Заң дегеніміз адамдардың тәжірибесін қоғам игілігіне пайдаланатын адамдық даналылықтың жоғарғы көрінісі. С. Джонсон


Топтарды жаңа оқу жылына дайындық сайысы туралы ереже



бет2/2
Дата05.11.2016
өлшемі481,77 Kb.
#601
1   2

Топтарды жаңа оқу жылына дайындық сайысы туралы ереже


БЕКІТЕМІН:

№7 «Еркетай» МДҰ меңгерушісі

Сарсенгалиева М.Т.

бұйрық № «__» _________ 2013 ж.


І. Сайыс мақсаты мен міндеттері.

1.1. Балалардың жас ерекшеліктері мен жеке қабілеттерін ескере отырып, олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау.

1.2. Жаңа жылға дайындық барысында ұстаздар, тәрбиешілер және тәрбиеші көмекшілерін ынталандыру.

1.3. Ұстаздар, тәрбиешілер, ата-аналар және тәрбиеші көмекшілерін бала тәрбиесінде ынтымақтастыққа шақыру.



ІІ. Сайысқа қатысушылар.

2.1. Сайысқа ұстаздар, тәрбиешілер, тәрбиеші көмекшілері қатысады.



ІІІ. Сайысты өткізу мерзімі.

Топтарды 14. 08. 2013 дайындау.

Қорытындылау.

ІV.Топтарды бағалау критериялары.

Сайыс барысында әділқазы бағлайды:



4.1. Топтардың жағдайы:

  • Топтарды безендірудегі инновация;

  • Безендіру эстетикасы;

  • Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігі;

  • Заттың қол жетімділігі, шапшаңдығы (мобильность);

  • Жиһаздардың маркировкасы.

4.2. Санитариялық- гигиеналық тәртіптің сақталуы:

  • Тамақтану кезіндегі үстелді сервировкалау (салфетка салатын, нан салатын)

  • Ойыншықтарды жуу (тазик, клеенка, хозмыло, щетка, ыдыс)

  • Жас ерекшеліктеріне қарай балалар кезекшілігі;

  • Закаливание.

4.3. Балалардың денсаулығы мен өмір қауіпсіздігін қорғауын қамтамасыз ету:

  • Балаларға алғашқы көмек көрсету;

  • Бала жарақаттануын сақтауға жағдай жасау (әйнек, ұшты заттар, жиһаздың мықтылығы)

4.4. Сауықтыру жұмысы және физикалық дамуын ұйымдастыру:

  • Ұйқыдан тұрғаннан кейінгі және тәңертеңгі гимнастика;

  • Алаңдағы қозғалыс ойындар картотекасы;

  • Қозғалыс ойындарына арналған құралдар (доп, скакалка, обруч, кегли, т.б.)

4.5. Жұмыс жоспары:

  • Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай оқыту- тәрбиелеу жұмысын жоспарлау;

  • Ата-аналармен жұмыс.

4.6. Оқыту-дамыту ортасының жағдайы:

  • Кітаптар жинағы;

  • Көрнекіліктер (альбомдар, кестелер, суреттер)

  • Тіл дамытужәне тілдің дыбыстық мәдениеті бойынша жеке жұмыс;

  • Ойын жабдықтары (сюжеттік-рөлдік ойындар атрибуты, ойыншық, қуыршақ)

  • Құм ойыншықтары (шелек, совок, машина)

  • Интеллектуалдық ойындар (түс, көлем, форма)

  • Отырып ойнау (мозаика, шашка, кубик)

  • Логикалық ойындар (кроссворды, головоломки)

  • Құрастыру ойындар (лото, құрастыру)

  • Шығармашылық жұмысына арналған бейнелеу құралдары (қарындаш, фломастер, гуашь, ермексаз, бояу, қайшығ желім)

  • Қол еңбегіне арналған құралдар: табиғи: (шишки, жапырақтар,пух, жіп, пластиковый бутылка)

  • Экологиялық тәрбие беру құралдары (табиғат бұрышы, гүл, өсімдік, балалар сурет, гербарии, живой уголок)

  • Халықтардың мәдениеті, әдет-ғұрыптарымен танысу (символика, көркем әдебиет, национальный киінген қуыршақ)

  • Музыка құралдары (домбыра, гитара және т.б.)

4.9. Ата-аналармен жұмыс:

  • Ата-аналарға арналған бұрыш (күн тәртібі, сабақ кестесі, кеңестер, балалар туралы ақпарат)

  • Қозғалмалы папка( қоршаған орта, жол тәртібі, тамақтану, тәрбие, жадынама)

4.10. Ғылыми және әдістемелік әдебиет жиынтығы (сөздіктер, энциклопедия)

4.11. Топтың алаңы (бақша, гүл отырғызу)

V. Әділқазы алқасы.

Балабақша меңгерушісі бекіткен ұстаздар ұжымынан сайланады.



VІ.Сайысты қорытындылау. Марапаттау.

5-балдық жүйемен топтардың жұмысы бағаланады.

ҚАБЫЛДАНДЫ: БЕКІТЕМІН:

Жалпы атааналар жиналысында №7 «Еркетай» МДҰ-ң меңгерушісі

«____»________ 2013 жыл Сарсенгалиева М.Т.

«____»________ 2013 жыл



Жалпы балабақша бойынша ата-аналар жиналысы туралы ереже
1. Жалпы ережелер.

1.1. Осы ереже жалпы балабақша бойынша ата-аналар жиналысының қызметін реттейді.

1.2. Жалпы балабақша бойынша ата-аналар жиналысы өз қызметінде ҚР Конституциясын, ҚР «Білім туралы» Заңын, ҚР Үкіметінің басқа да заңдарын, қаулылары мен жарлықтарын, ҚР Президентінің жарлықтары мен бұйрықтарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының нормативтік-құқықтық актілерін, осы ережені басшылыққа алады.

2. Негізгі мақсаттары.

2.1. Білім беру мекемесін өзін-өзі басқарудың басында басқару.

2.2.Тәрбие үрдісінің тұтастығын қамтамасыз ету мақсатында отбасының, білім беру мекемесінің, қоғамның байланысын нығайтуға жәрдемдесу.

2.3.Балабақшаның қызмет ету тәртібіндегі өзгерістер, жаңа енгізілімдер туралы ата-аналарды хабардар ету.

2.4.Төтенше жағдайларды, күрделі немесе тартысты жағдайларды талқылау.

2.5.Балабақшаның өмірінің әртүрлі мәселелері бойынша ата-аналардың пікірін есепке алуды талап ететін шешімдерді қабылдау.



3. Негізгі міндеттері.

Жалпы балабақша бойынша ата-аналар жиналысы:

3.1. Білім беру мекемесі мен отбасыға тәрбиеленушілерді тәрбиелеуде жәрдемдеседі.

3.2. Ата-аналар қоғамын білім беру мекемесінің өміріне, жалпы балабақша іс-шараларды ұйымдастыруға белсене қатысуға тартады.

3.3. Тәрбиеленушілердің ата-аналары (заңды өкілдері) арасында олардың құқықтары мен міндеттері туралы түсіндіру және кеңес беру жұмыстарын өткізуге жәрдемдеседі.

3.4. Білім беру мекемесінің тәрбиеленушілерінің ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) баланың жанұяда жан-жақты тәрбиеленуінің мәнін түсіндіру бойынша жұмыс жасауды ұйымдастыруға жәрдемдеседі.

3.5. Білім беру мекемесінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға жәрдемдеседі.

3.6. Басқа да міндеттерді жүктелген қызметке сәйкес орындайды.



4. Құқықтары

Жалпы балабақша бойынша ата-аналар жиналысының құқықтары:

4.1. Басшылыққа және білім беру мекемесінің өзін-өзі басқарудың басқа да органдарына тәрбиеленушілерді оқыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу және оларды қарастырудың нәтижелері туралы ақпарат алу.

4.2. Білім беру мекемесінің басшылығынан, өзін-өзі басқару органдарынан білім беру мекемесінің жұмысы туралы ақпаратты алу және тыңдау.

4.3. Білім беру мекемесімен бірге қызмет ететін басқа да органдардың өкілдерінен білім беру мекемесіндегі оқу-тәрбие, қаржы, шаруашылық үрдістерінің мәселелері бойынша ақпаратты тыңдау және алу.

4.4. Қарастырылатын өтініштер бойынша түсініктеме беру және шаралар қабылдау.

4.5. Білім беру мекемесі үшін бюджеттен тыс ақша қаражаттарын тартуға қатысу.

4.6. Білім беру мекемесінің басшыларының мектептің жұмысы туралы есептерін тыңдау және білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша ақпаратты қабылдау.

4.7. Бюджеттен тыс ақша қаражаттарының жұмсалуы туралы есептерді тыңдау.

Жүктелген қызметке сәйкес басқа да құқықтарға ие.


5. Жауапкершілігі.

5.1. Жалпы балабақша бойынша ата-аналар жиналысы құрамына кіретін мүшелері атынан жүктелген міндеттердің орындалмауына немесе тиісті түрде орындалмауына жауапты.



6. Жұмысты ұйымдастыру.

6.1. Жалпы балабақша бойынша ата-аналар жиналысы өзінің құрамынан ата-аналар жиналысының өткізілу уақытында таңдалып алынатын төрағаны (ата-аналар жиналысының кез келген мүшесін), хатшыны таңдап алады.

6.2. Жалпы балабақша бойынша ата-аналар жиналысы жылдық жоспары бойынша жұмыс жасайды.

6.3. Жалпы балабақша бойынша ата-аналар жиналысының шешім шығару өкілеттігі бар. Шешімдер қарапайым көп дауыс жинау жолымен қабылданады.

Шешім барлық ата-аналардың назарына жеткізіледі.

6.4. Шешімдердің орындалуын бақылау ата-аналар кеңесі мен басшыға жүктеледі.

6.5. Жалпы мектеп бойынша ата-аналар жиналысы жылына екі реттен кем емес өткізіледі.

7. Іс-қағаздарын жүргізу.

7.1. Жалпы балабақша бойынша ата-аналар жиналысының отырыстары хаттамамен рәсімделеді. Хаттама кітабында отырыста тыңдалатын мәселелердің талқылану барысы, ұсыныстар мен ескертулер жазылады.

7.2. Хаттамаларға төраға мен хатшы қол қояды. Хаттамалардың нөмірленуі оқу жылының басынан бастап жүргізіледі.

7.3. Жалпы балабақша бойынша ата-аналар жиналысының хаттамалар кітабының беттері нөмірленіп, бауланып, меңгерушінің қолы қойылып, мөрмен бекітіледі.



8. Өзара қарым-қатынастар.

8.1. Жалпы балабақша бойынша ата-аналар жиналысы өз жұмысында өзін-өзі басқару органдарымен және меңгерушімен өзара әрекет жасайды.



КЕЛІСІЛДІ: БЕКІТЕМІН:

Кәсіподақ ұйымының төрайымы №7 «Еркетай» МДҰ-ң меңгерушісі

Бердешова А. Сарсенгалиева М.Т.

«_____» ______ 2013 ж «_____» _________ 2013 ж


ҚАБЫЛДАНДЫ

Педагогикалық кеңесте



Хаттама №___ «___» ______ 2013 ж.
Шығармашылық топ туралы ереже


  1. Жалпы ереже.

    1. МДҰ-ң шығармашылық тобы- мұғалімдердің кәсіптік жағынан өзара шығармашылықтарын дамытатын, материалды зерттеп, жетілдіретін, қорытындылайтын гіп жұмыс істеу тобы.

    2. Өз жұмысында шығармашылық топ ҚР «білім туралы» Заңын, «Мектепке дейінгі оқыту және тірбие» ережесін, МДҰ Жарғысын және аталмыш ережені басшылыққа алады.

  2. Шығармашылық топтың мақсаты мен міндеттері.

    1. Шығармашылық топтың негізгі мақсаты- мұғалімдердің өзара қарым-қатынасын нығайту шығармашылық белсенділігін дамыту, кәсіптік шеберліктерін шыңдау.

    2. Мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қабылданады:

  • Оқыту және тәрбиелеу барысындағы мәселелерді шешу, инновациялық әдіс тәсілдерді меңгеруде бір-біріне көмек көрсету;

  • Жаңа педагогикалық әдістерді, технологияларды, дидактикалық материалдарды және т.б. құру, апробациядан өткізу, жетілдіру, тарату;

  • Тәрбиешілердің оқыту әрекетінің әртүрлі түрінде мұғалімдердің процеске белесене қатысуы.

  1. Шығармашылық топтың әрекетін ұйымдастыру.

    1. МДҰ-ң және мұғалімдердің еркі бойынша шығармашылық топ құрылады. Оның әрекеті осы ереже және жоспар бойынша жүргізіледі.

    2. Шығармашлық топқа әртүрлі жастағы,әртүрлі педөтілі бар, бір мәселе бойынша немесе қызығушылығы бойынша біріккен мұғалімдер енеді.

    3. Шығармашылық топ 1 жылға жоспар құрады.

    4. Шығармашылық топ жетекшісі болып ұжымды ұйымдастыра алатын, қаралатын мәселені немесе әдістерді жетік білетін мұғалім бола алады. Жетекші тақырыпты сараптайды, әдістерді таңдайды, материалды жүйелейді және қорытындылайды, ұсыныс пен талқылауға салады.

    5. Шығармашылық топтың әрбір мүшесі белгілі тақырып бойынша жұмыс жасайды. Олар жетекшінің тапсырмасын орындайды.

    6. Шығармашылық топ отырысы 1 айда 1 рет өтеді.

    7. Шығармашылық топ жетекшісі 1 жылда 2 рет топ жұмысы бойынша есеп береді.

  2. Шығармашылық топтың мүшелерінің жауапкершіліктері.

    1. Топ мүшесінің құқығы бар:

  • МДҰ-ң жұмыс жоспарына және даму бағдарламасына шығармашылық топтың жоспарын енгізуіне;

  • МДҰ әкімшілігінен ғылыми, материалдық және шығармашылықты қамтамасыз етуге көмек сұрауға;

  • Педагогикалық инновацияларды эксперименттеуге;

    1. Топ мүшесінің міндеттері:

  • Өзара көмек беруге және өзара оқытуға;

  • Өз жұмысында берілген әдіс-тәсілдермен шығармашылық процесті ұйымдастыруға.

    1. Топ мүшесі жауапты:

  • Шығармашылық топтық құжаттарын сапалы дайындалуына;

  • Шығармашылық топтың үнемі жүйелі жүруіне;

  • Эксперимент қорытындысы бойынша есеп беруге.

«ҚАБЫЛДАНДЫ»: «БЕКІТЕМІН»:

Жалпы ұжым жиналысында №7 «Еркетай» МДҰ меңгерушісі

Хаттама № М.Т.Сарсенгалиева

«____» ___________ 2013 ж. «____» ___________ 2013 ж.

МДҰ-ң оқыту- тәрбиелеу әрекетін ішкі бақылау жүргізу

ЕРЕЖЕСІ


  1. Жалпы ереже.

Аталмыш ереже ҚР «Білім туралы» Заңына, «Мектепке дейінгі ұйым туралы ережеге», балабақша Жарғысына сәйкес №7 «Еркетай» мектепке дейінгі ұйымына арналып жасалған.

Ішкі мониторинг балабақшаның оқыту-тәрбиелеу процесін бақылаудың бірден-бір жүйесі. Ішкі бақылау дегеніміз балабақша әкімшілігінің немесе арнайы құрылған комиссияның бақылауы болып табылады. Бақылау оқыту-тәрбиелеу жұмысын диагностикалауға, жалпы мониторинг жасауға көмек береді.



Ішкі мониторингтің негізгі мақсаттары:

  • Жұмыс мақсатының ауытқушылығын анықтау;

  • МДҰ-ң болашаққа мақсаты қоюын анықтау;

  • МДҰ жұмысын жетілдіру;

  • Педагогикалық қызметкерлердің профессионалдық шеберліктерін көтеру;

  • Білім сапасын жақсарту;

  • Тамақтану сапасын жақсарту.

Ережеге толықтыру мен өзгертулер жалпы ұжым жиналысында қаралады, меңгеруші бекітеді. Аталмыш ереже мерзімі шексіз және жаңа ереже қабылданғанша істе.

  1. Негізгі міндеттер:

    1. Оқыту-тәрбиелеу проуесін бақылаудың негізгі міндеттері:

  • ҚР Заңын орындалуын бақылау;

  • МДҰ жұмысын реттейтін локальды актілердің орындалуын бақылау;

  • Анықталған олқылықтарды жою;

  • Педагогикалық қызметкерлердің әрекеттерінің тиімділігіне сараптама және экспеттік баға беру;

  • Педагогикалық процес нәтижесінің жағымды және жағымсыз қорытындыларын анықтау және соны жоюға әрекет жасау;

  • Бұйрықтардың орындалуын қорытындылау;

  • Педагогикалық қызметкерлерге әдістемелік көмек беру;

  1. Ішкі мониторинг функциялары.

    1. Балабақша меңгерушісінің бұйрығымен жасауапты адамдар бақылау жүргізеді: меңгеруші, медбике, шаруашылық меңгерушісі, тәрбиешілер, кәсіподақ ұймының төрайымы, есепші.

    2. Ішкі мониторинг жылдың басында бекітілген бақылау кестесімен жүзеге асырылады. Бақылау түрлері: шұғыл, тақырыптық, қорытынды.

  2. Ішкі мониторингті басқаруды ұйымдастыру.

    1. Балабақша меңгерушісінің бұйрығымен жасауапты адамдар бақылау жүргізеді.

    2. Ішкі мониторинг жылдық жоспардың бір бөлігі болып табылады.

    3. Болатын бақылау туралы меңгеруші бұйрық шығарады, мерзімі, тақырыбы, жауапты адам бекітіледі.

    4. Ішкі мониторингке негіз болады:

  • Аттестацияға педагогикалық қызметкердің берген өтініші;

  • Мониторинг кестесі;

  • Балабақша меңгерушісінің бұйрығы;

  • Физикалық немесе жеке тұлғаның өтініші;

    1. Тақырыптық тексерістің мерзімі 5-10 күннен аспауы керек және 5 сабаққа қатысу, күн тәртібі мен басқа да шараларды тексеру.

    2. Тексеріс барасында анықталған кемшіліктер балабақша меңгерушісіне хабарланады.

    3. Тақырыптық тексеріс туралы қызметкерлерге 2 апта бұрын айтылады.

    4. Шұғыл тексеріс туралы қызметкерлерге айту міндет емес. Ата-анадан түскен өтініш, жұмыс кестесін бұзу және т.с.с. бұзушылықтар экстренний жағдай болып саналады.

    5. Тексеріс соңында анықтама жазылады. Анықтамада фактілер, қорытындылар, ұсыныстар беріледі.

4.10.Өткен тексеріс қорытындысы жұмысшыға 7 күн ішінде жеткізіледі.

4.11.Бақылаудың мақсатына,міндеттеріне,түріне қарай қаралады:



  • Педагогикалық кеңесте, жалпы ұжым жиналысында;

  • Кемшіліктер мен ұсыныстар нормативтік құжаттарда тіркеледі;

4.12.Балабақша меңгерушісі мониторинг қорытындысы бойынша келесі шешімдер қабылдайды:

  • Бұйрық шығару;

  • Жұмысшыға тәртіптік жаза беру;

  • Жұмысшыны мадақтау.

  1. Ішкі мониторингке қатысушының құқығы.

    1. Тексерушінің құқығы:

  • Педагогикалық қызметкердің лауазымдық міндеттерімен танысу, жеке құжаттарын қарау;

  • Педагогикалық қызметкердің сабақтарына, өткізген шараларына қатысу, жұмыс үстінде бақылау жүргізу;

  • Алынған ақпаратпен жұмыс жасау;

  • Социологиялық, психологиялық зерттеу жұмысын ұйымдастыру;

  • Қорытынды жасап, шешім қабылдау.

    1. Тексерілетіннің құқығы:

  • Бақылау жүргізілетін мерзімді білу және оны бағалау критерияларымен танысу;

  • Жүргізілетін тексерудің мақсаын, мазмұнын, әдістерін білу;

  • МДҰ-ң кәсіподақ ұйымының комиссиясына шағымдану;

  1. Жауапкершілік.

    1. Бақылау комиссиясының мүшелері әрбір айтылған фактілердің, кестелердің шыншайы болуына жауапты.

  2. Хаттама.

    1. Бақылау бойынша қорытынды анықтама төмендегідей бөліктерден тұрады:

  • Бақылау түрі;

  • Бақылау тақырыбы;

  • Бақылау мақсаты;

  • Бақылау мерзімі;

  • Комиссия құрамы;

  • Бақылау қорытындысы (тексерілген шаралар, құжаттар және т.б.)

  • Жағымды жағы;

  • Кемшіліктер;

  • Қорытынды;

  • Ұсыныстар;

  • Комиссия мүшелерінің қолдары;

  • Тексерілушінің қолы.

    1. Шұғыл бақылау бойынша тексерілушімен жеке әңгіме жүргізіледі. Қажет болған жағдайда педкеңеске, жалпы жиналысқа ақпарат дайындалады.



Әдістемелік кабинет туралы Ереже

  1. Жалпы ереже.

    1. Әдістемелік кабинет (кейін-ӘК) әдістемелік жұмыстың, озық педагогикалық тәжірибені жинақтаудың, жалпылау мен таратудың орталығы, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесі құрамдастарының бірі болып табылады.

    2. ӘК тікелей әдіскердің басшылығымен жұмыс жасайды.

    3. ӘК-ң жанынан әр түрлі бағыттар бойынша әдістемелік бірлестіктер, белгілі бір проблемаларды шешу үшін шығармашылық топтар, зерттеуші ұжымдар және педагогтардың басқа да бірлестіктері құрылулары мүмкін.

    4. Әдістемелік бірлестіктер мен шығармашылық топтардың қызметін үйлестіру мақсатымен әдістемелік кабинеттің жанынан Әдістемелік кеңес құрылады.

    5. МДҰ ӘК жоғары тұрған ұйымның ӘК-мен, зерттеушілік, тәжірибелік- эксперименттік қызметке ғылыми басшылықты қамтамасыз ететін орта, жоғары оқу орындарымен, педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттырумен және қайта даярлаумен айналысатын мекемелермен өзара әрекеттеседі.

    6. ӘК өз қызметінде ҚР-ның 27.07.2007 жылғы №319-ІІІ «Білім туралы» Заңын, «Білім берудің мектепке дейінгі қйымдары қызметінің Үлгі ережелерін» (ҚР Үкіметінің 21.12.2004 жылғы №1353 қаулысымен бекітілген), БҒМ, білім департаментінің, аудандық білім бөлімінің бұйрықтарын, осы Ережені басшылыққа алады.

  2. Қызметтің мақсаты мен міндеттері.

    1. ӘК қызметінің мақсаты- білім беру- тәрбие үдерісін оқу- әдістемелік, ақпараттық, диагностикалық қамтамасыз ету.

    2. ӘК міндеттері:

  • Педагогикалық кадрлардың кәсіптік деңгейін арттыру, педагогтарды оқыту мен тәрбиелеу сапасына, жаңашылдыққа, шығармашылыққа уәждеу;

  • Олар бойынша оқыту- тәрбиелеу үдерісі жүзеге асырылатын оқу- әдістемелік құжаттардың (мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің стандарттары, мемлекеттік білім беру бағдарламалары, әдістемелік құралдар және басқалар) ақпараттық қорын жасау, жүйелеу және ұстап отыру;

  • Педагогикалық мәдениет пен еңбекті ғылыми ұйымдастыруды қалыптастыру.

  1. Қызметінің негізгі бағыттары:

    1. Педагогтар туралы мәліметтер қорын жасау: біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан, проблемалық курстардан өтуі, педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау, озық педагогикалық тәжірибені айқындау, зерделеу, жалпылау мен тарату.

    2. МДҰ-ң даму режимінде қызмет атқаруын ұйымдастыру үшін жоспарлау- болжамдау қызметін жүзеге асыру.

    3. Педагогтардың ақпараттық, оқу-әдістемелік және білім берушілік қажеттіліктерін қамтамасыз ету.

    4. Тәжірибелік- экспеименттік (зерттеушілік) қызметтің бағыттарын белгілеу, инновациялық жұмыстың негізгі бағыттары бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу, педагогтарға инновациялық педагогикалық технологияларды, оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін, формалары мен құралдарын қолдану жөнінде көмек көрсету; тәжірибелік- эксперименттік жұмыстың жай-күйіне мониторинг.

    5. МДҰ мамандарының қызметін зерттеу, бақылау және талдау жасау, сұратуларды диагностикалау және педагогтардың әдістемелік қиналушылықтарына түзетулер енгізу, жас мамандардың педагогикалық шеберлігін арттыру мен жетілдіруіне жәрдемдесу.

    6. МДҰ педагогикалық үдерісінің нәтижелілігіне баға беру.

    7. Педагогикалық әдістемелік қызметті әдістемелік бірлестіктер, шығармашылық топтардың жұмысы арқылы ұйымдастыру, конференциялар, семинарлар, педагогикалық оқулар, кеңестер, сайыстар және т.б. өткізу.

    8. Оны көрнекті құралдармен, дидактикалық материалдармен, оқытудың техникалық құралдарымен, ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен жарақтандыру жолымен педагогикалық үдерістің материалдық- техникалық базасымен әдістемелік қамтамасыз етілуін жетілдіру.

    9. МДҰ қызметін жопарлауға, педагогикалық кадрлардың үздіксіз білім алуын ұйымдастыруға қатысу.

    10. Тәрбиеленушілердің даму деңгейіне диагностика өткізуде, дамытудың жеке жоспарын әзірлеуде педагогтарға ақпараттық және әдістемелік қолдау көрсету.

  2. Құқықтары мен міндеттері.

    1. ӘК:

  • Әдістемелік ұсынымдарды, бақылау- диагностикалық және дидактикалық материалдарды әзірлеуге және таралымдауға;

  • Әдістемелік материалдарды журналдарға жариялау үшін дайындауға;

  • Педагогтардың зерттеушілік, тәжірибелік- эксперименттік қызметін ұйымдастыру мен демеуге көмектесуге құқылы;

    1. ӘК:

  • Әдістемелік қызметтер көрсетудің сапасын қамтамасыз етуге;

  • Өз қызметін бекітілген жұмыс жоспарына сай жүзеге асыруға;

  • Өз қызметін педагогикалық кеңеспен келісуге;

  • Өз қызметіне үнемі талдау жасап тыруға міндетті.

  1. Материалдық базасы.

    1. ӘК МДҰ-ң бекітілген шығындар сметасына сәйкес қаржыландырылады.

    2. ӘК-те анықтамалық, әдістемелік әдебиетті, дидактикалық және көрнекті- көрсету материалдарын орналастыру, кеңестер, консультациялар, семинарлар өткізуге қажетті үй-жай, компьютерлік және офистік техника болады.

  2. Жұмысын ұйымдастыру.

    1. ӘК әдіскердің басшылығымен жұмыс істейді, әдіскер оның жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді, сондай-ақ өзінің кәсіптік қызметін лауазымдық міндеттеріне сәйкес жүзеге асырады.

    2. Істер номинклатурасын әдіскер жүргізеді, ол әдістемелік кеңестің отырысында істелген жұмыс туралы есеп береді.

    3. ӘК-тің жұмыс режимін МДҰ меңгерушісі бекітеді.

  3. Құжаттамасы.

    1. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу стандарттары.

    2. Мемлекеттік білім беру бағдарламалары.

    3. ҚР-ның мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы Заңдары, бұйрықтар мен нұсқаулықтық- әдістемелік хаттар.

    4. ӘК туралы Ереже.

    5. Педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес, шығармашылық топтар, эксперименттік алаңшалар, басқа да құрылымдық бөлімшелер туралы Ережелер.

    6. Лауазымдық нұсқаулықтар.

    7. МДҰ жұмысының жылдық жоспары, тәрбиешілердің, үйірме жетекшілерінің, басқа да

    8. Әдістемелік материалдар, әдістемелік ұсынымдар, оқу- әдістемелік құралдар.

    9. Әдістемелік кабинеттің барлық материалдарының картотекасы.

    10. Берілген құралдарды, баспасөз материалдарын есепке алу кітабы.

    11. Тәрбиеленушілер дамуы диагностикасының материалдары.

    12. Педагогтар қызметін бақылаудың материалдары.

    13. Ұйымдасқан оқу қызметінің, үйірмелер жұмысының кестесі.

    14. Құрылымдық бөлімшелер (әдістемелік кеңес, әдістемелік бірлестіктер, шығармашылық топтар, консультативтік пункт және басқалар) жұмысының материалдары.

    15. Тәрбие жұмысының материалдары.

    16. Ата-аналармен жұмыс материалдары.

    17. МДҰ істерінің бекітілген номенклатурысына сәйкес басқа да құжаттар мен материалдар.

МДҰ-ң шығаратын газетасының ережесі.


  1. Жалпы ереже.

Аталмыш ереже ҚР-ң «Білім туралы» Заңына, МДҰ қызметінің үлгілік қағидаларына, МДҰ Жарғысына сәйкес құрылған.

Негізгі мақсаты: балабақшаны басқаруды құрайтын қоғамдық құрылымды күшейту, отбасылық тәрбие мен қоғам тәрбиесінің ынтымақтастығын қамтамасыз ету.



Газетті құру міндеттері:

  • Балабақшадағы оқыту- тәрбиелеу мазмұны мен әдістері туралы толық ақпарат беру;

  • Мектепке дейінгі балаларды дұрыс тәжірибені үгіттеу;

  • Ата-аналардың психологиялық- педагогикалық ағарту мен мәдениеттерін қалыптастыру.

Негізгі принциптер:

  • Ата-аналарға сұрақ қоюға және газет бетінде жариялануға мүмкіндік беру;

  • Ақпараттардың шынайлылығы;

  1. Әрекетті ұйымдастыру.

Балабақшада жұмысты тиімді жүргізу үшін және ол туралы толық ақпарат беру үшін редакциялық коллегия құрылды. Коллегия әр баспаға материал дайындап, шыққан ақпарат үшін жауапты. Педагогикалық үдеріске қатысушы (тәрбиеші, педагог, ата-ана, бала) автор бола алады. Баспа беті- 4 А4 парағы. Газет шығу мерзімі- үш айда бір рет. Газет аты-

  1. Газет мазмұны.

Газета бірнеше бөлімшелерден тұрады.

«Оқыту мен тәрбие»- баланы оқыту және тәрбиелеу мәселелерін қозғайтын мақалалар, музыка жетекшісінің, психологтың, пән мұғалімдерінің беретін кеңестері.

«Дені сау бала»- балалардың денсаулықтарын нығайтатын және шынықтыратын медбие мен дене шынықтыру нұсқаушысының кеңестері, күн тәртібі мен тамақтануды ұйымдастыру бойынша сұрақтар.

«Біз- суретшіміз және бишілерміз»- әдеби- эстетикалық тәрбие туралы материалдар.

«Жаңалықтар»- балабақшада болған немесе болатын мерекелер, оқиғалар, саяхаттар туралы ақпарат.

«Новости детского сада» – содержит информацию о событиях, праздниках, экскурсиях детского сада.

«Внимание! Конкурс!» – информация для родителей о конкурсах фотографий, поделок, творческих работ, подведение итогов.

«Смешарики» – детские анекдоты, шутки, высказывания детей.

«Ваши маленькие знайки» – творческие работы детей, статьи и фотографии на тему развития творческого мышления, словотворчество детей.

«Стихи и фото» – стихотворения воспитателей и детей с фотографиями



  1. Кері байланыс болу үшін әрбір топта «Пошта» жұмыс істейді. Олар айдың соңында жиналып, сарапқа түсіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет