Зеленый Жирный Современный Предложение Здравоохранение Миссия и Цели Презентация



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата11.05.2022
өлшемі0,91 Mb.
#141934
1   2   3   4
Байланысты:
Зеленый Жирный Современный Предложение Здравоохранение Миссия и Цели Презентация
666
С
К
И
Ф


Сақ мәдениеті — ерте темір дәуіріндеҚазақстан мен оған
жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырған
археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Бұл
тайпалардың тарихы бізге сақ атауы негізінде көне
парсыжәне грек жазба деректерінен жеткен.
Археологиялық зерттеулер Қазақстандағы Сақ мәдениеті
жөнінде (б.з.б. 7 — 3 ғ-лар) неғұрлым толығырақ деректер
береді. 1930 жылдардың соңында басталған зерттеу
жұмыстары іс жүзінде 1946 жылдан кейін ғана кеңінен
өрістеді. Жетісу, Төменгі Сырдария, Орталық, Солтүстік,
Шығыс Қазақстанда Сақ мәдениеті ескерткіштері
ашылды, көптеген қорымдар, ғұрыптық орындар, т.б.
жәдігерлер қазылып, зерттелді. Жетісудағы Есік (Алтын
адам) Бесшатыр обалары мен көптеген көмбелер,
Сырдың төменгі ағысындағы Үйғарақ қорымы, Орталық
және Солтүстік Қазақстандағы Тасмола мәдениетінің
обалары, Шығыс Қазақстандағы Берел, Шілікті
қорымдары, т.б. көптеген нысандар көне сақтардың
тамаша ескерткіштері ретінде танымал. Кең байтақ
аумақтарға тарағандықтан, әр өлкенің мәдениетін
зерттеудің өзіндік жүйелері қалыптасқан.


Сақ ар ң мә ен е і мен өнері —
Сақ аман н а Қа ақс ан аумағ н ағ ма
өсіре ін а а ар ң мә ен е і мен өнері ө інің
а
н ағ уақ
ен са с рған а аму ң
бір ама оғар са с на е і.
Темірме а ур яс , ө е і әне ар
а
ө е і ма аруа
ғ ма ер а
қ әне
рухан мә ен е үр ерін үбірімен ө ер і.


Скифтер (көне грекше: Σκύθης, Σκύθαι), Скифтер
патшалығы — Қара теңіздің солтүстік жағалауын мекендеген
ежелгі тайпаларбірлестігі. Олар сарматтар мен сақтарға
туыстас еді. Б.з.б. V ғасырда скифтер қоғамында алғашқы
қауымдық құрылыс ыдырап, егіншілік пен мал шаруашылығы
дами түсті. Геродоттыңмәлімдеуінше Днепрдің батысында
егінші скифтер, ал шығысында малшы скифтер қоныстанған.
Сонымен қатар олар Азов түбегі маңында “патшалық”
скифтер болғанын, олардың көшпелі тұрмыс кешетіндігін,
доңғалақты киіз үйлерде тұратындығын мәлімдейді. Ежелгі
грек авторларының жазбаларына қарағанда, скифтер
арасында құл иеленушілік орын алған. Құлдар негізінен
көршілес елдерге жасалған жорықтар кезінде қолға түскен
тұтқындардан тұрған. Скифтердің тайпалық бірлестігін құруда
Атей патшаның белсенділік танытқаны жайлы деректік
мәліметтер сақталған. Оның билігі тұсында скифтер Доннан
Төменгі Дунайға дейінгі аралықты мекендеді. Б.з.б. III
ғасырдың соңында скифтер патшалығының астанасы Неапол
(Симферопол маңы) қаласы болған. 


 Жазу — адамның ой-пікірін, басқа адамға хабарлап
айтқысы келген сөзін, мағлұматын таңбалар арқылы
жеткізуді қамтамасыз ететін белгілер жүйесі. Оның
алғашқы нұсқалары өте ерте заманда жасалды. Жазу
қатынас құралы ретінде пайдаланылған суреттер мен
шартты белгілерден кейін пайда болған. Өз ойын басқаға
жеткізу үшін адамдар әуелде заттың өзін пайдаланды.
Мысалы, кеткен бағытын көрсету үшін жолға бұтақ
тастаған. Кейін осы мақсатпен ағашқа садақтың оғын қадап
кеткен. Ойды зат арқылы білдіру үрдісі ежелгі замандарда
тайпалар арасындағы елшілік қарым-қатынастарда да
пайдаланылған. Үндістер соғысатынын хабарлау үшін
қарсы жаққа айбалта жіберетін болған. Елші оны әкеліп
жерге қояды, егер жау жақ оны көтерсе — соғысуды
мақұлдағаны. Кейін мұндай рәміздік зат орнына таңбалар
бедерленген бұйымдар қолданылған.


Мәдениет
Рухани
мәдени
мәдениеттің материалдық
тұрпатына әдетте
техниканың, еңбектің, тұрғын
үйдің жағдайы, киімнің
сипаты, сондай-ақ
мемлекеттік жүйе, сот
өндірісі, армия, білім жүйесі
сияқты организмдер жатады;
мәдениеттің рухани
көрінісіне ғылым
жетістіктері, өнегелік, өнер,
дін, құқықтық және саяси
сана, тиісті идеялар,
нормалар, теориялар
жатады


Әдетте материалдық мәдениетке адамның материалдық-өндірістік қарекетін
жатқызады және оның нәтижелерін — еңбек құрал-саймандарын, мекен-жайын,
күнделікті тұрмыс заттарын, киімді, транспорттық құралдарын, практикалық қызмет
тәсілдерін, өндіріс және тұтыну құралдарын және т. б. Рухани мәдениет рухани
өндірістің өрістерін (идеялар өндірісі, білімдер, рухани кұндылықтар) және олардың
ғылымда, философияда, дінде, өнерде, адамгершілікте және т. б. іске асырылған
нәтижелерін қамтиды.
Материалдық мәдениеттің өмір сүруінің негізі адамның материалдық-жасампаздық
қарекетінің нәтижесі болып келеді. Кез-келген зат екі жақты сипатта, өйткені бір
уақытта екі әлемге — табиғи және мәдени әлемдерге жатады. Негізінде заттар табиғи
материалдардан шығарылады, ал мәдениеттің бөлігі болып олар адамдардың
өңдеуінен кейін саналады. Нақ дәл осылай біздің алғашқы аталарымыз әлдеқашан
тасты — кескішке, таяқты — найзаға, өлтірген аңның терісін киімге айналдыра алды.


Жалпы тұрғыда рухани мәдениет әрқашанда
материалдықпен тығыз байланысты болады,
Өйткені материалдық мәдениет әрқашанда рухани
мәдениеттің белгілі бір бөлігінің іске асуы болады.
Бірақ, рухани мәдениет те заттылыққа ауысып
материалданған жағдайда ғана бар бола алады.
Бұны әсіресе рухани мәдениеттің құрамдас бөлігі
болып саналатын өнер туындылырынан байқауға
болады. Өйткені кез-келген кітап, сурет, музыкалық
композиция, және одан да басқа өнер туындылары
материалдық негізге — қағазға, кенепке,
бояуларға,музыкалық аспаптарға және т. б. мұқтаж
болады


Назарыңызға рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет