____________________________
«Заманауи кезеңдегі ағылшын тілін қолданумен байланысты мамандықтар әлемі» атты ғылыми жұмысына
ПІКІР
«Заманауи кезеңдегі ағылшын тілін қолданумен байланысты мамандықтар әлемі» атты ғылыми-зерттеу жұмысында _____________________ шетел тілін үйренудің бүгінгі жастардың өмірі мен кәсібіндегі алатын орнының маңызы зерттеледі. Эксперимент барысында қалаған біліктілік деңгейі, ағылшын тілін үйрену себебі, болашақ мамандыққа деген қажеттілік және тіл тәжірибесінің өмірдегі маңыздылығы, оқыту нұсқалары және ана тілінде сөйлейтін адаммен қарым-қатынас жасау қажеттілігі анықталған.
Ағылшын тілінің қазіргі өмірдегі рөлі баға жетпес. Шетел тілдері әлемнің әртүрлі елдерінде сұранысқа ие. Ағылшын тілі ең көп сөйлейтін тіл болып саналады, төрт жүз миллионнан астам адам оны өздерінің алғашқы тілі деп атайды және алты жүз миллионға жуық адам оны қарым-қатынас пен жұмыс үшін пайдаланады.
____________________________ жүргізген зерттеу қазіргі жастардың ағылшын тілін үйренуге ұмтылатынын көрсетті, өйткені олар бұл дағдыларды өмір үшін де, мансаптық өсу үшін де дамыту қажет екенін түсінеді.
Автор әр тарауға тұнымды ой пікір, түйін жасаған бұл жобаны барлық сұранымдарға жауап беретін ізденіс әрекетінің жемісі ретінде жоғары деңгейде бағалаймын.
Пікір білдіруші:
Достарыңызбен бөлісу: |