1. Литий мен натрийдің ауадағы оттегімен әрекеттесуі. (жұмыс тартпа шкафта жүргізіледі). а) Ағаш сабы бар темір қасықшаға бір түйір металл литийді салып, жалында қыздырамыз. Алғашқыда металдың балқуы, ал біраз уақыттан кейін оның жануын бақылаңдар. Жалынның түсін анықтаңдар. Реакция теңдеуін жазып, түзілген өнімнің түсін белгілеп, атын атаңдар. Алынған қосылысты судың біраз мөлшерінде ерітіп, ерітіндіні индикатормен сынаңдар. Түзілген қосылыстың химиялық қасиеті жайлы қорытынды жасаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
ә) Шыны ыдыста керосинге сақталған металл натрийдің бір түйірін пинцетпен алып, сүзгі қағазда кішкене мөлшерін кесіп алып, оны сүзгі қағазбен жақсылап кептіріп, фарфор табақшаға салыңдар. Тигельді штативке бекітіп, натрий тотықсызданғанша қыздырыңдар. Реакция нәтижесінде қандай қосылыс түзеді? Түсі қандай? Оның графикалық формуласын жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |