Қуықты катетерлеу
Қуықты катетерлеу уретралды катетер көмегімен жүргізіледі. Уретралды катетер – зәр шығару каналы арқылы қуыққа жіберілетін түтікше. Катетер түрлері: резеңке (жұмсақ), темір (қатты), эластикалық ( жартылай қатты). Резеңке катетер – ұзындығы 25-30см, диаметрі 0,33-тен 10мм дейін болатын резеңке түтікші. Катетердің соңы жабық, жанында сопақ тесігі бар ( Нелатон катетері). Тиманның резеңке катетерінің ұшы тұмсық сияқты иілген. Фолея катетері – ауа жіберіп үрленетін баллоны бар, тұрақты катетерлеуге арналған. Темір катетер ұстағыш, өзек және тұмсықтан тұрады. Ер адам катетерінің ұзындығы 30см, ал әйелдердікі 12-15см, кішкене иілген тұмсығы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |