Зар заман ақындары



бет1/3
Дата16.09.2023
өлшемі3,61 Mb.
#181243
  1   2   3
Байланысты:
Зар Заман

Зар заман ақындары


140 балл

Оқу инемен құдық қазғандай!!!

Шортанбай Қанайұлы (1818-1881)

  • Шортанбай - айтыскер, ақын, әдебиетіміздегі «Зар заман» деп аталатын кезеңнiң iрi өкілдерінің бірі.
  • Қолда бар аз деректерге қарағанда - ақын 1818 жылы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданының Қаратау бойында дүниеге келген.
  • Сәбит Мұқанов ақын поэзиясын зерттей келе: «Шортанбайдың үш зары бар. Олар: «Зар заман», «Бала зар», «Өлер зар». Осы үш зарда да халықтың басына түскен зарды, заманының зарын айтқан», - дейді.
  • Шортанбайдың «Зар заман», «Заман қайтіп оңалсын?», «Опасыз жалған», «Ақырғы сөз», «Өзі туралы» т.б. көптеген өлең-толғауларында өз заманының сипатын ашық байқатады.

Шортанбай Қанайұлы (1818-1881)

  • Дастаны: «Ақжолтай батыр». Дастанда ақын Ағыбай батырмен олардың соңынан ерткен Кене ханның әрекеттерін баяндайды.
  • Сондай-ақ Шортанбай айтыс ақыны. Онын Орынбаймен, Шөжемен айтыстары сақталған. Шөже ақын Шортанбайды өте жоғары бағалап: «Басқа ақын тап өзіңдей iрi ме едi, ел сыйлаған пiрiм едің,» - деген екен.
  • Ақынның 1890 жылы, кейін 1911 жылы Қазан қаласында «Бала зары» атты өлеңдер жинағы басылып шықты. Ақынның өлең-толғаулары «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» (1932), «Айтыс»(1966), «Бес ғасыр жырлайды»(1991), «Жеті ғасыр жырлайды»(1989), «Ай, заман-ай, заман-ай»(2007) және т.б. көптеген жинактарға енген.

«Зар Заман» өлеңі


Мына заман қай заман?
Азулыға бар заман,
Азусыз тар заман.
Тарлығының белгісі:
Жақсы — жаннан түңілген,
Жаман — малдан түңілген,
Мұның өзі — зар заман.
Зарлығының белгісі:
Бір - бірлерін күндеген,
Жай-жайына жүрмеген,
Мұның өзі — тар заман.
Тарлығының белгісі:
Мұсылманнан хал кетті,
Тәңірім болғай деместен.
Анты жұқпас бойына,
Әр не түсер ойына,
Жалмауыз болды үлкенің,
Қазақ, сенің сорыңа.
Арқадан дәурен кеткен соң,
Қуғындап орыс жеткен соң,
Тіпті амал жоқ, қазақтар
Енді сенің торыңа.
Орыс — бүркіт, біз — түлкі,
Аламын деп талпынды,
Орыстан қорлық көрген соң,
Отырып билер алқынды.
Мың-мың жылқы айдаған,
Сары қазы шайнаған,
Қымызын судай сапырған,
Ішіп мас боп ақырған,
Арқаның жазын қашырған,
Жылқының етін жемес - ті,
Жағаласқан мына жау
Кетірер сонда сиқың.
Қолыңды қойса айдарға,
Жарар сол да жылқыңды.
Бұхарға жетер күн болса,
Тыншытар ма едің ұйқыңды?
Қанар кәпір халықты
Көп жасады неліктен?
Көтерілді керемет
Бұл асылық, асқан заманда,
Ұл туады атаменен егесіп,
Қыз туады анаменен теңдесіп,
Баласы кетіп тыюдан.
Масқаралар таймайды
Жас сыйласып тұрудан.
Адал зада баланы
Таба алмассың рудан.
Ұлың киді дүрия,
Ұстараның жүзіндей
Аударылған дүние
Қызың киді биқасап,
Тергеп кимей байқастап,
Кешкітұрым болғанда
Құлан менен бұландай
Үйде тұрмас ойқастап.
Қыз, жігітте әдеп жоқ,
Үшбу күнде халықтың
Домбыра болар шерткені,
Зина болар қылғаны,
Деген екен бұрынғы
Ол бір өткен сапасын,
Бұрынғының сөзінің
Бір қатысы болсаңшы!
Дәулет, бақтан әуелден
Жесір қатын, жетім ұл
Бір қараны сан қылып
Айдаған бұ дүниеге тойсайшы!
Қартайғанша мал дейді,
Өлгеніне жан дейді, —
Бұ дүниенің қызығын
Көңіл шіркін қоймайды.
* * *
Патша жұртын қанады,
Байлар жөргем санады.
Жарлының жаны берік екен,
Мал үшін он екі ай қой бағып,
Жалғыз тоқты а лады.
Тоқты берсе, ісек деп,
Құнан шығар тұсақ деп,
Саулық берсе, егіз деп,
Қыстан шыққан семіз деп,
Жарлының тынышын
Құрттай санап мал алды,
Ел қамқоры сандалды.
Кетейін десе, алдың тар,
Тұрайын десе, кәпір бар, —
Қайсы бірін айтайын,
Қазақтың ұлы қамалды.
Қамалмай енді неғып тұр,
Тау басынан қазақ жаңылды.
Тұс-тұсынан жау шығып,
Дұшпанға жаман табынды.
Кәдесі қалың Арқаңыз
Ақ шөбін қимай бағынды.
Бағынғанның белгісі:
Билік кетті басыңнан,
Қорлық көрдің жасыңнан.
Ұл-қызыңнан үміт кетті,
Айрылдың құда, досыңнан.
Мұнан қатты не болсын,
Өмір менен осыдан.
Жамандықтың белгісі:
Ұлың көңілі — бір бөлек,
Қызың көңілі — бір бөлек,
Алысар тұстар болса да,
Әлсіз айбар не керек?
Ендігі жанның ақылы —
Отқа түскен көбелек.
Көбелектен несі артық,
Өлген қазақ көрмедің,
Жалға жүрген жалшыдай
Жан қадірін білмедің.
Білмегеннің белгісі:
Баланды бер деп орыс тұр,
Қайтемін деп болыс тұр,
Қорқар ма орыс қой дегенге,
Қазақты қамай түсіп тұр.
Басыңнан билік кеткен соң,
Малыңнан асып, баланды
Бер деп ақыл тапқан соң,
Тоғайды жеңіп қолға алған,
Өз ақылы жеткен соң,
Бұ құсаға ел қайтып шыдасын,
Шабынан шоққа түрткен соң!
Шалғын жайлар күйретіп,
Мың кісі мінер үйретіп,
Қазақ кез мойын атқа міне алмас,
Кең шалбарды кие алмас.
Ақылы жоқ есер құл
Бір қайрылмас кеткен соң,
Көгерер ме осымен.
Кеткенде қайда барасың,
Алдыңызда бар,
Орыстан жаман тым - ақ жау.
Қазаққа атар таң бар ма,
Мұнан өзге аң бар ма?
Қом туған сылты қазақты
Қамарға бірме-бір шағып тұр,
Рудан қағаз салып тұр,
Асылық асқан заманда!
Сүйтсе де жұртта ар бар ма?
Қатын ұрыс болып тұр,
Аяғыңды қия бастырмай.
Малыңды билеп басшы тұр,
Дос-жарыңа шаштырмай.
Сыртыңнан билеп келіп тұр,
Ақ - құласын қостырмай.
Жүгіңді билеп қызың тұр,
Басына жанышты.
Күңнен туған көбеген
Қонаққа қазан астырмай.
Құлың кетті құтырып,
Күң көтіне қыстырмай.
Осы күнде адамның
Ешнәрсе жоқ ойында.
Адам қылар ұрлығын,
Әдет қылар қорлығын.
Қасиет қалмас бойында,
Арамға баулыр баласын.
Құда - тамыр келерде
Ине жүрмес арадан.
О дүние азабын
Бұ дүниеде не деп айтайын,
Көңілінде иман бар адам.
Бір пара жанды малды қып,
Бір пара жанды малсыз қып,
Бір пара жанды ғалым қып,
Бір пара жанды залым қып,
Жалғызын жардан құлатты.
Мал бермеймін дегеннің
Үстіне шекпен кигізіп,
Инені қоржын ілгізіп,
Ақ таяғын ат қылып,
Айуаннан жат қылып,
Елден тамақ сұратты.
Байлар сәнге мінеді
Жазы-қысы құр атты.
Жарлы да өліп қалған жоқ,
Оның да көңілін жұбатты.
Жалғанның беріл жарығын,
Бишара жанды қуантты.
Мінер атқа кем қылып,
Бір бара жанды жылатты.
Ашты-тоқты болсаң да,
Иманың сақта ұятты.
Ардан көшкен ұятсыз
Дінсізге қылар ұятты.
Қолында тұрып ұрлығы,
Мойында тұрып зорлығы,
Ойында тұрып жалғаны,
Көңілінде тұрып арманы,
Баласын беріп моллаға,
Көңілін беріп аллаға,
Дүниеге көңіл жұбатты.
Зар заманның аяғы —
Заманың кетті баяғы,
Ықылас-ниет қалмады,
Үлкенге билік салмады,
Жарлының жалғыз сүйеніш
Мал болыпты таяғы.
Айрылмай дерт болды
Кедейге қылған қорлығың.
Кәріңді көрдің піріңдей,
Тілмашты көрдің жеңгеңдей,
Дуанды көрдің үйіңдей,
Абақты тұр қасыңда
Қазылған қара көріңдей!..
Ел билеген бек болды,
Көтере алмай билігін,
Ұласқан үлкен кек болды,
Ниетіне қазақтың
Тым - ақ тәуір еп болды —
Заманақыр болар деп,
Сол себептен қорқамын!
Қыс көбейді — жаз аз боп,
Бай таусылды — мал аз боп,
Ағайыны көре алмай,
Атаға бала араз боп.
Әр нәрсенің болжалы
Келе жатыр жақындап.
Ағашты тауға үй салып,
Алды кәпір ақында,
Елді еркіне қоймады
Буыршындай тақымдап.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет