Заманауи оқыту жүйесінің сатыларында критериалды
бағалауды пайдалану
Қазіргі уақытта еліміздің білім беру саласына өзге де қоғам салалары секілді жаңа талаптар, жаңа міндеттер қойылып отыр. Қазақстан Республикасында соңғы жылдары білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білім беру сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап бере алатын мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім беру болып табылады. Осы орайда ғалым А.Байтұрсыновтың "Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы" - деген ұшқыр ойынан туындаған қанатты сөзі еске келеді. Жалпы білім беру бұл үздіксіз үдеріс, бала дүние есігін ашқаннан бастап елеусіз түрде болса да өтіп жататын осы үдерістің адамның тұлға болып қалыптасуында алатын орыны өте үлкен.
Осыған дейін қолданыста болған оқыту жүйесінде оқушылар тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Бүгінгі білім беруде оқушыны білімділік, іскерлік, шығармашылық әдістерге баулудың жолдарын іздестіре отырып, мұғалім-шәкірт арасында рухани және сезім бірлестігін айқындайды. Қазіргі кезде оған жететін жаңа педагогикалық технологияларда баршылық. Соның бірі - критериалды бағалау жолдары.
Критериалды бағалау – оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін, білім беру үдерісіне қатысушылардың (оқушы, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушының оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс.
Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою арқылы бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысананың артында тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатыр.
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылған "2014-2015 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін (сонымен бірге инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын) ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы нұсқаулық" жинақ болып баспадан шығып, жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң мектепалды даярлық және 1-11-сыныптарында оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша материалдарды қамтыған және жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң басшылары мен пән мұғалiмдерiне, бiлiм саласы қызметкерлерiне арналған. Оған қоса бүгінде "Бастауыш мектепке оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізудің әдіснамалық және оқу-әдістемелік негіздері" секілді бірнеше әдістемелік нұсқаулар да бар.
Бағалау - оқу дәлелдері жоспарлы және жүйелі жинақталатын және де оқу сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін қолданылатын кез келген қызметті сипаттайтын ұғым. Бұл ұғым екі аспектіні көздейді: оқуды бағалау және оқу үшін бағалау. Бағалаудың түрлі нысандары олардың оқуды жақсарту әлеуеті тұрғысынан сипатталған және бағытталған. Оқуды критериалды бағалауды зерделеуге бағытталған. «Бағалау» термині «жақын отыру» деген сөзді білдіреді. Бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін, тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бұл ресми тестілер, емтихандардан бастап, мұғалімдер күніне жүз рет өткізетін бейресми бағалауға дейінгі бүкіл бағалау түрлерін қамтиды. Бір тестілер қолдағы қарындаш пен қаламның көмегімен жүргізілсе, басқалары сыныптағы әдеттегі сөйлесу кезінде сұрақ қоюға негізделеді. Бағалаудың барлық түрлеріне жалпы сипаттамалар тән және олар төмендегілерді қамтиды:
қадағалау;
алынған мәліметтер интерпритациясы;
бұдан арғы іс-әрекеттерді анықтауға бағытталған қорытынды.
Мұғалімнің бағалаудағы ролі:
Мұғалім тәлімгер ретінде - кері байланысты және әр оқушыға қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді;
Мұғалім жетекші ретінде - топтағы ағымдағы жұмыс үдерісіне алып жүру үшін диагностикалық ақпарат жинастырушы;
Мұғалім есепке алу маманы ретінде - оқушылардың өсуі мен жетістіктері туралы жазу;
Мұғалім баяндамашы ретінде - оқушылардың өсуіне қатысты ата-аналарына, оқушыларға және мектеп әкімшілігіне баяндау.
Оқу үшін бағалаудың негізгі сипаттамалары:
1. Оқыту мақсатымен бөлісу.
2. Алда не күтіп тұрғанын оқушылардың білуіне көмектесу.
3. Өзін-өзі және құрбыларын бағалау.
4. Оқушылардың жақсарту үшін не қажет екендігіне көмек беретін пікірлермен қамтамасыз ету.
5. Оқушылардың өздерін жетілдіре алатынына сенімділігін дамыту.
6. Өзара бірлесіп бағалау туралы ақпаратты талдау және ойластыру.
Қадағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олардың қандай қиындықпен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет. Сыныптағы әдеттегі іс-әрекетті, балалардың өзара әңгімесін тыңдап, тапсырманы орындап отырған оқушыларды қадағалау. Оқушының сұрақтарға берген жауаптары бақылануы
керек. Бағалайтын тұлға алынған мәліметтердің мәнін анықтай білуі қажет.
Интерпретация қызығушылық тудыратын мәселелерге, ерекше дағдылар, көзқарастар немесе оқыту түрлеріне қатысты жүргізіледі. Мұндай өлшемдерді көбінесе критерий деп атап, оларды оқу мақсаттарына немесе міндеттеріне жатқызады. Мұғалім жоспарланбаған өзара әрекеттесушілікті, нәтижелерді бағалайды және өткенге шолу өлшемдерін қолданады. Интерпритацияның көмегімен мінез-құлықты сипаттауға немесе түсіндіруге талпындыруға болады, логикалық қорытынды шығарылады. Мысалы, бала айтқан нәрсе оның миында болып жатқан құбылыстың нәтижесі болып табылады. Мәліметтерді интерпретациялау негізінді қорытынды жасалады, ол бағалауды көздейді. Бұл кезеңде бағалау үдерісі туралы мақсаттарға және алынған ақпарат қолданылатын міндеттерге байланысты әр түрлі нысанда жүруі мүмкін.
Оқу үшін бағалауға қарағанды, оқуды бағалаудың мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Оқуды бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген нормаларымен немесе бірдей жастағы оқушылардың қол жеткізген деңгеймен ара-қатынасы салыстырылған соң қорытынды жасалады. Мұндай қорытындылар стандартқа немесе деңгей түрінде келтірілген межелікке сәйкес немесе сәйкес емес деген нысанда жасалады.
Оқу үшін бағалау кезінде қолданылатын қадағалау, интерпретация және өлшемдер оқуды бағалау кезінде қолданылатын өлшемдерге ұқсас болуы мүмкін, бірақ олардан туатын қорытынды мен шешім басқа сипатта болады.
Оқу үшін бағалау - бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. [Мұғалімдерге арналған нұсқаулық]
Критерийлер - оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.
Оқушы жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі төменде қарастырылған міндеттерді шешеді:
- әрбір оқушының сабақ үдерісіндегі әр кезеңіндегі дайындық деңгейін анықтау;
- білімді меңгерудің жыл аяғындағы ғана емес, күнделікті білім алудың даму динамикасын айқындауы;
- оқушының сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыруы. Бағаға қарсы теріс көзқарастың болмауы;
- оқушы білімінің жүйеленуі,тереңдеуі,есте сақтауы. Оқушыны табандылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеуі;
- білім алу барысындағы қиындықты, қателікті, білім олқылықтарын және оның себептерін дер кезінде анықтауы;
- оқушының білім алу үдерісін қадағалап, дәл және жедел түрде сапалы білім алғаны жөнінде кері байланыс ақпаратын алуы;
- оқушының барлық жұмыс түрлерін бағалауы. (өзіндік жұмыс, ағымдағы бағалау, қорытынды бақылау, тренинг,үй жұмысы, шығармашылық т.б);
- оқушының білімін ағымдық және қорытыныды бағалау;
- баға сапасын арттыру.
Критериалды бағалау жүйесі оқушының белсенділігін арттыруды, оқу үдерісінде жарыса, бәсекелесе білім алуға қол жеткізеді.
Тәжірибелік маңыздылығы:
- жеке тұлға емес, оқушының жұмысы бағаланады;
- оқушы жұмысы алдын- ала белгілі критерийлер бойынша бағаланады;
- бағалау критерийлері нақты оқыту мақсаттарын айқындайды, сондықтан оқушыларға баға оқып- зерделенген материал бойынша ғана қойылады.
- өзінің оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін және ата- аналарына осы ақпараттарды жеткізу үшін оқушыға нақты бағалау алгоритмі белгілі.
- оқушының оқуға және өзін-өзі бағалауға ынтасы артады.
Критериалды бағалау
Мұғалімдерге:
1. Сапалы нәтиже алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге;
2. Өзінің іс-әрекетін жоспарлауға және талдауға жедел түрде ақпарат алуға;
3. Білім беру сапасын арттыруға;
4. Оқытудың сапасын жақсартуға;
5. Әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, жеке оқыту траекториясын құруға;
6. Бағалаудың түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;
7. Оқу бағдарламасын жетілдіруге ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді
Оқушыларға:
1. Өзінің түсінігі мен қабілетін көрсету үшін оқытудың түрлі стильдерін және ойлау әрекетінің типтерін қолдануға;
2. Өз нәтижелерін болжау арқылы табысқа жету үшін бағалау критерийлерін білуге және түсінуге;
3. Өзінің және өз құрдастарының жетістіктерін бағалап, рефлексияға қатысуға;
4. Шынайы міндеттерді шешу үшін өз білімдерін қолдануға, түрлі көзқарастарды білдіруге, сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік береді.
Ата-аналарға:
1. Өз баласының оқытылу деңгейі туралы объективті дәлелдер алуға;
2. Баланың оқудағы прогресін қадағалауға;
3. Оқу үдерісінде оқушыға қолдау көрсетуге;
4. Мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен кері байланыс орнатуға;
5. Баласының мектепте және сыныпта жайлы сезінуіне сенімді болуына мүмкіндік береді.
Бүгінгі заман талабы - жан-жақты дамыған, өзіндік «мені» қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Оқушы тұлға болып қалыптасуы үшін оның бойында түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға, өзіндік тұжырым жасай білуге, өзіндік бағалауға, сыни ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, логикалық операцияларды қолдана отырып дәлелдеуге, жалпы алғанда жеке адамның құзыреттіліктері қалыптасуы қажет.
Бүгінгі таңда еліміздің жоғары оқу орындарындағы педагогикалық мамандықтарда "Бағалаудың өлшемдік технологиялары" атты жаңа пән бар. Яғни, болашақ мамандар осы жүйеге оқу орыны қабырғасынан дайындалып келіп, практикалық қолданысын түсінетін болады. Бұл бағыт алдағы уақытта өзінің қолданысының маңыздылығын әлі де танытады. Қорыта айтқанда, критериалды бағалау жүйесі бізге оқушының, балабақша тәрбиеленушісінің, үйірмеге қатысушының тұлғалық бағытын оң және жылдам ойлау позициясына бағыттауға, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұлғалы нәтижеге жеткіземіз, білім алушылардың өз материалдарына дайындық деңгейі мен ондағы өсу динамикасын әрдайым анықтай аламыз, түрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға қол жеткіземіз. Жалпы бұл жүйеге алғашқы күннен бастап үйренген балабақша тәрбиеленушісі болсын, бастауыш мектеп не орта мектеп оқушысы болсын өзіне білім алушы ретінде қойылып отырған талаптарды анық түсініп, әрі қарай оң нәтиже танытып отыруына үлкен сенімділік қарайтынына сенеміз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. 2014-2015 оқу жылында Қазақстан Республикасының Жалпы орта білім беретін (сонымен бірге инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын) ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы //http://edu.gov.kz/upload/files/instruktsii-kaz.pdf
2. Критериалды бағалау жүйесінің кезеңдері//http://kentubek.educ.kz/wp-content/uploads.pdf
3. У.Б.Жексенбаева «Компетентностно ориентированное образование в современной школе» - Алматы; 2009 г.\
4. Көкіжанова Г.К. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау білім сапасын басқарудағы негізгі критерий – Педагогика, 2009 ж.
ДӘСТҮРЛІ ЖӘНЕ ӨЛШЕМДІК БАҒАЛАУДЫҢ АЙЫРМАСЫ
Дәстүрлі (нормативтік) бағалау мен өлшемдік бағалаудың арасындағы айырма салыстыруда болып табылады. Дәстүрлі бағалауда оқу жетістіктері оқушылардың басым көпшілігі жете алатын, орташа статистикалық нормамен, өлшемдік бағалауда бағалау өлшемдері түрінде берілген, белгілі бір эталонмен (оқу мақсатымен) салыстырылады.
Әр критерий бойынша ең жоғары ұпай (дескриптор) оқушы тақырыпты оқып-үйреніп болу соңында шынайы қол жеткізе алатын деңгейді бейнелейді. Сондықтан мұғалім оқушының білім-білік-дағдыларындағы, ол қол жеткізе алатын өсімшелерді жобалай алады, осы жолдағы жасалатын әрбір қадамды жоспарлай алады.
Өлшемдік бағалау оқушының белгілі бір бағыттардағы әр түрлі кезеңдердегі жетістіктерін салыстыра отырып, оның сәйкесті дағдыларының даму үдерісін бағалауға мүмкіндік береді. Ол үшін сол оқушының бір бағалау өлшемі бойынша ал,аг әр түрлі ұпайларын салыстыру жеткілікті болады.
Өзіндік бағалау туралы
Оқушының өз оқу іс-әрекетінің жеке ерекшеліктері туралы рефлексия мен өзіндік бағалау арқылы сезінуі оның ойлауы мен шығармашылығының дамуының маңызды құралы болып табылады. Өлшемдік бағалауды қолдану бағалау үдерісіне өзіндік бағалау жасау арқылы оқушының өзін тартуға жағдай жасайды. Жалпы алғанда, тек рефлексия ғана оқушыға өз оқу іс-әрекетінен тәжірибе жинақтауға, қойылған мәселені шешу үшін ішкі мүмкіндіктерін жұмылдыруға, өзін-өзі жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді.
Өз жетістіктері мен кемшіліктерін талдай отырып, оқушылар оларды жою жолдарын табады, өз жұмыстарының күшті және әлсіз жақтарын көре отырып, өзін-өзі бағалауға үйренеді, осы нәтижелерді пайымдау арқылы өзінің ары қарай алдағы уақытта жасайтын жұмыстарының бағдарламасын жасай алады.
Тек өзін-өзі бағалау ғана мұғалімге оқушылардың оқудағы қиындықтары туралы көп ақпарат бере отырып, оқыту үдерісіне дер кезінде түзету жасауға көмектеседі.
Дұрыс ұйымдастырылған рефлексия тапсырманы табысты орындауға ықпал ететін оң ахуал тудырады.
Дәстүрлі оқытуда көп кикілжің тудыратын баға ештеңені де өлшемейді, ол оқушылардың оқудағы тәртібін түзеу үшін ғана жиірек пайдаланылады, сондықтан көп оқушылар тек баға үшін оқиды. Бағалаудағы зерттеушілік амал өлшемдік бағалауды ұсына отырып, бағаның мадақтау мен жазалу құралы ретіндегі рөлін жояды.
Нақты қойылған бағалау өлшемдері өзара келісілген «ойын ережесі» сияқты белгілі бір шарттарды сақтай отырып, жұмыс нәтижелерін бағалауға қажетті белгілерді дұрыс анықтауға ықпал етеді. Жақсы жасалған бағалау өлшемдері ғана оқушыларды айқын қойылған мақсаттарға жетуге, өз іс-әрекетіне баға беруге және оны түзетіп отыруға ынталандырады, сол арқылы оқытуда стресті болдырмауға жағдай жасайды.
Нақты жасалған бағалау өлшемдерінің жоқтығы жұмыс мақсатының мұғалімге де, оқушыларға да түсінікті еместігін, дұрыс бағаламауға ғана емес, бүкіл оқу іс-әрекетінің маңызын төмендетуге алып баратынын көптеген тәжірибе көрсетіп беріп отыр.
Бағалаудың екі жүйесіндегі тұжырымдамалық ерекшеліктер:
Өлшемдік бағалау:
-жоспарлау, оқыту және бағалау біртұтас үдеріс;
-бағалаудың теңгермелі стратегияларының жүйелі тізбегі пайдаланылады;
-өзін-өзі және өзара бағалауға оқушылар тартылады;
-оқушылардың оқу нәтижелерін есепке алу мен есеп берудің теңгермелі тәсілдері қолданылады;
-оқушылардың жауаптары бойынша оның сол сәттегі түсіну деңгейі бағаланады;
-тақырыппен жұмыстың өн бойында оқушылармен тұрақты және дер кезінде кері байланыс жасалады;
-оқушыларға бағалауды оқу нәтижелерін сипаттау мен жақсарту тәсілі ретінде қабылдауға ықпал етеді;
-тақырыпты оқып-үйренер алдында оқушылардың ағымдық білімі мен оқу тәжірибесін алдын ала бағалауға мүмкіндік береді.
Дәстүрлі бағалау:
-жоспарлау, оқыту және бағалау бір-бірінен бөлек үдерістер;
-бағалаудың бір ғана құралы немесе стратегиясы пайдаланылады;
-бағалау тек мұғалімнің билігінде;
-оқушылардың оқу нәтижелерін есепке алу мен есеп берудің бір ғана тәсілі қолданылады;
-оқушылардың жауаптары дұрыс жауаппен салыстырылады (біледі-білмейді);
-тақырыппен жұмыс біткен кезде ғана тексеру жүргізіледі;
-бағалаудың жалғыз мақсаты – қойылатын бағаны анықтау;
-оқушылардың ағымдық білімі мен оқу тәжірибесін бағалау тақырыппен жұмыс біткен кезде ғана жүргізіледі.
Критериалды бағалау жүйесінің мүмкіндіктері
Критериалды бағалау міндеттері:
-Оқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтау;
-Оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауы;
-Әрбір оқушының жеке даму траекториясын бақылау;
-Оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды ынталандыру;
-Оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау;
-Оқу үрдісін ұйымдастырудың және оқу материалын меңгерудің ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланысты қамтамасыз ету.
Критериалды бағалаудың артықшылықтары:
-Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады;
-Оқушының жұмысы дұрыс орындалған жұмыс үлгісімен (эталон) салыстырылады;
-Үлгі (эталон) оқушыларға алдын-ала белгілі;
-Оқушыға бағалау алгоритмі алдын-ала белгілі;
-Білім берудің сапасы артады;
Критериалды бағалау:
Мұғалімдерге:
-Сапалы нәтиже алуды қамтамасыз ететін критерийлерді құрастыруға;
-Өз жұмысын талдау және жоспарлау үшін ақпарат алуға;
-Оқу үрдісінің сапасын жақсартуға;
-Әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқушы үшін оқытудың жеке траекториясын алуға;
-Бағалаудың әр түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;
-Оқу бағдарламасының мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді.
Оқушыларға:
-Нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білу және түсінуге;
-Рефлексияға қатысу, яғни өзін және өз достарын бағалауға;
-Нақты есептерді шешуде білімдерін қолдану, өз ойларын еркін жеткізе білуі, сын тұрғысынан ойлай білуге.
-Ата-аналарға:
-Баласының білім деңгейлерін бақылай алуға;
-Баласының оқу үрдісін бақылай алуға;
-Баласына оқу үрдісі кезінде қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
Критериалды бағалау – оқушылардың білім жетістіктерін ұжыммен келісілген, оқу үрдісіне қатысушыларға алдын-ала белгілі, оқушылардың негізгі құзыреттіліктерінің қалыптасуына жағдай жасайтын, білім берудің мақсаты мен мазмұнына сәйкес нақты анықталған критерийлер бойынша салыстыруға негізделген үрдіс.
Әдебиеттер
http://moodle.nis.edu.kz
Бешімбаева Қ.Е. Білім алушының тілдік құзыреттілігін жетілдірудегі критериалды бағалау жүйесі . Әдістемелік нұсқау,11-бет.
Критериальное оценивание в школе : учебное пособие / А. А. Красноборова ; Пермский гос. пед. ун-т. - Пермь : Пермский гос. пед. ун-т, 2010.
1 аралық бақылау.
«Білім сапасы» жəне «білім жетістіктері» ұғымының мазмұнын түсіндіріңіз.
Білім сапасын бағалаумен байланысты қазіргі мəселелерді атаңыз.
Оқыту диагностикасының компоненттерін бөліп көрсетіңіз.
Бағалау мен белгілеудің айырмашылығы неде екенін түсіндіріңіз.
Бағалау қызметтеріне сипаттама беріңіз.
Бақылау түрлері, формалары мен əдістерін атаңыз.
Дəстүрлі бағалау жүйесінің кемшіліктерін атаңыз жəне олардың шығу көздерін түсіндіріңіз.
Оқушылардың ауызша жауаптарын бағалау мəселесі немен байланысты екенін сипаттаңыз.
Білім беру мен білім нəтижесі мақсатының байланысын түсіндіріңіз.
«TIMSS-2011» халықаралық зерттеуін ұйымдастыру жəне жүргізу.
Білім нəтижелерін бағалау түрлері. Бағалаудың түрлері. Сандық жəне сапалық бағалау.
Психологияны оқытудағы критериалды бағалау жүйесінің практикасы
Германия, Франция, Англия т.б. елдерде оқушы білімінің сапасын бағалау тəжірибелері
Білім сапасын анықтаудың жаңа тəсілдері. Тестілеу жүйесі.
Тест түрлері. Ашық жəне жабық тесті құрастыру технологиялары
2-ші аралық бақылауға арналған сұрақтар
Оқытудың диагностикалық мақсатын қалыптастыруға мысал келтіріңіз.
Оқыту нəтижесіне қойылатын талаптарды атаңыз жəне мазмұнын түсіндіріңіз.
Оқу нəтижесіне қойылатын талаптарды түсіндіріңіз.
Оқыту нəтижесі диагностикасының технологиялық матрицасын құрастырудың қажеттілігіне сипаттама беріңіз.
Тестің сапасын қандай көрсеткіштің көмегімен тексеруге болады?
Оқыту нəтижесін бақылау мен бағалау жүйесінің рейтингтік жүйесінің мəні неде?
Оқу жетістіктерін рейтингтік бақылаудың жетістігі мен кемшілігі.
Бақылаудың рейтингтік жүйесінде баллды жинақтау үрдісінің тетіктері.
Рейтингтік баллды бағаға ауыстыру шкаласына мысал келтіріңіз.
Оқу жетістіктерін бақылау жəне бағалау жүйесін портфолио түрінде дайындауға сипаттама: жетістіктері мен кемшіліктері.
Оқыту нəтижесін бағалаудың қазіргі құралдарын пайдалан отырып, жаңа материалды түсіндіру бойынша сабақ жоспарын дайындаңыз.
PIRLS халықаралық зерттеуінің тəжірибелері
Портфолио - бағалаудың жаңа тиімді формасы ретінде
Қазіргі заманғы мектептердің талаптары тұрғысынан оқытудағы портфолио.
Портфолионың түрлері. Портфолионы бағалау критерийлері.
Өзін өзі бағалау кестесі.
Достарыңызбен бөлісу: |