Зертханалық құралдар мен ыдыстар


Калий перманганатымен жуу



бет18/21
Дата23.11.2022
өлшемі0,7 Mb.
#159466
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Зертханалы? ??ралдар мен ыдыстар

Калий перманганатымен жуу
Ыдыс жуудың ең жақсы құралы 4%-тік калий перманганатының ерітіндісі.
Калий перманганатының ерітіндісі – күшті тотықтырғыш, қыздырылған және күкірт қышқылымен қышқылдандырылған болса, оны алдымен ыстық сумен жуып және щеткамен тазаланатын ыдысқа құяды. Ыдыстағы кір тез тотығу үшін, аз мөлшерде концентрлі күкірт қышқылын қосады. Концентрлі күкірт қышқылы ерітіндіге қосылғанда оның температурасын көтеретіні белгілі, олай болса ерітінді температурасын 50-600С- қа көтеретіндей мөлшерде қышқылды алу керек. Негізі 100мл KMnO4-ке 3-5мл концентрлі күкірт қышқылын қосу жеткілікті.
Міндетті түрде күкірт қышқылын алу керек, себебі тұз қышқылы ең соңында калий перманганатымен әрекеттесіп бос хлор түзеді.
Кейде ыдысты калий перманганатымен жуғаннан кейін ыдыс қабырғасында бурыл қақ пайда болуы мүмкін; оны ыдысты 5%-тік NaHCO3 ерітіндісімен және темір(ІІ) сульфаты, Мор тұзы ерітінділерімен немесе органикалық қышқылдармен, әсіресе қымыз қышқылымен шаю арқылы жоюға болады. Одан соң ыдысты сумен жуады.
Калий перманганатымен жұмыс жасаған кезде хром қоспасымен жуған кездегі кеңестерді қолдану керек.
Қолданылған KMnO4-ті төгіп тастайды, қайтадан пайдаланбайды. Егер қышқылданбаған ерітінді қолданылса, оны бірнеше рет қолдануға болады.
Қышқыл қосылған калий перманганаты сынап насостарды, барометр трубкаларын тазартуға қолданылады. Кейде сілті қосу арқылы калий перманганатын қолдануға болады, мұндай ерітінді жұмсақ тотықтырғыш болып табылады.
Тұз қышқылымен және сутек пероксиді қоспасымен жуу
Ыдыс жууға өте ыңғайлы әрі қол жетімді тотықтырғыш болып 6н HCl және 5-6%-тік сутек пероксидінің бірдей мөлшердегі қоспасы (Комаровский қоспасы) табылады. Бұл қоспа қыздырғанда өте тез әсер етеді, оның үстіне шыныға әсер етпейді. Тұз қышқылының орнына сірке қышқылын қолдануға болады.
Ыдысты жуу үшін қоспаны алдымен қыздырылған ыдысқа құяды (өлшеуіш ыдысты қыздыруға болмайды) немесе қоспаны 30-400С температураға дейін қыздырады. Ыдыстың ішін қоспамен жуып, оны қоспа тұрған ыдысқа қайта құяды, қайтадан қолдану үшін. Қоспамен жуғаннан кейін ыдысты сумен жуады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет