1.Компьютерлік вирустардың сипаттамасын қайдан алуға болады (нақты мысалдар)? Компьютерлік вирустар – компьютерге зиян келтіру үшін жасалған бағдарламалар.Вирустар өз-өзінен көбейіп, өздерінің көшірмелерін жасап, жасырын түрде компьютерде тұрған ақпараттарға, құжаттарға зақым келтіруі, кейде оларды өшіріп тастауы мүмкін.Ең алғашқы вирус 1986 жылы "Brain" (қазақша “Ми”) деген атпен пайда болды. Компьютерлік вирустардың ерекше өзгешеліктері мыналар: 1) кіші көлем; 2) өздігінен жіберу; 3) вирусты көп рет көшіру; 4) компьютер дұрыс жасауына тосқауыл қою.