2. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті міндетті:
2.1 Үздіксіз кәсіби (өндірістік) тәжірибесі мерзімінен 2 ай бұрын мекемеге келісім үшін тәжірибе бағдарламасын жіберу;
2.2 Тәжірибеден өтуге жіберілген студенттердің тізімін тәжірибенің басталуына бір аптадан кем емес уақытта мекемеге жіберу;
2.3 Күнтізбелік жоспармен бекітілген тәжірибеден өту мерзіміне сәйкес студенттерді мекемеге жіберу;
2.4 Тәжірибе жетекшісі ретінде білікті профессорларды, доценттерді және оқытушыларды тағайындау.
3. Студент міндетті:
3.1 Тәжірибе бағдарламасында көрсетілген барлық тапсырмаларды орындауға, керекті ақпарат жазылған күнделік жүргізуге, күндер бойынша атқарылған жұмыстың көлемін көрсетуге, мекеме мамандарынан кеңес алуға, мекемедегі қоғамдық жұмыстарға және басқа да іс-шараларға қатысу.
3.2 Еңбек қауіпсіздігі ережелерін, техникалық қауіпсіздік және санитарлық ережелерін қатаң түрде сақтау.
3.3 Мекеме бөлімдерімен, кадрлық орналасуымен және қызметтік нұсқаулықпен танысу.
3.4 Техникалық құралдар-жабдықтарды, құжаттарды ұқыпты пайдалану.
3.5 Тандалған мамандық бойынша, теориялық білімін тәжірибелік дағдылар көмегімен бекіту.
3.6 Атқарылған жұмыстарға және оның нәтижесіне жауапты қарау.
3.7 Мекеменің жұмыс күнінің тәртібін ұстану.
3.8 Тәжірибе жұмысына жауапты түрде қарау, барлық тапсырмаларды өздігінен орындау.
3.9 Бөлімнің қоғамдық өміріне, басқару және тәрбиелік жұмыстарына қатысу.
3.10 ҚазҰУ имиджін көтеру.
3.11 Тәжірибе жетекшісіне, мекеменің басшысымен куәландырылған атқарылған жұмыстары бойынша тәжірибе есебі туралы күнделік, мінездеме және бағалау қағазын өткізу.
Достарыңызбен бөлісу: |