Кешенді тексеру – салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша салық міндеттемелерінің орындалуын тексеру;
Тақырыптық тексеру – салық міндеттемесінің салықтың жекелеген түрлері және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер юоцынша орындалуын;
Қарсы тексеру – егер салықты тексеруді жүргізу кезінде салық органында аталған тұлғаларға байланысты салық төлеушілердің жүргізген операцияларының салық есебінде дұрыс көрсетілуі туралы қосымша ақпарат алу қажеттігі туындаған жағдайда үшінші бір тұлғаларға қатысты жүргізілетінін тексеру.
Рейдтік
Салық қызметі органдары жекелеген салық төлеушілерге қатысты олардың Қазақстан Республикасы заңдарының жекелеген талаптарын, атап айтқанда:
Салық төлеушілердің салық органдарында тіркеу есебіне қойылуы;
Фискалдық жады бар бақылау –касса машиналарын қолданудың дұрыстығы;
Лицензияның, біржолғы талонның және өзге де рұқсат ету құжаттарының болуы
Хронометраждық
салық органдары салық төлеушінің зерттеп-тексеру жүргізілетін кезең ішіндегі нақты табысын және табыс алуға байланысты нақты шығындарын анықтау мақсатында жүргізетін тексеру.