Физикалық қасиеттеріНегіздердің судағы ерітінділері қолға сабындалып тұрады; матаны, теріні, қағазды күйдіреді, сондықтан куйдіргіш сілтілер (КОН, NaOH) деп аталады. Олармен жұмыс істегенде аса абай болу керек. Негіздерді еріткенде әдетте кәрлен ыдыстар колданылады, онын, себебі шыны ыдыстар сілтілермен әрекеттескенде тез бүлінеді.Қышқылдар сияқты барлығына ортақ анықтағыштары (индикатор) бар, себебі олардың барлығына ортақ гидроксотоптары бар. Негіздерді анықтауға фенолфталеин деп аталатын анықтауыш қолданылады.
Паули принципі.Көпэлектронды атомдарда электронның жағдайы Паули ашқан квантты –механикалық заңмен өрнектеледі.Бұл заң бойынша, төрт квант сандарымен суреттелетін бір кванттық жағдайда тек бір ғана электрон болады. S-орбитальда спиндері антипараллель тек екі электрон ғана орналасады.Салдары: 1. Деңгейдегі электрондардың максимал саны негізгі кванттық санның екі еселенген квадратына тең 2. Деңгейшедегі электрондардың саны 2(2l+1) ге тең.
Гунд ережесі. Бір деңгейшелер аралығында сәйкес орбитальдарды электрондармен толтырған кезде,электрондар спиндерінің қосындысы максимал болуы керек.Барлық орбиталдарда бір электроннан орналасқаннан кейін ,келесі электрондар жұптасып орналасады.