Заголовок слайда отсутствует



бет10/14
Дата12.12.2021
өлшемі6,93 Mb.
#99699
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
4 қазақстан көшпенділер мәдениеті

Еуразия даласын мекендеген көшпелі халықтардың негізгі өндірістік құралына айналған мал шаруашылығы тамақ өнімдерін беріп қана қоймай, айырбас үшін де пайдаланылды. Көшпелілік көшпелілердің мал жаюдың тәсілдерін жетілдіре отырып, күнделікті тұтынатын тұрмыстық заттар мен құралдардан бастап моральдық-этикалық таным-түсініктеріне дейін шыңдаумен болды… Қазақ мәдениетінің негізгі архетипі саналатын Көшпеліліктегі маңызды мәселенің бірі - ондағы әлеуметтік құрылым, қоғамдық ұжымдасу ерекшеліктері, қауымдық тұтастықтың болуы. Көшпелілер мәдениетінің ажырамас бөлігі — «әлем» және «адам» түсініктеріне негізделіп дамыған дүниетаным жүйесі болды. Табиғатты игеру және адамдардың практикалық іс-әрекетін бейнелейтін алуан түрлі дәстүрлі әдет-ғұрыптар, әпсаналар, қарапайым түсініктерді тудырды. Ертедегі көшпелілер дүние танымынын негізі — көк аспан , шексіз әлем болса, сол көк аспан мен шексіз әлемнің кұдіретті жаратушысы-көктегі Күн. Көшпелі өмір, төрт түлік мал, Жер-ана барлығы жинала келе көшпелілердің материалдық игілігін, дүниетанымын қалыптастырып, төл мәдениетін жасады. Уакыт пен кеңістікті игеру аркылы Көшпелілікке тән әрі тұрмыска қажетті алғашкы астрономиялық ғарыштық талғам-түсініктер орнықты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет