ЖОҒАЛҒАН КЕМЕЛЕР МЕН ҰШАҚТАР
Бермуд үшбұрышынан бір ғасырдан кейін
оралған кеме
2017 жыл. SS Cotopaxi кемесі із-түссіз
жоғалғандықтан оны адамдар «елес кеме» деп
28
атап кеткен екен. Кариб теңізінің Куба
жағалауында
күзет
қызметкерлері
елес
кемесін байқап қалады.Барлығының естері
шығып, шекараға жақындап келе жатқан
кемені жау болуы мүмкін деген оймен
барынша
тоқтатуға
тырысады.
Кеме
жақындаған
кезде
онымен
байланысқа
шықпақ болады. Алайда кері байланысқа
ешкім шықпады. Кеменің сырты өте ескі тот
басқан болғандықтан олар кеменің жанына
барып, тәуекел етіп, ішіне кіріп тексеруге бел
байлады. Сол сәтте жылдар бұрын жоғалған
елеске айналған кемені тапқандарын түсінді.
Ішінде тірі жан жоқ. Алайда барлық дүниелер
сол қалпы сақталған. Құдды бір, кеме кеше
жоғалып,бүгін
табылғандай.Іші-сыртында
үрей
тудыратын
мызғымас
тыныштық.
Зерттеушілер кемені тапқан күні іші сыртын
тексеріп, адамдардан қалған жазба, тым
болмағанда бір істің болғанын нұсқаған
дәлелдер іздей бастайды. Зерттеулер еш
нәтиже бермейді. Бір кезде олар кеме ішінен
капитанның жазып жүрген күнделігін тауып
алады. Кемеден қалған жалғыз ақпарат көзі.
29
Бұл 1925 жылы Бермуд үшбұрышында із-
түссіз жоғалған SS Cotopaxi кемесінің
капитанының соңғы жазбалары...Бір қызығы
онда не жазылғаны,кемедегілерге не болғаны
жайлы бірде-бір дерек жоқ.Бүгінгі күні ол
күнделіктегі жазбалар жойылған немесе әлде
біреулер онда жазылғандардың баршаға жария
болғанын қаламағандықтан құпия етіп сақтап
отыр.Сол себепті ол күнделік әлі күнге құпия
болып келеді. Біздің әлемде ешкім шешімін
таппаған көптеген жұмбақтар бар. Бермуд
үшбұрышы
сол
үлкен
ашылмаған
құпиялардың бірі.
Онда өте көп кемелер мен
ұшақтар жоғалғаны бізге аян. Неліктен
Пуэрто-Рико, Бермуд және Майами арасында
орналасқан
Саргассо
теңізіндегі
бұл
үшбұрышты бөлік кемелер мен ұшақтарға кері
30
әсер етеді?! Бұл жайлы ғалымдардың жеке
пікірлері мен болжамдары ғана болғанымен
әзірге ешкім нақты жауап берген жоқ.
Үшбұрышқа
кірген
кемелер
мен
ұшақтардың қалай апатқа ұшырағанын ешкім
көрмеген
екен.
SS
Cotopaxi
кемесі
табылғанымен ол апатқа ұшыраған кемеге
мүлдем ұқсамады. Ең таң қаларлығы, ішінде
бірде-бір
адамның
денесі
табылмауы.
Теңізшілердің барлығы не себепті кемені
тастап,ашық теңізге,яғни, айқын өлімге бас
тіккендері Кубалықтарды ғана емес,бүкіл
әлемді таң қалдырды. Бұл кеме 95 жыл бұрын
ресми түрде жоғалып кетті деп жариялып, оны
Бермуд үшбұрышы жұтып қойды деген
ақпараттар тарап кеткен болатын.
|