Заман шындығЫ



Pdf көрінісі
бет25/35
Дата05.09.2024
өлшемі11,15 Mb.
#203879
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35
Байланысты:
Заман шындығы

106
САЙТАНИ СЕРИАЛДАР 
Қазіргі таңда бұрын ұят болып саналған 
жартылай жалаңаш әйелді көру қалыпты 
жағдайға айналып бара жатыр. Тіпті оларды 
ең танымал тәрбиелік мақсатта құрылған 
арналардан да көреміз. Басты арналарда 
болып жатқан телесериалдар мен түрлі 
фильмдер үндінің Құдай деп таныған 
пұттарына сиынуын насихаттап жатса, басқа 
бір арнада түріктің түрлі ұятсыздық пен 
арсыздықты 
баяндайтын 
телесериалдары 
көрсетілуде. 
Пұтқа табынушылықты насихаттап жатқан 
арналардың мақсаты анық. Алланың алдында 
ең үлкен күнә не екенін білесіз бе? 


107
Арақ ішу, зина жасау, жазықсыз адам 
өлтіру, пайызға ақша алу үлкен күнәларға 
жатады. Алайда, бұлардың барлығы біріксе де 
Аллаға серік қосу күнәсіне жете алмайды. Бұл 
ең сорақы күнә. Бірақ бұл телеарналар бізге, 
біздің балаларымызға адамдардың Алладан 
бөлек қандай да бір тасқа, жануарға сиынып 
жатқандарын көрсетіп, оны үйреншікті, 
қарапайым іс ретінде қабылдауға дайындауда. 
Шынымен де, қазір кез келген арнаны қосып 
қалсаңыз, ондағы болып жатқан сериалдар 
бізге ата мен келіннің махаббатын, досынан 
жүкті 
болған 
әйелдің 
тағдырын, 
нашақорлыққа салынған жастардың өмірін 


108
насихаттап жатыр. Бір қызығы олар осындай
қылмыстарды 
егжей-тегжейлі 
баяндап, 
сериалдың 
соңын 
бақытты 
аяқталумен 
бітіреді. Бұл сериалдарды көріп өскен 
жастардың санасында жаман істерге деген 
қызығушылық қалыптасады.
Кішкентай 
балалардың 
теледидардан 
көрген іс қимылдарды қайталап, соларға 
еліктейтінін білесіз бе? Міне, оларға керегі де 
осы. Теледидар адамдарды қалай зомби етеді? 
Бұл барлығына қатысты жағымсыз шындық. 
Біздің заманымыздың ең үлкен зұлымы 
теледидар мен интернет желілері деп нақты 
айта аламыз. Адамдардың көпшілігі теледидар 


109
көруге әуестенетін заманда оның жағымсыз 
салдарларын жиі елемейміз. Бұл мақалада біз 
теледидардың адамдарды қалай зомби етіп, 
оларды қалай түрлі қылмыстарға әкелетіні 
туралы айтатын боламыз. Ең алдымен
теледидар денсаулыққа зиян. Біз теледидар 
көргенде ештеңе жасамаймыз. Бір қалыпты 
әрекетсіз түрлі семіздерді сезіну арқылы сіз 
шынайы өмірге деген құлшынысыңыздан 
айырыла бастайсыз. Және бір орында отыру
жүрек ауруына әкеліп соғады. 
Жалпылама статистика бойынша адамдар 


110
теледидар көруге көп уақыт жұмсаған сайын 
түрлі ауруларға ұшырайды екен. Батыста 
теледидар сатылымы қарқынды дамып, 
адамдардың сұранысы көбейген сайын барлық 
жастағы адамдарда семіздік пен жүрек 
ауруының қарқыны күрт өсіп кеткен. Бұл 
кездейсоқтық емес. Гарвардта жүргізілген 
зерттеу көрсеткендей, теледидарды ұзақ уақыт 
қарау семіздік қаупін және 2 типті қант 
диабетін едәуір арттыра алады. Егер сіз 
өзіңіздің болашағыңыз туралы алаңдасаңыз, 
онда бірнеше жылдан кейін сыр бере 
бастайтын аурулардың алдын алып, теледидар 
алдында өткізетін уақытыңызды пайдалы іске 
жұмсаңыз. Жаңалықтарды жібермей көретін 
адамдар 
ондағы 
айтылып 
жатқан 
ақпараттарды 100% шындыққа балап, бар 
сенімін 
арнайды.Теледидарда 
көрсетіліп 
жатқан 
түрлі 
ақпараттар 
тек 
белгілі 
бағдарлама 
бойынша 
ғана 
айтылады. 
Адамның көңілін шынайы өмірден алыстату 
мақсатында түрлі пайдасыз ақпараттар санаға 


111
енгізілуде. Мысалы соңғы уақытта баршамыз 
байқап жүргеніміз теледидардағы түрлі 
бағдарламалар тек алдау, көңілін аулау, 
уақытын өткізу, жарнама мен қызықтыруға 
толып 
кетті. 
Жалған 
ақпарат 
беруді, 
бұрмаланған шындықты теледидардан, яғни 
жаңалықтардан көреміз. 
Көптеген адамдар диктордың айтқанының 
бәріне аңғалдықпен сенеді, біз бәрімізді 
адастырамыз деп ойламай-ақ қояды. Ащы 
шындықтан әдемі өтірік артық па? Қатал 
шындықты табу жолы күш-жігерді қажет 
етеді. Бірақ біз көбіне істі тезірек жабуға 


112
бағытталған жалған ақпараттарға аңғалдықпен 
сеніп отыра береміз. Егер біз теледидарды 60 
минут көретін болсақ, онда біз жарнамаға 
шамамен 15 минут жұмсаймыз, оның жалғыз 
мақсаты - бізді тауар сатып алуға сендіру. 
Жарнама адамға эмоционалды әсер етеді. 
Мұны біздің жеке құндылығымызды үшін 
жасайды. Мысалы, йогурттың жарнамасы. 
Экранда спорттық костюм киген сымбатты 
қыз пайда болады. Әйелдер оған қарап, 
өздерінің идеалдан қаншалықты алыс екенін 
сезінеді. Келесі жолы олар дүкенге барғанда 
алдарында сымбатты қыздың бейнесі пайда 
болады және олар дәл сол йогуртті сатып 
алады. Басқаша айтқанда, жарнамалар сізді 
эмоционалды түрде басқарады, көбіне сіз оны 
сезбей де қаласыз. Нәтижесінде сіздің 
өзіңіздің бағалауыңыз төмендейді және 
шығындарыңыз артады. Жарнамадан көреген 
қызға қызығушылық пайда болуы, және сол 
сияқты болуды аңсап, йогуртты сатып алуы. 
Ақыл-ой қабілетінің төмендеуі - теледидарды 


113
шектен тыс көрудің тағы бір қауіпті әсері . 
Бұл біздің ойлау қабілетімізге кедергі 
келтіреді. Жаңалықтар мен түрлі шоулардың 
жүргізушілері бізге қазірдің өзінде өңделген 
ақпараттарды ұсынады, бұл уақыт өте келе 
сыни ойлау дағдыларын қолдануды тоқтатуға 
әкеледі. Яғни, сіз өз ұстанымызды, өз 
қалауларыңызды басқара алмайтын жағдайға 
жетесіз. 
Балалардың экран алдында отырған 
уақытында оларыдың не көріп, нені үйреніп 
жатқанын бақылайсыз ба? Көбіне біз баланы 
теледидар алдында оңаша қалдырып, мән 
бермей өзіміздің жұмыстарымызды істеумен 


114
боламыз. Балалар – енді басталып келе жатқан 
таза парақ секілді. Кез-келген ақпаратты 
жақсы – жаманына қарамай бірден қабылдап 
алады. Сіздің санаңызды, көзіңізді ұятсыздық 
пен 
арсыздыққа 
дайындап 
жатқан 
бағдарламалар сіздің балаңызды еш айналып 
өтпейді. 
Біз зерттеулер барысында отарндық 
арналардағы көрсетілетін мультфильмдер мен 
түрлі балаларға арналған бағдарламаларда 
ЛГБТ тулары, Дәджәлді бейнелеген бір көзді 
адамдар 
мен 
шайтани 
кейіпкерлерді 
кездестірдік.
Нәтижесінде біз туралы қате 
ақпарат алынады және оңай басқарылады. 


115
Балалар, 
әсіресе, 
теледидар 
көрсететін 
хабарламаларға осал, сондықтан ата-аналар 
оларды одан қорғауы керек. Әрине, бізді 
ойландыратын интеллектуалды және білім 
беретін бағдарламалар бар, бірақ олардың 
саны өте аз. Көбінесе, теледидар адамдарды 
улайтын интеллектуалды қоқысқа толы. 
Теледидар көру - уақытты ысырап ету. Өмір 
тым қысқа, бірақ біз оны теледидар алдында 
өткізуді доғаруымыз қажет. Футбол ойнаудың 
орнына 
біз 
футбол 
матчтарының 
трансляциясын қызыға қарап, спортшыларға 
қандай да бір батыр сияқты тамсанамыз. Біз 
пайдалы тамақ дайындаудың орнына диванда 
пультпен отырып, аспаздық шоуларды көруді 
жөн көреміз. Бұл өмір ме? Уақыт өте жылдам, 
сондықтан бізге берілген әр минутты 
бағалауымыз керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет