«Телефон анықтамасы» деректер базасының кестелеріндегі мәліметтерді өңдеу. People.db құжатын ашыңыз.
Table|Edit Data командасын орындаңыз. Енді кестедегі мәліметтерді өңдеуге болады.
Кестедегі кез келген жазбаны активтеп өңдеңіз.
Сөйтіп бірнеше жазбаларды өңдеңіз.
Insert немесе Record|Insert командаларының көмегімен жазбаны орнатыңыз. Жазба қазіргі кезде активтелген жазбадан соң орнатылады.
Кез келген жазбаны өшіріп тастаңыз. Ол үшін кез келген жазбаны активтеп Ctrl+Del немесе Record|Delete командаларын орандаңыз. Бірақ физикалық өшіру орындалу үшін бізге Pack Table тетігін активтеу керек. Ол үшін Table|Restructure-ге кіріп тетікті активтеп Save батырмасын басыңыз.
Record менюінің командаларымен кесте ішінде орынауыстыруды қарап көріңіз.
Tel.db кестесімен де сондай әрекеттерді орындаңыз. Кестелердегі мәліметтерді өзгерту кезінде қателер жиі пайда болады. Ол екі кестенің байланыс нәтижесінде болады. Сондықтан мәліметтерді форма түрінде өңдеген жөн. Оның тиімділігін келесі зертханалық жұмыстарда көресіз.