34
тəрбиелеу де мүмкін емес.
8.
Оқу тəрбиесіне қатысу ретінде баланың досына айналу, оған қолдау
көрсету жəне көмектесу.
9.
Тұтастай ойлай білу. Жаңа ғасыр мұғалімі кері проблемалар мен
көңіл
-
күйді оңды дүниелерге айналдыра білу керек. Ондай мұғалім іс
жүзінде психолог болады.
10.
Педагогикалық еңбек мəдениетіне бағытталу
-
мұғалімнің тұтастай
дүниетанымын қалыптастыруға бағытталу.
11.
Тұлғаның денсаулығына,
психикасына, шығармашылыққа деген
ұмтылысына зиян келтірмеу.
12.
Тұлғаның дүниені тұтастай қабылдауына көмектесуі.
13.
Оқушының əр маңызды іс
-
əрекетте дұрыс таңдау жасауына
көмектесу.
14.
Оқыту əдістемелері жəне оқытудың жаңа технологияларымен жұмыс
істеу
.
Кəсіптік педагогикалық этиканың негізі адамгершілікте дейтін болсақ,
ол адамдарға əрдайым пайда келтіру, тəрбиеленушілердің рухани жəне дене
саулығы таза болып өсуіне жəрдемдесу арқылы көрінеді.
Десек те, мұғалім бейнесін көпшілік мақұлдаған ізгілікті жандардан
тұратын бейне бір стандартты, өзгермейтін модель ретінде елестетуге
болмайды. Адам баласына тəн нəрсенің барлығы мұғалімге жат емес. Алайда
болашақ жас педагогтар үшін өзін
-
өзі тəрбиелеудің кəсіптік
-
педагогикалық
өзіндік пайдалы сипаттарын білгені жөн. Педагогикалық қызметтің
ойдағыдай
болуының қажетті шарты
-
оқушыны жақсы көру. Балаларды
жақсы көрмей тұрып, оларды адамгершілік пен адалдыққа тəрбиелеу мүмкін
емес. Әрине, оқушыны жақсы көру, жеке басын сыйлау, мұғалімнің тағы
басқа да келелі қасиеттерімен толысып, тез үйлесімін тауып, толықтыра
түседі. Сонымен қатар ол
-
кəсіптік педагогикалық
этиканың тұлғалық
-
шығармашылық компоненті болып табылады.
Оқу
-
тəрбие ісін ұйымдастыруда тəрбиеленушінің жүрегін тебірентіп,
ой сезіміне əсер ету үшін:
-
педагог саяси сауатты, жан
-
жақты білімді болып, кəсіби
-
адамгершілік
құндылықтарын терең меңгеруі шарт;
-
оқу
-
тəрбие үрдісін жүргізу кезінде оқушының психологиялық ой
-
өрісінің
өсу, даму дəрежесін бақылай отырып жан саулығына, денсаулығына зиян
келтірмей, табиғатына үйлесімді жан
-
жақты жəрдемдесуі керек;
-
ұстаз өз бойындағы білімді оқушы жүрегіне еркін ұялата аларлықтай
əдіскерлік шеберлігі болуы қажет.
Мектеп пен ұстаз жəне
оқушылар
-
бір
-
бірінен ажырағысыз, тығыз
байланыста болады. Педагогтардың кəсіби этикасы талаптарының ең негізгісі
болып саналатыны
-
əр жекелеген оқушының игілігі үшін қамқор болу. Әр
нақтылы жағдайда бұл игіліктің неден белең алатындығын ұстаз өзі шеше
алуы тиіс, ол үшін шəкірттің жеке тұлғасына талдау жасау, оның сыныптағы
жағдайын білу, жанұядағы жəне оны қоршаған балалармен жəне
үлкендермен өзара қарым
-
қатынасын нақтылай білген жөн. Шəкіртінің жеке
35
тұлғалық дамуына ықпал ететіндей болуы тиіс. Мораль педагогтардан
тұрақты педагогикалық жұмыс ретін талап етеді. Педагогикалық іс
-
əрекеттің
маңызды өлшемі
-
оқушы туралы қамқорлық шаралары. Педагогтардың
шəкірттерінің игілігі үшін қамқорлық жасауы төрт аспектіге байланысты.
Олар: физикалық, интеллектуалдық, адамгершілік, рухани дамуын жетілдіру.
Шəкірттерінің физикалық дамуын жетілдіру
аясына оқушыларының
денсаулық жағдайына көңіл бөлу, мектептегі сабақ барысында жəне үй
тапсырмаларын орындауда əр оқушының физикалық жəне психикалық
тұрғыдан өзін
-
өзі тəрбиеленуіне себепші болуы тиіс.
Оқушылардың ақыл
-
ойын дамыту
-
мұғалімдер алдындағы маңызды
қызметтің бірі. Бұл талап педагогтарға өзінің негізгі əрекеті мен қосымша
жұмыстарының ара жігін толықтай ашып алудан басталады. Оқу уақытының
көп бөлігі осы міндеттерді шешуге жұмсалғаны жөн. Осы əрекеттерден келіп
шығатыны: əр шəкірттің алдына оқу міндеттеріне қатаң талап қою жəне
міндеттер деңгейінің баланың ақыл
-
ой деңгейімен бір мөлшерде болуы
ескерілуі шарт. Ол міндеттер аса жеңіл де емес немесе аса күрделі де
болмауы тиіс. Талаптардың тым босаң
болуы оқушылардың дамуының
деңгейін төмендетеді, тым жоғары болса жүйкеге салмақ түсуі ықтимал. Сол
себепті нақты баланың жас ерекшелігіне сай өлшемді ұстанған дұрыс.
Тəрбиеленушінің рухани
-
адамгершілік тəрбиесіне көңіл бөлу мəселесі
де ұстаздарға толағай міндеттер жүктейді. Бұл арада тек əрекетке педагог
қана енуі тиіс десек қателесеміз, қосымша жауапкершілікті ата
-
аналар алады.
Бұл қызметке басшылық жасай отырып, ұстаз шəкіртіне моральдық зиян
келтірмеу жағын ойластырғаны дұрыс. Адами қасиеттер сапасын
шəкірттеріне дарытуда ерекше жетістіктерге ие болатын ұстаздар өздерінің
күнделікті əрекетінде бұл үрдісті дағдыға айналдырғандар. Бұл ұстаздардың
бойындағы сапалық қасиеттер: ұқыптылық, сыпайылық,
адам жетістігін
бағалай білу, жауапкершілік, көмек көрсетуге даяр болу, шыдамдылық,
патриотизм, шынайылық. Кəсіптік педагогикалық этиканың тұлғалық
-
шығармашылық компоненті ретінде болашақ педагог өз бойында да,
адамгершілік құндылық сапасы ретінде оқушысының бойына да осыларды
қалыптастыра білуі жөн.
Достарыңызбен бөлісу: