Тақырып бойынша білімдерін дамыту және бекіту мақсатында құрақ құраудың түрлерімен мата түстерінің үйлесімі, бөлшектердің сәйкес келуі туралы суреттер, бейне материалдар көрсетіліп таныстырылым арқылы тақырыптар түсіндіріледі.
Көрсету, талқылау барысында оқушылардың басты назарын түстер үйлесіміне, пішімдердің бір - біріне сәйкестендіріп жасай білуге аударады.
|
Сұрақ- жауап, дерекөздер,
зерттеушілік жұмыстарды орындаумен практикалық жұмыс орындау нәтижесі арқылы бағаланады
|
Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік ережелері.
♦ Инені киімге қыстыруға болмайды.
♦ Иненің жібін тіспен үзуге болмайды.
♦ Инені жіпсіз тастауға болмайды.
♦ Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме.
♦ Қайшыны ойыншық ретінде пайдалануға болмайды.
♦ Қайшыны ашық тастама
Зерттеу жұмыстарын орындағанда математика, АКТ, тарих, пәндерімен пәнаралық байланыста жүргізіледі..
Практикалық жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтауын, құрал-жабдықтарды ұқыпты қолдануларын қадағаланады
|