Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
- Ньютонның екiншi заңы. Масса
Сабақтың тақырыбы:
- 9.2.2.2 Ньютонның екінші заңын тұжырымдау және оны есептер шығаруда қолдану
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме):
- Барлық оқушылар: Ньютонның екінші заңын тұжырымдап, оны есептер шығаруда қолдана алады.
- Оқушылардың басым бөлігі: Дене жылдамдығының өзгеруі мен оның массасы арасындағы байланысты түсіндіре алады
- Кейбір оқушылар: Әртүрлі денелердің өзара әрекеттесуі бойынша тәжірибелердің нәтижелерін түсіндіре алады
Сабақтың мақсаты
Джанбырбаева Гульжан Кадыровна
Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің «№22орта мектеп»КММ
ОҚУДЫҢ МАҚСАТЫНА ЖЕТУДЕГІ
БЕЛСЕНДІ ОҚУ ӘДІСТЕРІ
«Сұрақты ұстап ал!» әдісі
Әр топ бір-біріне доп лақтыру арқылы өткен тақырыптан бір-бірне cұрақ қояды.
Кітаппен жұмыс жасап және қосымша ақпарат арқылы оқушылар Ньютонның ІІ заңы туралы толық мағұлмат алады..
«Баяндама» әдісі
«Ойлан, бірік, бөліс» әдісі.
Жеңілден күрделіге қарай 4 есеп беріледі. Оқушылар талқылай отырып толық есепті шығара алады.
САРАЛАУ ӘДІСТЕРІ
Саралаудың жіктеу тәсілі бойынша оқушылар бір біріне көмектесу үшін күшті әлсіз жақтарын ескере отырып топтарға бөлемін;
Саралаудың бағалау тәсілі бойынша оқушылар әр тапсырымадан кейін дескриптор арқылы бағаланып отырады.
Саралаудың дереккөздері тәсілі бойынша сайттан жаңа материалды меңгеріп, топта жаңа тақырыпты берілген дерек көздерін қолдана отырып ақпараттық білімдерін дамытып, жетілдіреді.
Саралаудың тапсырма тәсілі бойынша білім бекітуде оқушыларға саралаған тапсырмалар ұсынамын, олар қабілеттеріне қарай таңдап есептер шығарады. Қабілетіті оқушылар басқаларына көмектеседі.
Карточкалар арқылы 3 топқа бөлемін. Карточканың 1 бетіне а, m, F шамаларын жазамын. Карточкалардың пішіндері 3 түрлі (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш) болады. Қабілеті жақсы балалар бір топқа кетіп қалмау үшін 2 түрлі топқа бөлу тәсілін таңдап отырмын.
Дескриптор:
Ньютонның екінші заңы бойынша мысалдарды түсіндіріп, есептерді шығарады;Есептің шарты бойынша шамаларды белгілейді;Берліген есепке қатысты формулаларды жазады;
Арифметикалық шешу жолын біледі;
Есепті шығара алады.Жауабын береді.
«Баяндама» әдісі кітаппен жұмыс мұғалім оқушыларға мәтінді оқуға, басқа дереккөздерінен, көрсетілген видеороликтен жаңа сабаққа қатысты мәлімет алып соңынан оның мазмұнын сурет, сызба түрінде дәптерге жазуды ұсынады.
«Ойлан, бірік, бөліс» әдісі.Топтартарға тапсырмалар жазылған кеспе қағаздар таратылады, оқушылар өз мүмкіндігіне қарай таңдап алады. Сосын өзі шығарып көршісімен, содан соң топта талқылайды.
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ
БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙІ:
- Ньютонның ІІ заңынын тұжырымдай алады және оның формуласымен танысып оны түрлендіре алады.
- Дене қозғалысы жылдамдығының өзгеру себебін біледі
«Баяндама» әдісі кітаппен жұмыс мұғалім оқушыларға мәтінді оқуға, басқа дереккөздерінен, көрсетілген видеороликтен жаңа сабаққа қатысты мәлімет алып соңынан оның мазмұнын сурет, сызба түрінде дәптерге жазуды ұсынады. Бұл «шпаргалканы» оқушы оң жағындағы көршісіне береді. Енді әрқайсысы өз көршісінің суреттерін не сызбаларын қолдана отырып, осы мәтін бойынша «баяндама» жасайды. «Баяндама» мазмұнын неғұрлым кең ашып, оны қорғап, ең жақсы өрнекті ұсынған топ жеңімпаз болады.
Дескриптор:
Оқулықпен жұмыс жасап жаңа тақырыпты меңгереді.
Ғаламтордан қосымша мәлімет іздейді.
Жинаған мағұлматтарын дәптерге жазып, сосын ортаға салып талқылайды.
Денеге түсірілген күш пен үдеу арасындағы байланысты түсінеді.
Ньютонның ІІ заңын тұжырымдайды.
Ньютонның ІІ заңының формуласын жазып оның қалай түрленетінін біледі..
Қалыптастырушы бағалау әдістері
«Екі жұлдыз, бір тілек».
Достарыңызбен бөлісу: |