Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер


Магний оксиді мен гидроксидінің қасиеттері мен алынуы



бет116/176
Дата03.01.2022
өлшемі1,11 Mb.
#108317
түріСабақ
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   176
Байланысты:
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ОҚУ МАТЕРИАЛДАРЫ (1) (1)

4. Магний оксиді мен гидроксидінің қасиеттері мен алынуы. а) Магний оксидінің алынуы мен қасиеті. Магний түйірін асбес торының үстіне жағыңдар. Қосылыстың түсі қандай? Алынған магний оксиді ұнтағын сынауыққа ауыстырып, үстіне дистилденген су құйып, шыны таяқшамен мұқият араластырыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.

ә) Магний гидроксидінің алынуы. Екі сынауыққа қандай да бір магний тұзы ерітіндісін құйыңдар. Бір сынауыққа натрий гидроксиді ерітіндісін, ал екіншіге - аммиак ерітіндісін қосыңдар, түстерін анықтаңдар, түзілген тұнбаның көлеміне көңіл бөліңдер. Молекулалық және иондық түрде реакция теңдеулерін жазыңдар. Екі сынауықта түзілген тұнбаның көлемі неге әр түрлі? Түсіндіріңдер. Ерітіндіде қай ионның концентрацясы артады, анықтаңдар.

б) Магний гидроксидінің қасиеті. ә-тәжірибесінде алынған магний гидроксидіне аммоний хлориді ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? Тұнбаның ерігіштігін түсіндіріңдер және реакция теңдеуін молекулалық және иондық түрде жазыңдар. Магний гидроксидінің тұнбасын натрий хлориді ерітіндісінде ерітуге бола ма? Магний гидроксидін алыңдар. Оны екі сынауыққа бөліңдер. Біреуіне тұз қышқылы, екіншісіне көп мөлшерде натрий гидроксиді ерітіндісін қосыңдар. Магний гидроксидінің химиялық қасиетіне қорытынды жасаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет