«Заттың агрегаттық күйлері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Орындау уақыты 25 минут 1



Дата06.02.2022
өлшемі227,19 Kb.
#79486
Байланысты:
1 ток 2 болим


«Заттың агрегаттық күйлері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Орындау уақыты 25 минут
1. Өлшемі 2×5×10 см қорғасын пластинкасы балқу температурасынан 27 ºС-қа суыған кезде қанша энергия бөлінеді? ρ=11,3·103 кг/м3, λ=2,5∙104Дж/кг, сқор=140 Дж/(кг∙°С), 𝑡0=327 °С
2. Iшіне мұз бөліктері және термометр салынған химиялық стақан жылы бөлмеде 15 минутқа қалдырылды.

5 минутқа дейін cтақанның ішінде су көрінбеді. 15 минуттан кейін стақанда кейбір мұз бөліктері қалды.
Қай график термометр көрсетуінің өзгеруін көрсетеді?






3. а) Затқа жылу энергиясы бірқалыпты беріліп жатыр. Зат температурасының уақыт бойынша өзгеруі 1 суретте көрсетілгендей.

1 сурет
1 суреттегі А нүктеге сәйкес келетін температурада зат қатты күйде болады.
Суреттегі бөліктерде заттың күйі және оның температурасы қалай өзгеретінін тұжырымдаңыз.
АВ бөлікте ……………………………………………………………………...
ВС бөлікте ……………………………………………………………………..
СD бөлікте …………………………………………………………………….
b) Суық суы бар контейнерге бу жіберілді.
Контейнердегі судың температурасында қандай өзгеріс болатынын тұжырымдаңыз.
Тұжырымдама ………………………………………………………………………………….
4. а) Төменде қайнау туралы үш тұжырым берілген.
1. Сұйық белгілі температурада қайнайды.
2. Қайнау кезінде сұйықтың ішіндегі кез келген нүктеде бу пайда болуы мүмкін.
3. Жылу энергиясы берілмесе қайнау тоқтайды.
Булану туралы төмендегі эквивалентті тұжырымдарды толықтырыңыз.
1.Сұйықтың булануы ..........................................................................................
2. Булану кезінде ..................................................................................................
3. Жылу энергиясы берілмесе булану ...............................................................
b) Электрлік қыздырғыш плитка үстінде тұрған ыдыстағы су 100 oС-та қайнап жатыр. 20 минутта 0,075 кг су бу түрінде жоғалды. Судың меншікті булану жылуы 2,25∙106 Дж/кг.Қайнап тұрған суда 0,075 кг судың буға айналуы үшін жұмсалған энергияны есептеңіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет