалыптастыру жəне кəсіби міндеттерді толық жəне 
тиімді шешуге ат салысу мақсатында белгілі бір кəсіптің қызметкерлерінің 
санасына ықпал ету болып табылады. Жалпылай айтқанда кəсіби этика 
кəсіби қызметтің нақты түрлеріне бағытталған жалпы жəне теоретикалық 
этиканың нұсқауы болып табылады. 
Ал педагогикалық этиканың міндеттері мынадай:
1.
Педагог үшін этикалық ілімдердің эволюциясын ашу.
2.
Педагогтың рухани
-
адамгершілік құндылықтар мен өсиеттердің
адамгершілік педагогикалық əлеуеті.
3.
Педагогтың адамгершілік принциптер мен қағидаларды меңгеруіне
ықпал ету
.
4.
Педагогты оқушының адамгершілік тəрбиесін жүзеге асыруға
дайындау
.
5.
Педагогтың немесе студенттің болашақ педагог ретінде адамгершілік
мəдениетін дамытуға жəне өзін
-
өзі дамытуға ықпал ету
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет