Танашева Маруан Ахметовна: биобиблиографический указатель / сост.: Ж.А. Абилов, М.М. Буркитбаев, Ж.Р. Торегожина; ответ. ред. З.А. Мансуров; ред. Б.М. Мансурова, Л.К. Бейсенбаева, Р.Г. Рыскалиева, С.Т. Туреханова.- Алматы: Қазақ университеті, 2009.- 95 с.
Подготовила заведующая отделом
С.Т. Туреханова
2008 жылдың 10 қазанында ТМД Мемлекет басшыларының кеңесінде 2009 жылы «Жастар жылы» деп жариялау туралы шешім қабылданған болатын. Бұл бастама ТМД елдері жастарын бір қанаттың астына біріктіруге, жастар саясатының негізгі тетіктерін жүзеге асыруға бағытталып отыр. Осыған орай өзіндік пікірі бар, еліміздің жас патриоттарының ой-санасын одан әрі дамытуды, білік өрісін, зиялылық, танымдық деңгейін көтеруді, қоғамдағы маңызды мәселелерді талқылап, ой түйе білу мақсатымен үстіміздегі жылдың 28 сәуірінде заң факультетінің №18 жатақханасында көпшілікпен жұмыс жүргізу секторының меңгерушісі Молдыбаева Н.С. мен заң факультеті деканының тәрбие жөніндегі орынбасары Жәнібеков Ақынқожаның ұйымдастыруымен «Бос уақыт алтынмен тең» атты пікір-талас сайысы өтті.
Пікір-талас кешінде студенттер бос уақытты өткізудің әр бағыты бойынша салмақты ойларын
ҚазҰУ 75 – жыл № 5 (104) мамыр - май 2009 ж. 10
ортаға салды. Солардың бірнешеуін келтіре кеткенді жөн көріп отырмыз.
Семейев Бағдат - заң факультетінің 3-курс студенті «Студенттердің басын қосатын, бос уақыттарын бірге өткізуге мүмкіндік беретін ұйымдық кештердің жиі болуы абзал» – десе, Муканова Аида - Заң факультетінің 2-курс студенті: «Студент қауымының бос уақыттарын мағыналы өткізетініне сенімдімін» - деп кесті.
Ал - Заң факультетінің 2-курс студенті Жетпісбаев Аслан: «Адамзатқа берілген бос уақыттың мәнісі жайлы Құран сүрелерінде айтылған және сол айтылған сүрелердің
баршамызға маңызы зор» - деген оймен бөлісті. Меруерт, Даулет, Багдат, Бауыржан атты студенттер өздерінің пікірлерінде спортпен шұғылданатындарын, көркем әдебиет оқитындарын, биге баратындарын, достарымен серуендеуді, интернет желісінде бос уақыттарын өткізгенді ұнататындарын айтты.
Бүгінгі студент ертеңгі жерұйықты орнататын маман.
Өткен іс-шарадан осындай уақыты тығыз студенттеріміздің оқуларынан босай қалған уақыттарында денсаулықтарына пайдалы, ынталы да қызықты істермен шұғылданып, бос уақыттарын мағыналы да сәнді өткізетіндеріне куә болдық.
Көпшілікпен жұмыс жүргізу секторының
кітапханашысы Шығанбаева Жұлдыз
Кітапхана қоры университеттің ғалым - ұстаздарының, жеке тұлғалардың және түрлі мекемелердің сыйға тартқан кітаптарымен үнемі толығып отырады.
Кітапхана ұжымы оларға алғысын білдіре отырып, өткен айда сыйға тартылған кітаптардың тізімін назарларыңызға ұсынады:
Мансұров Зұлқайыр Аймұхаметұлы, ҚазҰУ-нің Бірінші проректоры, химия ғылымдарының докторы, профессор. – Персидская проза. - Алматы: ИП Дар, 2006. - 540 с., Энциклопедия персидско-таджикской прозы. Кн. 2. Гулистан, Бахаристан, Тутинаме. Душанбе: Таджикская национальная энциклопедия и ИП Дар - Алматы, 2007. - 556 с. ил.- 24 с.
Жатқанбаев Ержан Байқожаұлы, экономика ғылымдарының докторы, профессор. – Ерогова, А.М. Пособие по переводу экономической литературы с английского языка на русский.; / А.М. Ерогова, В.К. Морозова (для экономических вузов и факультетов) Москва: Высшая школа, 1973. - 135 с., Заражевская,Т.А. Трудности перевода с английского языка на русский; на материале газетных статей. - Москва: Международные отношения, 1972. - 115 с., Western Rights? Post-Communist Application. edited by, ANDRAS SAJO, editorial support by Katharine Lauer. With an Introduction by Joseph Raz: KLUWER LAW INTERNATIONAL; THE HAGE / LONDON / BOSTON. 1996 – 383 s., және журналдар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде - (8 дана).
Достарыңызбен бөлісу: |