Заурбекова А. М, Алимбекқызы Қ Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақстан «Бастауыш сыныпта интербелсенді оқыту технологиясы арқылы оқушының өзіндік пікірін қалыптастыру»



Дата26.08.2017
өлшемі44,61 Kb.
#29555
Заурбекова А.М, Алимбекқызы Қ

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақстан

«Бастауыш сыныпта интербелсенді оқыту технологиясы арқылы оқушының өзіндік пікірін қалыптастыру»

Білім сапасын жақсарта отырып, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдараламасын жүзеге асыруда, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Жолдауында «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды» - деп мақсат қойып отыр.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес. Заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді сабақ үрдісінде тиімді пайдалана алатын білігі мен білімі жоғары ұлағатты ұстаз болу. Сондықтан да мұнымен шектеліп қалмай алдағы уақыттарда да біз өз білімімді жетілдіріп, жаңа технологияның тағы да белсенді, тиімді жолдарын білуге, сонымен жұмыс жасауға әрекеттену қажет болып табылады.

Оқушылар арасында еркін, ашық шығармашылық қарым-қатынас орнату, оқушыларға білімді өз бетімен ізденуге бағыт-бағдар сілтеу, оқушыларға қажетті білік-дағдыларды қалыптастыру, белсенділікті дамыту.

Интербелсенді оқыту арқылы оқушылардың өзіндік пікірін қалыптастыру жолдары:

• Зерттеу жүргізу және жоспарлау, сабақта интербелсенді оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдану;

• Оқушыларды өз бетімен білімді игеруге, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, сыни тұрғыдан ойланып, проблемаларды шешуге дағдыландыру;

• Қазіргі заманғы жаңа техникаларды қолдана білу білімдерімен және дағдыларымен қаруландыру, оқу үрдісінде кеңінен қолдану;

Осы талаптарды орындау арқылы: еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, белсенді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптасады.

Таным әрекеттерін ұйымдастырудың арнаулы әдістемесі ретінде интербелсенді оқыту білім игеру процесіне қатысушылардың тиімді қарым-қатынасына негізделеді. Интербелсенді әдістер-үйренуші мен үйретушілердің өзара әрекеттесуін оқытудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер. Қазіргі таңда дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі оқыту» стилі арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды. Дәстүрлі сабақпен интербелсенді оқыту әдістерінің айырмашылықтарын көруге болады:

Дәстүрлі сабақ

1.Мұғалім уақыттың көп бөлігінде сөйлейді,белсенді

2.Оқушылар тыныш отырып, мұғалімді тыңдайды.

3.Оқытудың басым түрі-түсіндіру

4.Сабақтың негізгі бөлігі жеке-жеке бағалау

5.Сабақ кезеңдері ұзақ мерзімде өтеді

Интербелсенді әдіс

1.Оқушылар көп уақыт бойы белсенді,тапсырманы талқылайды

2.Мұғалім-бағыттаушы. Пікірталас кезінде көмектеседі, сұрақтар қояды

3.Оқушының өзі сұраққа жауап іздейді

4. Бағалаудың жаңа түрлерін пайдаланылады

5. Жұппен және топпен жұмыс

«Интербелсенді» дегеніміз біреумен қоян-қолтық қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру. Ал «интербелсенді оқу» дегеніміз өзара қарым-қатынасқа негізделген оқыту, диалог арқылы үйрету.

Интербелсенді оқыту оқу процесінің тиімділігі мен нәтижелігін үйренушілердің есте сақтау дәрежесімен өлшемей, олардың әрекеттерімен бағалайды, тек әрекет арқылы ғана үйрену ықтимал деген қағида ұстанады.

Осы қағиданы ұстанған мұғалім оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтып, сабақтарында оқушы бойындағы идеясы мен білім – біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруды талап етеді.

Интербелсенді оқытудың негізгі қағидалары:

• Орта қалыптастыру

• Әрекет арқылы үйрету

• Өмірмен байланыстыру

• Өзінділікпен дербестікке баулу

Әр ұстаз өз бетінше сыныппен жұмыстың жаңа формаларын ойлап таба алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін, жұптасып жұмыс істеу әдісін сабақтарда жиі қолданылады. Интербелсенді әдістер арқылы оқушылар белсенді болып, өзіндік пікір қалыптастырып, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге, өз көзқарасын дәлелдеуге, пікірталас жүргізуге, басқаларды тындауға, өзге пікірді сыйлауға және онымен санасуға үйренеді.

Оқушылардың оқу-таным әрекетін ұйымдастырудың барлық әдістері мен түрлерін пайдалануға болады. Мысалы: жеке, жұптасып немесе топтасып жұмыс істеу арқылы оқытудың сапасын, тиімділігін арттыруға болады.

Қазіргі мектептерде балалар белгілі білім мен білік алып қана қоймай, алған үлгі- өнегені өмір бойы пайдалана білуі тиіс.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 2012 ж.

2.«Жаңаша оқыту – заман талабы» Ғ.Сұлтанова, З.Сатқаева, Алматы, 2011 ж. 3.«Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде» С.Мирсеитова, Қарағанды, 2011 ж. (45-б.);

4.«Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі» Н.С.Байжуманова. «Білім әлемінде» журналы, 2008 ж.



Кілт сөздер: білім, жаңа-педагогикалық технология, шығармашыл, интербелсенді, әдіс, проблемаларды шешу, дағдыландыру;
Аннотация: Бастауыш сыныпта интербелсенді оқыту технологиясы арқылы оқушының өзіндік пікірін қалыптастыру.

Заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді сабақ үрдісінде тиімді пайдалана алу. Білім беру саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес. Заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді сабақ үрдісінде тиімді пайдалана алатын білігі мен білімі жоғары, сондықтан да мұнымен шектеліп қалмай алдағы уақыттарда да біз өз білімімді жетілдіріп, жаңа технологияның тағы да белсенді, тиімді жолдарын білуге, сонымен жұмыс жасауға әрекеттену қажет болып табылуда.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет