Орындаған:Акилова Жания Б-19-1
Ақуыздардың
қызметі
Ақуыздар – жасушаның ең маңызды
макромолекуларының бірі болып
табылады. Оның элеметтік құрамын,
құрылысының теориясын алғашқылардың
бірі болып зерттеген және протеин
(protein-бірінші) деп атауды ұсынған
Голландия химигі және дәрігері Г.Я.
Мульдер болатын. Ақуыз организмдер
тіршілігінде олардың құрылысы дамуы мен
зат алмасуына қатысуы арқылы әртүрлі
және өте маңызды қызмет атқарады
Ақуыздар жасушада маңызды қызметтер атқарады:
Құрылымдық – биомембраналар
құрамына кіреді;
Энергетикалық – қуат
көзі болып табылады;
Катализдеуші – жасушаның
барлық биохимиялық
реакцияларын реттейтін
ферменттер болып табылады;
Сигналдық – жасушаішілік және
жасушааралық сигналдарды
қабылдауға және өткізуге
қатысады;
Қозғаушы – бұлшықеттердің
жиырылуын қамтамасыз етеді;
Өткізгіштік – арналар
мен сорғыштарды
қалыптастырып,
мембрана арқылы
заттардың өткізілуін
қамтамасыз етеді:
Реттеуші – репликация,
транскрипция, трансляция
факторлары ретінде ДНҚ
учаскелерімен байланысып,
гендердің экспрессиялануын
реттейді;
Достарыңызбен бөлісу: |