Зертханалық жұмыс №1. Тақырыбы: Мәтінді пішімдеу



бет6/7
Дата12.01.2023
өлшемі140,5 Kb.
#165405
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
тапсырма

Зертханалық жұмыс № 6.6.
Тақырыбы: Графиктік тақырыптарды дайындау.

Көркемделген графиктік жазуларды даярлау үшін, мысалы тақырыптарды, Microsoft Word 2000 мәтіндік процессорында арнайы WordArt программалық құралы бар. Оған кірудің екі әдісі бар: біріншісі - WordArt аспаптар панелі арқылы, екіншісі – Сурет салу аспаптар панеліндегі WordArt объектісін қосу батырмасының көмегімен.


WordArt құралының көмегімен мәтіндік құжатқа енгізілген графиктік объектілер құжатпен бірге баспа құрылғысында бірге басылып, электрондық құжаттың құрамында бейнеленіп, Web-беттерде көріне алады.
Бірақ та құжаттарды өңдеуге арналған басқа программа пішіміне құжатты экспорттаған кезде WordArt объектісі әрқашан дұрыс шығарыла бермейді, яғни тақырыптың безендірілуінен гөрі құжат мазмұны үлкен рөл атқаратын кейбір құжаттарда WordArt құралын қолдану қолайсыз.

  1. Microsoft Word программасын іске қосыңыз.

  2. Кәдімгі (Обычный) үлгі негізінде жаңа құжат құрыңыз.

  3. Шекара сызықтарының жиынтығын анық көру үшін құжаттың көрсетілу режімі ретінде Ентаңбалау режімін қосыңыз (Вид→Разметка страницы).

  4. Еркіңізше бірнеше мәтін жолдарын енгізіңіз.

  5. Түр→Аспаптар панелі→ WordArt командасы бойынша WordArt аспаптар панелін қосыңыз.

  6. WordArt объектісін қосу батырмасын шертіңіз WordArt объектісін даярлау шебері іске қосылады.

  7. WordArt жиынтығы (Коллекция WordArt) терезесінен өзіңізге ұнаған жазбаны безендіру стилін таңдаңыз.

  8. WordArt мәтінін өзгерту (Изменение текста WordArt) сұхбат терезесінен өзіңізге ұнаған қаріпті, оның өлшемін таңдап алып, құрылатын тақырыптың мәтінін енгізіңіз.

  9. ОК батырмасын басқаннан соң ағымдағы Microsoft Word құжатына дайындалған объект қойылады.

  10. Бұдан былай құрылған объектінің пішіні мен орналасуын басқаруды WordArt аспаптар панелінің басқару элементтері орындайды. Келесі амалдардың қалай жүргізілетіндігін тексеріңіз (Әрбір командадан кейін Ctrl+Z пернелер комбинациясының көмегімен бастапқы күйге оралыңыз):

    • Жазба мазмұнын өзгерту (Изменить текст);

    • Безендіру стилін өзгерту (Коллекция WordArt);

    • Негізгі мәтінмен қарым-қатынас сипатының өзгеруі (Формат объекта WordArt→Положение);

    • Жазба пішініңі өзгеруі(Форма→WordArt);

    • Жазбаны маркердің бір бұрышы бойынша айналдыру (Свободные вращение);

    • Жазба әріптерінің биіктігін туралау (Выровнять буквы WordArt по высоте);

    • Жазба мәтінін көлденең орналастыру (Вертикальный текст WordArt);

    • Символдар арасындағы интервалды басқару (Межсимвольный интервал WordArt).

  11. Жұмысты аяқтаған соң, өзіңізге қалауыңыз бойынша тақырып құрыңыз, дайын болған құжатты \Менің құжаттарым (Мои документы) қаптамасында сақтаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет