«Үстінде-астында,алдында-артында. Оң жақта-сол жақта»
Балаларды кеңістіктік қарым-қатынастарды орнатуға үйрету: жоғары – төмен, оңжақ – солжақ, ортасында, арасында.Балаларды қағаз парағының бетінде бағдарлау (жоғарыда, төменде, оң жақта, сол жақта); кеңістіктік ойлауды дамыту білігін қалыптастыру. Есте сақтау, сөйлеу, назар аудару дағдыларын дамыту.
2
62-63
«Жыл мезгілдері. Жыл айлары»
Жыл мезгілдерінің, айлардың атауларымен және олардың реттілігімен таныстыру. Жыл мезгілдері және табиғат құбылыстары туралы ұғымдарын
бекіту. Жыл мезгілдерін және ай атауларын рет-ретімен атауға үйрету.
2
64-65
«Апта күндері.Тәулік бөліктрі
Балаларды «ұзақтық» (уақыт) терминімен таныстыру. Оқиғалардың уақыт бойынша реттілігін сипаттайтын сөздермен таныстыру: кеше, бүгін, ертең, таңертең, күндіз, кеш, түн. Оқиғалардың ұзақтығы, тәулік мезгілдері туралы ұғым қалыптастыру. Болған, болып жатқан және болатын оқиғаларға қатысты «кеше, бүгін, ертең» сөздерін дұрыс қолдануға үйрету.
2
66-67
«Таразы»
Заттарды таразыда теңестіру тәсілімен таныстыру. Салмақ бойынша таразыға өлшеуге болатыны, таразыны теңестіру үшін тағы зат (заттар) салу керек немесе таразы табақшасынан заттарды алу керек деген ұғыммен таныстыру. Салмақ бойынша теңдіктер мен теңсіздіктер құруға, таразыда жатқан ауыр затты анықтауға үйрету.