Тимати
Шын есімі Тимур Юнусуов. Денедегі
көптеген жұмбақ тату-суреттер, сондай-ақ
Тимати қолданатын киім мен ым-ишарат
символикасы жанкүйерлерді оны да Егор
Крид сияқты масондардың құпия қоғамында
деп санайды. Бұлай ойлаулары да жайдан-жай
емес. Себебі Тиматидің әндері мен сахнада
жасап жатқан іс-әрекеттері өзіне сенім артқан
халықты
арсыздық
пен
шайтанға
табынушылық әрекеттерге саналарын әбден
56
үйретіп,зұлым күштерге жұмыс жасап
жатқандай.
Бұл тұжырымға оның жасап жатқан
қимылдарына зер салып, мұқият зерттеген
адам бірден аңғарары сөзсіз. Себебі соңғы
кездері
шайтанға
қызмет
етушілер
бұрынғыдан оқшаулануды қойып, еркін түрде
әрекет етуде.
Мысалы,
Юнусовтың
концерттерінде
шайтанды бейнелеген мүсіннің қимылдарын
көрсетіп жүргені оның да жасырын бір
топтардың
қатарында
екенінің
дәлелі.
Сонымен қатар, Тимати, Ольга Бузова сияқты,
көбінесе қолымен екі саусақты жоғары
көтеріп, "тапанша" деп аталатын белгіні жиі
көрсететіні
күдік
туғызады.
Жоғарыға
57
бағытталған екі саусақтың не мағына
беретінін алда оқитын боласыз.
Рэпердің
футболкалар
мен
бас
киімдерінен масондық символикасы бар
белгілерді жиі байқап жүрміз. Тимур тіпті
көзге көрінетін масондық тату салдырғаны
тағы бар. Миллиондаған жанкүйерлердің
арасынан оған еліктеп, шайтани жолға
түсетіндері
табылары
анық.
Жоғарыда
айтқанымыздай, оларға саннан қарағанда сапа
маңыздырақ.
Үлкен
сахнада,
мыңдаған
адамдардың алдында еш мақсатсыз бір
қимылды көрсетуі мүмкін емес. Не ол бір істі
жарнамалауды қалады, не өзінің ұстанымын
жария еткісі келді.
|