Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі



Дата26.08.2017
өлшемі128,28 Kb.
#29722
түріСабақ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.3B Үшбұрыштарды шешу

Мектеп:

43 ЖОББМ



Күні:

Мұғалімнің аты – жөні:

Айдынғалиева А.С



Сынып: 9b

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Үшбұрыштардың ауданы () Герон формуласы, S = ½ ab sin формулалары), Синустар теоремасы, косинустар теоремасы тақырыптарын қайталау сабағы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарласамына сілтеме)

ГМ 9.6 Үшбұрыштың ауданының формуласын

; қорытып шығарады және қолданады;

ГМ 9.7 Герон формуласын қорытып шығарады және қолданады;

ГМ9.14Косинустар теоремасын дәлелдейді және қолданады;

ГМ9.15Синустар теоремасын дәлелдейді және қолданады;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар тікбұрышты үшбұрыштың, тең қабырғалы үшбұрыштың, тең бүйірлі үшбұрыштардың аудандарының формулаларын қорытып шығара алады. Герон формуласын біледі, Синустар теоремасын және косинустар теоремасын біледі, қорытып шығара алады, есептер шығаруда қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Есептер шығару барысында үшбұрыш түрлерінің (тікбұрышты, тең қабырғалы, теңбүйірлі, әртүрлі қабырғалы) аудандарын табу формулаларын өздеріне алдыңғы сабақтардан белгілі формулалар мен теңдіктерді қолданып қорыта білу. Ол формулаларды шатаспай қай кезде қолданылатындығын есте сақтау. Қолданбалы есептерді шығара білу.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар сабаққа қатысты сөздер мен сөз тіркестерін айта алады.

Аудан, тікбұрышты үшбұрыш, тең қабырғалы үшбұрыш, тең бүйірлі үшбұрыш, әртүрлі қабырғалы үшбұрыш, Герон формуласы, синустар және косинустар теоремасы.

Theorem - теорема

Area – аудан

Parallel line – параллель түзу

Perpendicular – перпендикуляр

Rectangle – тіктөртбұрыш

Equilateral triangle –тең қабырғалы үшбұрыш

Angle –бұрыш

Pythagorean Theorem – Пифагор теоремасы

Heron’s Formula – Герон формуласы

Perimeter – периметр

square root – түбірлер

altitude - биіктік

Triangle – үшбұрыш

Right triangle – тікбұрышты үшбұрыш

Length - ұзындық


Құндылықтарды дарыту

Оқушылар сыныптастарымен бірлесіп жауап беру, ұқыптылыққа, тәрбиелілікке, алған білімдерін тиянақтай білу, жеке, өз бетімен тест тапсырмаларына жауап бере алу.

Пәнаралық байланыстар

Информатика, сызу, геометрия

АКТ қолдану дағдылары

Маркелер, тор көздерібар қағаздар, жұлдызшалар, есептер жазылған қағаздар.

Бастапқы білім

көпбұрыштың ауданы ұғымы мен оның қасиеттерін біледі;төртбұрыштар (шаршы, тіктөртбұрыш, параллелограмм; табаны мен оған түсірілген биіктігінің көбейтіндісі, қабырғалары мен оларың арасындағы бұрыштың синусы көбейтіндісі , ромб: диагональдарының жарты көбейтіндісі) аудандарының формулаларын қорытып шығарады және оларды қолданады;

үшбұрыш ауданының формуласын (табаны мен оған түсірілген биіктігінің жарты көбейтіндісі) формуласын қорытып шығарады және оны қолданады;

Пифагор теоремасын, синустар мен косинустар теоремаларын дәлелдейді және қолданады;


Күтілетін нәтижелер

Оқушылар берілген кез келген үшбұрыштың ауданын табу формуласын қорытып шығара алады. Есептер шығару барысында сол формулаларды қолдана алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс – әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

3 минут

10 минут
15 минут

Сабақтың ортасы

30 минут

20 минут

Сабақтың соңы

5 минут

І.Ұйымдастыру:

Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау (оқу құралдары, оқушылардың сабаққа қатысуы, сыныптың сабаққа әзірлігі)

ІІ.Өткен материалдарға шолу:

Оқушыларды төрт топқа үш – үш оқушыдан келетіндей етіп топтпрға бөлу.

Оқушылар топқа бөлінген соң Жауап беруші, Сұрақ қоюшы, Тіркеуші болып сайланады. Оқушыларға маркерлер мен торкөздері бар қағаздар беріледі. Әрбір топтан рөлдер сайланады.

Оқушыларға не жазатындарын, бір бірінен не сұрайтындарын айту керек.

Бірінші сұрақ қоюшы жауап берушіге өткен тақырыптардан сұрақтар қояды. Жауап беруші қойылған сұраққа жауап берді.

Оқушылар бір – біріне көптеген сұрақтар қойды.



ІІІ. Есептер шығару

Оқушылар мұғалімнің үстелінен топ топ болып есептер таңдап тақтаға шығарады.



  1. Үшбұрыштың екі қабырғасы мен арасындағы бұрыш берілген: 12 см, 6 см, 300. үшбұрыштың ауданын табу керек. Жауабы: 18 см2

  2. Үшбұрыштың биіктігі мен табаны берілген: һа=10 см, а=5 см. Үшбұрыштың ауданнын табу керек. Жауабы: 25 см2

  3. Тік бұрышты үшбұрыштың катеттері берілген: α=7см, b=4см. Үшбұрыштың ауданын табу керек. Жауабы: 14 см2

  4. Тең бүйірлі үшбұрыштың табаны 30 см-ге, бүйір қабырғасы 25 см-ге тең. Үшбұрыштың ауданын табыңыз. Жауабы: 300 см2

  5. Қабырғалары 16 см және 8 см болып келетін үшбұрыштың бірінші қабырғасына түсірілген биіктігі 6 см-ге тең. Екінші қабырғасына жүргізілген биіктігін табыңыз.

Жауабы: 12 см

  1. Тік бұрышты үшбұрыштың биіктігі оның гипотенузасын 16 см және 9 см болып келетін кесінділерге бөледі. Үшбұрыштың ауданын табыңыз. Жауабы: 150 см2

  2. Үшбұрыштың үш қабырғасы берілген: 9 см, 10 см, 17 см. Үшбұрыштың ауданын табыңыз. Жауабы: 36 см2

  3. Тік бұрышты үшбұрыштың ауданы 150-ге, катеттерінің біреуі 15-ке тең. Тік бұрышының төбесінен түсірілген биіктіктің ұзындығын табыңыз. Жауабы: 12

  4. Ауданы 36-ға тең болатын тең бүйірлі тік бұрышты үш бұрыштың гипотенузасының ұзындығын табыңыз. Жауабы: 12

  5. Тік бұрышты үшбұрыштың тік бұрышының төбесінен гипетенузаға жүргізілген биіктік -ке, катеттерінің біреуі 8-ге тең. Үшбұрыштың ауданын табыңыз. Жауабы:

  6. Ауданы 16 см2-ге, С бұрышы доғал және АС=5 см, ВС=8 см болатын үшбұрыштың АВ қабырғаларының ұзындығын табыңыз. Жауабы:

  7. Радиусы 6 см-ге тең болатын шеңберге іштей сызылған дұрыс үшбұрыштың ауданын табыңыз. Жауабы:

  8. Биіктігі гипотенузаны 6 см және 54 см кесінділерге бөлетін тік бұрышты үшбұрыштың ауданын табыңыз. Жауабы: 450 см2

  9. Биіктігі гипотенузаны 8 см және 18 см кесінділерге бөлетін тік бұрышты үшбұрыштың ауданын табыңыз. Жауабы: 156 см2

  10. Катеті 5-ке, гипотенузасы 13-ке тең болатын тік бұрышты үшбұрыштың ауданын табыңыз. Жауабы: 30

  11. Гипотенузасы 25-ке тең, катеттерінің қатынасы 3:4 қатынасындай болатын тік бұрышты үшбұрыштың ауданын табыңыз.

Жауабы: 150

  1. Ауданы -ке тең болатын дұрыс үшбұрыштың медианаларын табыңыз.

Жауабы: 1

  1. Бір катеті 13-ке тең, ал гипотенузаға түсірілген биіктігі 12-ге тең болатын тік бұрышты үшбұрыштың ауданын табыңдар.

Жауабы: 202,8 см

  1. Екі қабырғасы 6 және 8 болатын, ал олардың арасындағы медианасы 5 болатын үшбұрыштың ауданын табыңдар. Жауабы: 24

  2. Тік бұрышты үшбұрыштың ауданы 168 см2. Ұзындықтары 7:12 қатынасында болатын катеттерін табыңдар. Жауабы: 14 см және 24 см

Оқушыларға формативтік жұмыс беріледі.



ІV Cабақты қорытындылау

Оқушыларға рефлекция сұралады.



Оқушыларды бағалау:

Сабаққа белсенді қатынасқын команда мүшелері, белсенді қатысқан оқушылар материалды толық түсінсе жеткілікті деп бағаланады.



V Үй тапсырмасы:

Оқушыларғаәртүрлі үшбұрыштың ауданын табуға аранлаған есептер беріледі.




Бекбоев, Абдиев

8 сыныпқа оқушыларына арналған оқулық

Геометрия. 7—

9 классы : учеб. для общеобразоват. уч-

Г36 реждений / [Л. С. Атанасян, В. Ф. Бутузов, С. Б. Кадомцев

и др.]. — 20-е изд. — М. : Просвещение, 2010.— 384 с.
Презентация
Үшбұрышауданы:

http://www.mathopenref.com/triangleауданыas.html


Герон формуласынаесептершығару:

http://jwilson.coe.uga.edu/emt725/heron/heron.html


интерактивтіүшбұрыш:

http://www.shodor.org/interactivate/activities/TriangleExplorer/


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Оқушылар сабақ барысында жеке – жеке тақырыпты түсіну үшін есептер шығарады, содан кейін топ– топ болып есептен шығарады. Әр жұп шығарып болған есептерінің жауаптарын экраннан көре алады. Сабақ соңында сабаққа белсенді қатынасып отырған жұп немесе жеке оқушы бағаланады. Оқушылар формативтік жұмыс қорытындысы бойынша бағаланады.

Топтық ойын болғандықтан оқушылар топ топ болып шығарған есептер сандарына байланысты бағаланады.

Оқушылар компьютерлермен жұмыс жасамайды.

Экранда формативтік жұмыс беріледі.



Сабақ бойынша рефлексия


Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет