Зейін туралы жалпы ұғым
Зейін жәнінде түсінік Психикалық іс-әрекеттің мақсат бағдарлы және нәтижелі болуы үшін адам ең алдымен өзінің ой-санасын істеп жатқан әрекеті мен сол әрекет нысанына тоқтата білуі қажет. Әдемі сурет салуға бекінген баланы көз алыңызға келтіріңіз. Сурет затын, оның түр-түсі мен қағазға қалай орналасуын ойластырамын деп, жас суретшінің жүчыска шомғаны сонша, тіпті ата-аналарының оған карата яйткан сөздерін мүлде аңғарар емес. Мұндайда бала зейініп істеп жатқан әрекетіне шоғырлады, назарын қажетті заттерына аударды, баска заттардың бәріне аландамастан, өз ке гтімен шұғылданды дейміз.
Келтірілген мысал адамның бір мезгілде әрқандай заттар туралы ойлап, әртүрлі іспен бірдей шұғы дана алмайтынының дәлелі. Сондықтан да оның санасы белтілі мезеттің әрбір бөлігінде өзіне қажет болған заттар мен құбылыстардың маңызды да мәнді тараптарына бағытталады. Ой сананың бағытталуы деп ең алдымен психик лық әрекеттің таңдамалылық сипатын, нақты объекті күні бұрын ниетті іріктеуін, не оған мән бермеуін айтамыз. Белытталу түсінігі сонымен бірге іс-әрекеттің біршамя уақыт аралығында өз сипатын сақтап тұра алу қасиетін де қамтиды. Зейінді болу үшін қандай да бір істің түрін таңдап кана алу жеткіліксіз, сол таңдауды тұрақтатып, сақтап қалу қажет Мысалы, педагогикалық пропесте оқушылар зейінін, анау не, мынау зат не деп, іске бағыттау онша киындық тудырмайды, әңтіме төркіні сол зейін бағытын қажетті уақыт аралы ында сақтап тұру.
Зейін сөзі сонымен бірге біздің ой-санамыздың белгіш іс әрекетке шоғырлануы мен шому мағынасын да білдіреді Адам алдында тұрған міндет неғұрлым қиын болса, зейін де соғұрлым күшті әрі өткір болып, ал жұмыс киындығы болмағанда, зейін салудың күші де кемірек келеді.
Өз кезегінде зейін шоғырлануы ой-сананы қажетсіз объекттердің бәрінен ауыстыра алумен де байланысты. Зейін объект күші толығымен нақты бір істің шешіміне бағышталған шақта, төңіректегі қалған заттардың бәрі біз үшін елес күйінде байқалады.
Сонымен, қандай да бір затқа зейін қоюымыздан, ол зат біздің санамыздың төрінен орын теуіп, қалған дүние деректерінің бәрі сана аймағының шектеріне ығыстырылады. Осыған орай зейін аударылған заттың санамыздағы бейнесі нақты айқындалып, ол жөніндегі елестер мен ойлар іс-әрекет мақсатына жеткенше, санамызда бекіген халде сақталады. Осыдан, зейін іс-әрекетті бақылау және реттеу қызметін де атқарады.
Зейін, әдетте, адамның бет, дене қалпы мен қозғалыстарында көрінеді. Сырттай-ақ зейінді тыңдап отырған оқушыны зейінсізінен айыруға болады. Ал кей жағдайларда зейін қоршаған дүние емес, адам санасындағы ойлар мен бейнелерге де бағытталады. Мұндай жағдайдағы зейін интеллектуалды деп аталып, ол сезімдік зейіннен біраз өзгеше келеді. Ал ой-сана дене қозғалыстарына бағытталатын болса, онда сөз арқауына қимылдық зейін алынады. Мұның бәрі зейіннің дербес танымдық, өз мазмұнына ие болмай, өзге танымдық процестердің қосалқы қызметтерін атқаратынын дәлелдейді.
Зейіннің мұндай қызықты да қайшылықты қасиеттері ғалымдар назарына түсіп, оның пайда болуы мен мәнін әрқилы пайымдауға негіз берді. Зейін табиғатын түсіндіруде
H. Н. Ланге ғылымда қалыптасқан келесі тұжырымдар тобын алға тартады:
1. Зейін қимылдық икемделудің нәтижесі. Мұндай пікір келесі негізде туындаған: зейіннің бір заттан екінші затқа ауысуы бұлшық ет қозғалыстарынсыз мүмкін емес, қимыл нәтижесінде ғана сезім ағзалары қабылдау үшін тиімді жағдайларға икемдеседі.
2. Зейін сана аумағының шектеулі болуынан туындайды. Сана аумағы мен ауқымының қандай мәнге ие екенін түсіндіріп жатпастан, И. Герберт пен У.Гамильтон күшті елестердің әлсіз елестерді ығыстыратынын немесе тежейтінін алға тартады.
3. Зейін көңіл-күй нәтижесі. Ағылшын психологиясында кең өрісті дамыған бұл теория зейіннің алға белсенділігін көтеруге қажет дүниелік не идеалды нысанға сананың бағытталуы және шоғырлануы.
Зейін түрлері
Өзінің пайда болуы мен іске асу жағынан, әдетте, ейін ырықсыз және ырықты болып екі түрге бөлінеді. Ырықсыз зейін - ең қарапайым және адамда алғашқы көрінетін психикалык, процесс, оны сонымен бірге енжар, р, еріксіз ден те атайды, себебі ол адамның алдына қойған максатына тәуелсіз туындайды әрі әрекетке қосылады. Орындалып жатқан іс адамды өзінің кызықтылығы және тосындылығымен еріксіз баурап алады. Ырықсыз зейіннің пайда болу себептері әртүрлі, олар іс-әрекет иесінің дене-тәндік, психофизиологиялық және психикалық кейіп-қалпымен байланысты келіп, өзара ықпалды қатынасынан туындайды. Ол себептерді бірнеше категорияға келтіріп қарастыру мүмкін.
Бірінші себептер категориясына тітіркендіргіш әсердің сипаты мен сапасы жатады, Олардың ішінде ең алдымен ескеретініміз әсер күші мен қарқындылығы. Елестетіңіз: оқушы жазба жұмысын орындап отыр, оның жұмысқа құныққаны сонша, көшедегі не үйдегі анау-мынау жеңіл сыбдыр-шуды тіпті аңғарар емес. Ал кенеттен өз столынан түсіп кетіп, "тарс" ете қалған заттың дыбысы, оны еріксіз мойын бұруға мәжбүр етеді . Әрдайым күшті тітіркену әсері, айқай-шу, көз қарықтырар жарық, екпінді соққы, ашы иіс, дәм біздің зейінімізді еріксіз тартады. Мұндайдағы зейініміздің аударылуы әсердің шектен тыс күштілігінен емес, сол әсердің қалыпты жағдайға орайлас не орайсыздығынан. Мысалы, үйде ванна құбырларындағы ұдайы болып тұратын су гуілін күндіз тіпті байқамаймыз да аңғармаймыз, ал сол гуіл түнде күшейіп кететіндей, кейде ұйкы бермейді.
Аталған себептер тобына тітіркендіргіш әсердің жаңалығы мен тосындылығы да кіреді. Бұл тұрғыдан жаңалық деп бұрын білмеген, көрмеген зат, құбылыстар әсерін ғана емес, сонымен бірге бірдейіне ықпалында болып жүрген әсерлеріміздің физикалық қасиеттерінің өзгерісі немесе орын ауысуынан туындаған тітіркендіргіштерді танимыз.
Адамның көңіл-күйіне, мұқтаждық-қажетсінуіне сәйкес тысқы тітіркендіруші әсерлер ырықсыз зейін туындатушы себептердің үшінші тобын құрайды. Мысалы, аш адам мен ток адамның тағам жөніндегі әңгімені, болмаса оның иісі мен дәмін қабылдауы бірдей емес.
Зейін себептерінің, төртінші тобы тұлғаның жалпы бағыт-бағдарына байланысты. Міне осыдан, көше бойлап кел жатып, аула тазалаушының назары қоқыска түседі, тәртіп сакшысы - орынсыз тұрған машинаны аңғарады, ал архитек тор не суретші ежелгі ғимараттың сәніне сүйсінеді. Адамның бағыт-бағдары сонымен бірге оның бұрынғы тәжірибесі мен қалыптасқан сезімдік күйіне де байланысты. Ырықсыз зейіннің аса маңызды себептері, сонымен, бізді қызықтырып, эмоционалды кейпімізді өзгеріске түсіретін заттар, жағдайлар, құбылыстар. Ырықты зейіннің ырықсыз зейіннен ерекшелігі оның саналы мақсатқа тәуелді келуі. Зейіннің бұл түрі адам еркімен тығыз байланыста болып, оның еңбектік күш салуларының нәтижесінде пайда болады, сондықтан да ырықты зейін ерікті, белсенді, ниеттенген деп те сипатталады. Қандай да бір шешімді қабылдай отырып, біз іске кірісеміз, сол іс біз үшін сол мезетте ұнамаса да оған саналы зейін қойып, оны орындауға өзімізді мәжбүрлейміз. Ырықты зейіннің басты қызметі - психикалық процесс ағымын белсенді түрде реттеп бару.
Ырықты зейін себептері биологиялық емес, әлеуметтік: ол тәнмен бірге берілмейді, сәбидің ересектермен қатынасқа келу барысында қалыптасады. Л. С. Выготский зерттеулері анықтағандай, зейін қызметі алғашқы даму кезеңінде сәби мен ересек адам арасында бөлінген: ересек қоршаған ортадан нысанды бөле көрсетіп, оны сөзбен баламалайды, ал бала ым, ишараны байқаумен, затты танып, не сөзді қайталап, сигналға жауап қайырады. Осылайыншы, қажетті затты бала тысқы өрістен бөліп алады. Кейін жас бала өз бетінше мақсат қоюға үйренеді. Ырықты зейін дамуы сөз, сөйлеумен тікелей байланысты. Баладағы ырықты зейіннің қалыптасуы алғашқыда оның өз қылық әрекетін үлкендердің ауызша нұсқауларына бағындыруына тәуелді, ал содан соң, тіл қабілетінің артуымен өз әрекетін өзінің ауызша талаптарына көндіруіне байланысты.
Сапалық жағынан ырықсыз зейіннен үлкен айырмашылығы болғанымен, ырықты зейін де адам сезімдері, қызығулары және бұрынғы тәжірибесімен орайлас келеді. Бірақ бұл факторлардың ырықты зейін кезіндегі әсері тікелей емес, жанама, яғни ортаға саналы белгіленген мақсат енеді. Енді зейін тікелей әрекетке аударылмай, оның мақсаттық мәні мен кейінгі нәтижесіне бұрылады. Ал іс-әрекет болса, өздігінен емес, оның осы мақсат жолында қажеттілігінен ғана адамды қызықтырады.
Ғалым-психологтардың кейбірі ырықты зейін секілді мақсат бағдарлы, бастапқы еріктік күш салуды талап ететін зейіннің және бір түрін айырып қарастырады. Бұл зейін түрінде адам толығымен іс-әрекетке шомады, оған енді әрекеттің нәтижесі ғана емес, сол әрекеттің өзі де мәнді әрі қызғылықты болып көрінеді. Мұндай зейін түрін орыс тілді әдебиеттерде "послепроизвольный" (Н. Ф. Добрынин) деп атаса, қазақ тіліндегі оқулықтарда "үйреншікті зейін" атауымен баламалаған (Қ. Жарықбаев, А. Алдамұратов). Қай іс-әрекет болмасын алғашқы кезде оны игеру қаншама маңдай тер төккізіп, қиналысқа түсіріп, зорлануға душар ететіні белгілі, ал кейін үйрене келе, дағдыланудан әрекеттің нәтижесі ғана емес, оның өзі де адамды өзінен өзі баурап, әдемі орындалуынан көңілді қуаныш сезімге бөлейді. Әрекет енді әдейі қайталап, еске түсіріп тұруды, ерік күшін қосуды қажет ете бермейді, өзінен өзі орындалып жаткандай болып көрінеді.
Үйреншікті зейін өзінің саналы мақсат пен қызығу- ларға тәуелділігінен ырықсыз зейіннен ажыратылса, еріктік күштер қатысынсыз жүзеге асуынан ырықты зейіннен ерекшеленеді.
Педагогикалық процеске орай үйреншікті зейін үлкен маңызға ие. Оқу, тәрбие барысында шәкірттердің зейінін бір қалыпты ұстау үшін педагог олардың ерік күшіне арқа сүйегені қажет те жән. Бірақ бұл балаларды шаршатады. Сондықтан шебер педагог балаларды өздерінің бой, ой куатын босқа сарп етпей, жұмыс істеуі үшін сабақты қызғылықты, тартымды, ойын әдісімен өтуге тырысады. Оқушы сабақта біреудің тапсырысымен іс қылып жатырмын деген ойдан аулақтап, өмірімнің қызықты бір мезетін өтудемін дегендей сезімнен еңбек ләззатына бөленуі керек.
Үйреншікті зейін өзінің ұзақ уақыт түрақтылығы, үстемелі ақыл-ой қызметімен және жоғары еңбектік нәтижесімен сипатталады.
Зейіннің физиологиялық негізі
Зейіннің физиологиялық тетіктер арқылы қажетті де мәнді әсерлерді таңдауы белсенді ми қызметінің және жалпы тәннің сергектігі арасындағы байланысынан болады. Адамның сергектік деңгейін оның сырт кейпін бақылай танумен бірге мидағы әлсіз ток куатын анықтайтын электроэнцефаллограф (ЭЭГ) аппараты арқылы да білуге болады. Әдетте, сергектік 5 күйде көрініс беретіні дәлелденген: терең үйқы, қалғып-мүлгу жағдайы, сабырлы сергектік, белсенді сергектік, шектен тыс сергектік. Тиімді зейін тек сабырлы және белсенді сергектік жағдайында болуы мүмкін, ал басқа кейіп кездерінде зейін сапасы кеміп, кейбір кызметтерін орындай алуы ықтимал. Мысалы, мүлгіген жағдайда адам бір екі әсерге ғана жауап беріп, қалған тітіркендіргіштерді тіпті сезбейді. Сондықтан да шаршаған сана ешбір әсерді елеместен, терек ұйқыға берілуі мүмкін, ал нәрестесінің сәл ғана дауысынан оянып кетері сөзсіз. Зейін маханизмдерінің іске қосылуында бағдарлаушы рефлекстің рөлі өте күшті. Бұл құбылыстың негізі - адамдар мен жануарлар ағзасының сырткы орта өзгерістеріне сай тума қалыптасқан жауап бере алу қабілеті. Мысалы, сәл ғана сыбырдың өзінен мысық елең етіп, дыбыс шыққан тарапқа құлағын түреді. Қызықты да жауапкерлі жұмысқа шомған оқушылар кенет есік ашылудан, жұмыстарын қоя салып назарын есік жаққа еріксіз аударады. Бұл рефлексті И. П. Павлов "немене?" рефлексі деп атаған. Зейіннің таңдамалылығы ағзада болып тұратын күрделі процестермен байланысты. Әдетте, қоршаған орта арасынан қажетті әсерлерді саралап алуда екі топ ағза тетіктері іске косылады: перифериялық (шеткі) және орталық. Перифериялық механизмдерге сезім (түйсік) мүшелерінің икемдесу әрекеті жатады. Әлсіз дыбысты ұғуға орай адам дыбыс шыққан тарапқа мойын бұрады, сонымен бір уақытта сезімталдығын күшейту үшін тиісті бұлшык еттер құлақ жарғағын кереді. Ал күшті дыбыста жарғақ кернеуі босаңсып, миға өтетін жағымсыз әсерді басады.
Зейіннің орталық тетіктері бір жүйке ошақтарының қозуына байланысты басқа жүйке көздерінің тежелуі негізінде іске қосылып барады. Туындау әсері күшті болған қозу өзімен бір уақытта жүріп жатқан әлсіздеу процесті басып, психикалық іс-әрекеттің бағыт бағдарын айкындап отырады. Сонымен бірге, бір-біріне куат қосатын бір уақыттағы әлденеше тітіркендіргіштердің бірігіп, әрекетке түсуі де мүмкін. Қозулардың мұндай өзара байланысты ықпалы қажет болған әсерді таңдап, психикалық әрекеттің белгілі бағытта жүруіне негіз қалайды.
Зейін әрекетінің физиологиялық көрінісін түсінуде Ч. Шеррингтон ғылыми дәлелдеп, кейін И. П. Павлов кен қолданған жүйке процестерінің индукция заңы үлкен маңызға ие. Бұл заңға орай бас ми қабығының бір аймағында туындаған қозу оның басқа бөлектерінде тежелу пайда етед (бір мезгілді индукция) немесе мидын сол бөлігіндегі тежелумен орын ауысады (бірізді индукция), себебі нақ қозу пайда болған аймақ өзінің сол қозу үшін тиімді жағдайымен ерекшеленеді, сондықтан да бұл арада әсерлер жіктеліп, сарапталады, жаңа шартты байланыстар түзіледі, яғни бұл аймақ нақ сол мезетте - үлкен ми сыңарларының жасампаз, шығармашыл бөлігі сипатына ие. Ал мидың басқа бөліктерінің қызметі бұл уакытта адамның астар саналы немесе автоматтандырылған әрекетімен байланысып жатады. Зейіннің физиологиялық негіздерін айқындауда доминанта принципі (А. А. Ухтомский) де жетекші мәнге ие. "Доминанта" түсінігі нақты бір мезетте жүйке орталықтарының қызметіне ықпал жасап, уақытша үстемдік етумен психикалық болмысқа бағыт-бағдар беретін қозу ошағын білдіреді. Доминантаның ерекшеліктеріне байланысты жүйке жүйесіне беріліп тұрған импульстер бірігеді әрі жинақталады, сонымен бірге басқа орталықтардың белсенділігі шектеліп, қозу ошағының әрекеті күшейе түседі. Үстем қозу көзінің пайда болуына тек тітіркендіргіштің күші ғана емес, бұрын болған әсерлердің және жүйке байланыстарының өткен тәжірибеден қалыптасқан іздері де негіз бола алады.
Бірақ жүйке қозғалысының индукция заңы да, доминанта жөніндегі тағылма динамикадағы зейін құбылысын, әсіресе оның ырықты сипатын толық ашып бере алмайды. Оның себебі адамдарда жануарларға тән болмаған өз зейінін мақсат бағдарлы басқара алу қабілетінің болуында. Мақсат қою мен оны нақтылап отырудан зейін туындайды, тұрақталады және ауысып тұрады. Қозудың басымдау ошағының пайда болуын бірінші және екінші сигналдық жүйкелердің өзара ықпалды байланысымен түсіндірген жән, себебі қозу тілдік (екінші) сигналдың таңдамалы иррадиациясымен бірінші сигнал жүйесіне өтеді. Өз кезегінде, алғашқы тітіркендіргіштер сөздік баламаға келіп, мақсатты нақтылауға себін тигізеді де қажетті қозу көзінің одан әрі күш алуына көмектеседі.
Сонымен, зейін табиғаты өзара бір біріне тәуелді байланыста болған ми құрылымының біртұтас жүйесінің іс-әрекетімен байланысты, бірақ олардың зейін түрлерін реттеудегі рөлі бірқалыпты емес.
Достарыңызбен бөлісу: |