Құрал-жабдықтар:
Штатив, пробиркалар, бәкі, спирт шам, сіріңке, сүзгі қағаз, тамызғыш, қызыл және көк түсті
лакмус қағазы не лакмус пен фенолфталеиннің ерітінділері.
Реактивтер:
Металдық литий, натрий, калий, натрий және калий хлоридтерінің құрғақ тұздары, азот қышқыл
натрий, калий тұздары (құрғақ және ерітінді күйінде).
1–тәжірибе.
Натрий мен калийдің физикалық қасиеттері. Ауада тез тотығатындықтан натрий мен калийді
керосиннің ішінде сақтайды. Натрий мен калий күміс түстес жылтыр, жұмсақ металдар. Осы айтылған физикалық
қасиетімен танысу үшін мынадай тәжірибе жасаңдар.Тәжірибені тек натриймен жасасаңдар да болады. Натрийді
керосиннен алып, сүзгі қағаздың арасына салып құрғатыңдар. Диаметрі 5 – 7 мм, ұзындығы 10-14 см шамасындай шыны
түтік алыңдар. Тазартылған натрийді таза қағазға салып, үстінен шыны түтікті бұрай отырып басыңдар. Натрийді шыны
таяқшамен сырғытып, түтіктің ортасына апарыңдар. Түтіктің екінші жағынан басқа түтік сұғып, екі жағынан итеріп
қысыңдар. Осындай етіп тығыз қысылған натрийдің түтіктегі бөлігі шынының қабырғасынан жылтырап жақсы көрінеді.
Оны осылай ұзақ сақтауға болады, себебі шынының ішкі керегесіндегі натрий ауамен жанаса алмайды. Ал ауамен
жанасатын екі жағы тотыға бастайды. Екі шеткі беті де тотықпас үшін балауызды (парафин) балқытып құйып, бекітіп
тастаған жөн.
2 – тәжірибе.
Калий және натрийдің оңай балқығыштығы. Калий мен натрий 100°C төмен температурада
балқиды. Калийдің балқу температурасы +63,5°C , ал натрийдің балқу температурасы
+98°C. Бұлардың осы қасиетін көру үшін мынадай тәжірибе жасаңдар. Құрғақ пробиркаға бір түйір калий салып,
ала қайнатылған стакандағы ыстық суға пробирканы батырыңдар. Калийдің балқығанына назар аударыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: