Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер


Хром (VІ) қосылыстарының тотықтырғыш қасиеттері



бет157/176
Дата03.01.2022
өлшемі1,11 Mb.
#108317
түріСабақ
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   176
Байланысты:
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ОҚУ МАТЕРИАЛДАРЫ (1) (1)

9. Хром (VІ) қосылыстарының тотықтырғыш қасиеттері. (9в-тәжірибесін тартпа шкафта жасау керек). а) 2-3 мл калий дихроматы ерітіндісіне аздап күкірт қышқылының сұйытылған ерітіндісін, 2-3 мл натрий нитраты ерітіндісін қосыңдар. Қоспаны әлсіз қыздырыңдар. Түсінің өзгеруін бақылаңдар. Реакция теңдеуін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.

ә) Күкірт қышқылымен қышқылданған калий дихроматы ерітіндісіне натрий сульфиті ерітіндісін қосыңдар. Ерітіндінің түсінің өзгеруін бақылаңдар, түсіндіріңдер. Молекулалық және иондық түрде реакция теңдеуін жазыңдар.

б) Калий дихроматының концентрлі ерітіндісіне концентрлі тұз қышқылын құйыңдар. Ерітіндінің түсі өзгергенше қыздырыңдар. Қандай газ бөлінеді? Иісі аса қауіпті, байқап иіскеу керек.

в) 2-3 мл калий дихроматы ерітіндісіне аммоний сульфиді ерітіндісін құйыңдар. Түзілген тұнба хром (ІІІ) гидроксиді екенін дәлелдеңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар. Осы реакцияларда тотықтырғыш пен тотықсыздандырғьшты анықтаңдар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет