З. С. Советова Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым



Pdf көрінісі
бет61/97
Дата11.10.2023
өлшемі5,46 Mb.
#184786
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   97
Байланысты:
Академ

 
құрастырылады.
Конспект
– автордың маңызды ережелері мен тұжырымдарының толық 
мазмұндамасы. Жарияланым авторының көзқарасы бойынша анықтамалар, 
жаңа мәліметтер, қандай да бір мәселелер және оларға келтірілген дәлелдер, 
сандық деректер, сондай-ақ ғылыми жұмыс үшін пайдаланылуы мүмкін 
барлық нәрселер қысқаша және дәл жазылады. Сонымен қатар конспектіде 
курстық жұмысты және дипломдық жобаны, баяндаманы немесе мақалаларды 
жазу кезінде пайдаланылған дереккөзге сілтеме жасау үшін қажетті ақпарат 
қамтылған басылым беттерінің нөмірлерін көрсету ұсынылады. 
Кітаптардан алынған үзінділер дәл болуы тиіс. Егер автордың ойын 
бұрмалаусыз беру қажет болса, онда сөзбе-сөз үзінді жасалады. Студент 
өзінің ғылыми жұмысында мұндай жазбаларды пайдаланған жағдайда оның 
алынған дереккөзін дәл жазып сілтеме, яғни оның МЕМСТ бойынша 
библиографиялық сипаттамасын беру және алынған беттердің нөмірлерін 
көрсету қажет. Егер жарияланымды мұқият пысықтаудың қажеті болмаса, 
онда оның жоспарын немесе рефератын жасауға болады. Кітаптың жоспары 
оның мазмұны болып табылады. Мәтін көлемі бойынша кіші рефераттау 
кезінде жарияланымдағы негізгі ережелер мен қорытындылар қысқаша 
баяндалады. Кейбір оқырмандар кітаппен жұмыс істегенде маңызды немесе 
даулы жағдайларға, тұжырымдар мен дәлелдерге назар аударып, мәтіннің 
үстіне сызып әртүрлі белгілер жасайды. Бұлай жасаудың еш дұрыс еместігін 
айта кеткен жөн. Яғни кітапханадан алынған кітапты сызып, бүлдіруге 
болмайды. Сондықтан кітапхана басылымымен жұмыс жасағанда, қажетті 


116 
ақпаратты тез табуға көмектесетін жазулары бар бетбелгілерге жүгінген жөн. 
Ақпаратты жинау тәсілдерінің бірі – газеттер мен журналдардың кесінділері. 
Әрбір тілікте пайдаланылған жарияланымға сілтеме жасау үшін дереккөзді 
(газеттің немесе журналдың атауын, жылын, нөмірін, шығарылған күнін) 
көрсету қажет. Кесінділерді жүйелеу үшін картотекалар немесе тізім жасауға 
және оларды тақырыптық папкаларға бөлуге болады. 
Белгілі бір тақырып бойынша білім жинақтаудың алғашқы кезеңдерінде 
ғылыми ақпаратты іздеудің тиімді тәсілдерінің бірі – тәжірибелі әріптестермен 
тікелей байланыс. Мысалы, егер жас ғалымның зерттеу тақырыбы ғылыми 
жетекші қызметінің тақырыбына байланысты болса, онда дипломдық жоба 
немесе диссертация бойынша ақпарат іздеуге кірісе отырып, ең алдымен, оның 
негізгі еңбектерін қарап шыққан абзал. Яғни бұл, ең алдымен, танысуы керек 
деректердің айтарлықтай тізімін береді. Зерттеу тақырыбы бойынша 
монографияларды, 
диссертацияларды 
және 
диссертациялардың 
авторефераттарын қараған дұрыс, осы дереккөздердің әдебиеттер тізімінде 
зерттеу жұмысы үшін пайдалы көп нәрсе табуға болады.
Тағы бір кеңес – әріптестеріңізден зерттеу тақырыбы бойынша соңғы 
шолулар туралы және қызықтыратын бейіндегі мақалаларды жариялайтын 
негізгі журналдар (басылымдар) туралы сұраңыз. Белгілі бір тақырып 
бойынша негізгі ақпаратты жинақтайтын журналдар аз болып келеді немесе 
дәл осы тақырып бойынша шыққан мақалалар әртүрлі журналдарда болуы 
мүмкін. Осылайша, ақпаратты іздеу міндеті негізгі журналдарды немесе басқа 
да дереккөздерді мүмкіндігінше ертерек анықтап алып, олардың 
жарияланымдарын мұқият талдауға негізделеді. Алайда ғылымда зерттеушілер 
және зерттеушілер топтары арасында бәсекелестік бар екенін де ескеру қажет, 
бұл өздері жетекшілік ететін журналдар мен жинақтардың тақырыптарында 
көрініс табуы мүмкін. 
Ғылыми ақпаратты іздеу тұрғысында бейінді конференциялар мен басқа 
да іс-шараларға қатысу өте пайдалы. Осындай іс-шараларға қатыса отырып, 
материалдың авторлық мазмұнын естіп, тақырып бойынша зерттеушілермен 
танысу және мамандардан кеңес алу мүмкіндігі болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет