«Үздік оқу-әдістемелік кешен» тақырыбында өткізілген облыстық байқауының талдауы «Үздік оқу-әдістемелік кешен»



Дата10.04.2017
өлшемі50,96 Kb.
#13627
«Үздік оқу-әдістемелік кешен» тақырыбында өткізілген облыстық байқауының талдауы
«Үздік оқу-әдістемелік кешен» тақырыбында өткізілген облыстық байқауы жалпы білім беретін мектептер мен кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының оқытушылары арасында облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес 2012 жылдың 23 қарашасы күні өткізілді.

Бірінші кезең (дайындық) – 2012 жылдың 10 ақпаны мен 15 қазаны аралығында, екінші кезең (аудандық/қалалық) – 2012 жылдың 15-19 қазан аралығында аралығында, үшінші кезең (облыстық) – 23 қараша күні облыстық орта білім беру саласын ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізілді.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері:


  • Жаңа ақпараттық технологиялар арқылы білім беру үрдісінің сапасы мен тиімділігін арттыру.

  • Пән мұғалімдерінің оқу-әдістемелік кешендерді қолдануын жандандыру.

  • Оқу-әдістемелік кешендер банкін құру және пән мұғалімдерінің осы бағыттағы үздік іс-тәжірибелерін тарату.

  • Шығармашылықпен жұмыстанатын мұғалімдерді анықтау және қолдау.

Облыстық байқаудың қорытынды кезеңі 2012 жылдың 23 қараша күні облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының конференц-залында өткізілді. Облыс мектептері мен кәсіптік колледждер арасынан екінші(аудандық/қалалық) іріктеу кезеңінен үздік шыққан 25 кешен сарапшылар талқысына ұсынылды. Ереже бойынша кешенді қорғауға 10 минуттан берілді.

Ақжайық ауданы атынан Тайпақ мектеп гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Е.С.Өмірзақов «Информатика. 8-сынып» ОӘК-нін ұсынды. Кешен жадығаттары 9 модульмен ұйымдастырылған. Модульдер бірнеше параграфтардан және тапсырмалардан тұрады. Кейбір модульдерде тапсырмалар қарастырылмаған. Білімін тексеру үшін EasyQuizzy платформасында жасалған тесттер қолданылады, тек тесттер жекелеген модульдерде ғана бар.

Бөрлі ауданынан байқауға екі кешен қатысты: З.А.Мурзагалиева (№5 ЖОББМ) мен А.М.Айсагалиева (№6 ЖОББМ) «Жануарлар мен адам ағзасының негізгі функционалдық жүйелерінің эволюциясы» ОӘК-і және Н.К.Урисбаеваның (№2 ЖОББМ) «Нетрадиционные формы обучения на уроках русского языка и литературы». Бірінші аталған авторлар оқу-әдістемелік кешенді жинақтау және ұйымдастыру барысын шығармашылықпен жүзеге асырған. Иллюстрацияланған теориялық мәтіндер суреттерде ұйымдастырылған гиперсілтемелер арқылы құрылымын визуалды көрнекілендіруде ұтымды жағдайлар туғызады. Факультативтік курсқа арналған оқу-әдістемелік кешен тапсырмалармен, бақылау тапсырмаларымен, тақырыптық-күнтізбелік жоспармен және сарамандық жұмыстармен толықтырылған. Авторлар Байқау қорытындысы бойынша екінші орынды иеленді.

Байқауға қатысқан Н.Урисбаеваның кешені бірқұрылымды сөйлемдерді зерделеуге арналған тар тақырыпқа арналған. Оқу-әдістемелік кешен тек бір сабақтың шеңберінде жасақталған. Мәтіндер «Күнтізбелік мейрамдар» деген тақырып аясында құрастырылған.



Зеленов ауданы Қ.Ахмиров атындағы ЖОББМ-ң информатика пәнінің мұғалімі Л.Б.Бекмурзиеваның «MS Publiser» ОӘК-нін ұсынды. Автор MS Publiser бағдарламасының баспа өнімдерін дайындауда графикалық, дизайндық мүмкіндіктерін айта келіп, мектеп бағдарламасында қарастырылмағанын атап өтті. Сондықтан пәнді тереңдету мақсатында немесе факультативтік сабақтар ұйымдастыруда қолдануға ұсынды. Кешен иллюстрацияланған теориялық жадығаттармен, сарамандық және қадамдары бойынша ашып жазылған зертханалық жұмыстармен жабдықталған. Тапсырмалар барлық тақырыптарда бірнеше деңгейде берілген. Әрбір модуль соңында тесттік тапсырмалар арқылы оқушылардың білімі тексеріледі. Кешен құрасында жұмыс жоспары берілмеген. Қазылар алқасының шешімімен жоба авторына «Ерекше шығармашылық кешен» номинациясы берілді.

Тасқала ауданынан С.Жақсығұлов атындағы ЖОББМ-ң қосымша білім беру мұғалімі С.М.Иргалиева «Электронное пособие по оргработы школьного кружка «Компьютер – мой инструмент» ОӘК-мен қатысты. Кешен мұғалімнің өз тәжірибесі негізінде жасақталған. Жадығаттарды ұйымдастыруда VCT-шаблонды таңдауы сәтті шыққан. Оқушылардың шығармашылық жұмыстары фотогалерея арқылы үлгі ретінде көрсетілген. ОӘК мұғалім портфолиосына көбірек ұқсайды.

Байқауға Бөкейорда ауданы А.Құсаинов атындағы ЖОББМ-тің ағылшын тілі мұғалімі Г.А.Аменованың «Ағылшын тілі сабағында ойын түрлерін қолдану» оқу-әдістемелік кешенін ұсынды. Кешен белгілі бір курс/бөлім бойынша толық нормативтік, әдістемелік, дидактикалық жинақ бола алмайды. Қосымша жадығаттармен сүйемелденген дидактикалық ойындар жинағына көбірек ұқсайды.



Орал қаласының атынан байқауға қатысқан 6 жұмысы қорғалды.

Ж.Молдағалиев атындағы №2 ЖОББМ-ң бастауыш мектеп мұғалімі Н.С.Оналованың дүниетану пәні бойынша «Адам организмі» оқу әдістемелік кешенін электроны оқулық түрінде ұсынған. Кешеннің басым бөлігі теориялық мәтіннен тұрады. Мультимедиалық қосымшалардың қызметі дұрыс ұйымдастырылған. Жобада өрескел қателіктер бар. Мысалы «организм» термині «ағза» болып толығымен қолданысқа енген. Терминдерді қолданудағы мұндай қателіктер бастауыш сыныпта болмауы керек. Сонымен қатар жобада пунктуациялық қателер кездеседі.

№9 ЖОББМ-ң саз пәнінің мұғалімі Л.В.Бригида «Консерватория для малышей» ОӘК-нін қорғады. Автор өзінің жинақталған іс-тәжірибесін дәстүрлі емес сабақтар жинағы түрінде безендірілген. Кешенді қорғау кезінде автор әзірлеменің құрылымы мен әдістемелік құндылығы туралы ашып айта алмады, тек жұмыстың құрастырылу тарихы туралы ғана айтты.

Қалалық білім бөлімінің әдіскері З.Ш.Шайханова 11 сыныпқа арналған «Интеграл и его применение» оқу әдістемелік кешенін ұсынды. Кешен тақырып бойынша екі бөлімнен тұрады. Бөлімдер 2-3 теориялық модульден, тапсырмалардан және бақылау тестілерінен тұрады. Сабақ жоспарлары бөлімінде оқушы дәптерлерінен сканерленген бірнеше есептер берілген, яғни бөлімнің мазмұны атауына сәйкес келмейді. Сонымен қатар «Интегралдың физикалық мағынасы» бөлімінде берілген анықтамалықтағы 5 формуланың үшеуі қате берілген. Бұл облыстық деңгейдегі байқау жұмысы үшін өрескел қате болып табылады. Әзірлеме әдістемелік құрал болғанымен, оқу-әдістемелік кешеннің талаптарына сай келмейді.

ЭБГ-ның информатика пәнінің мұғалімі Л.И.Легостаевның «Изучаем Corel Draw» атта оқу-әдістемелік кешені информатиканы тереңдетіп оқытатын сыныптар үшін немесе факультатив түрінде берілетін пән үшін жабдықталған. Кешенде теориялық материалдар, иллюстрацияланған практикалық жұмыстар, шығармашылық жұмыстар ұйымдастыруға арналған тапсырмалар, тақырыптық тесттер бар. Оқушылар жұмыстарының портфолиосы фотогаларея түрінде ұйымдастырылып, өзіндік жұмыстарға үлгі ретінде қолдануға жағдай жасалған. Қазылар алқасының шешімі бойынша оқу-әдістемелік кешен ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

№14 мектептің информатика пәнінің мұғалімі Г.Б.Албидакова дайындаған «Санау жүйелері» ОӘК-ні сандарды әр түрлі санау жүйелерінде түрлендіруге арналған жаттығуларға бай. Жұмыс «Үздік web-дизайнды кешен» номинациясын иеленді.


Байқаудың бағалау критерийлерінің барлық талаптарына сай келетін Орал қаласы №35 МЛ-нің мұғалімі С.В.Жигалинаның «Учебно-методическое пособие для 7 класса» ОӘК-ні Бас жүлдені жеңіп алды. Кешенде пәннің нормативтік құжаттарынан бастап, сабақ жоспарлары мен толық дидактикалық қамтамасыз етілуі берілген.

Байқаудың облыстық кезеңіне байқау ережесіне сай болмағандықтан Жаңақала, Казталов, Сырым, Теректі, Жәнібек, Шыңғырлау және Қаратөбе аудандық білім беру бөлімдерінен ешқандай кешен байқауға қатыстырылмады.




ББҮОӘҚ зертхана меңгерушісі С.Әліпбаева

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет