Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер



бет22/176
Дата03.01.2022
өлшемі1,11 Mb.
#108317
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   176
Байланысты:
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ОҚУ МАТЕРИАЛДАРЫ (1) (1)

2. Оттегінің тотықтырғыш қасиеттері. а,ә,б,в тәжірибелеріне газометрде жиналған оттегін (60-сурет) пайдалану керек.

а) Күкіртті қыздырып тұтанған кезде оттегі толған ыдысқа салып, түбіне дейін жеткізіп ауада және оттегінде жануын салыстырыңдар. Содан соң су құйып араластырып лакмуспен сынаңдар. Қандай заттар түзіледі? Реакция теңдеулерін жазыңдар.

ә) Күкірттің орнына фосфорды алып алдыңғы тәжірибені қайталаңдар.

б) Алдын ала қыздырылған магний лентасын оттегі бар ыдысқа салып жағыңдар. Түзілген затқа су құйып шайқаңдар. Лакмусқа әсері қандай? Реакция тендеулерін жазыңдар, қорытынды шығарыңдар.

в) Болат (темір) сымға шамалы көмірді іліп алып қызарғанша қыздырып, оттегі бар ыдысқа салыңдар. Темір сымның жануын байқаңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар (темірдің аралас оксиді түзіледі).

г) Калий нитратын құрғақ сынауыққа салып (61-сурет), штативке бекітіп тұз балқығанша қыздырыңдар. Газ бөлінген кезде бір кесек ағаш көмірді қыздырып салыңдар. Күкірттің молекулалық және атомдық оттегінде жануын салыстырыңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар.

д) Алмасу реакциялары арқылы (II) гидроксидін алыңдар. Газометрден оттегін біртіндеп жіберіп оның тотығуын байқаңдар. Түсі қалай өзгереді? Реакция теңдеуін жазып, жану және тотығу реакцияларының айырмашылығы қандай екенін түсіндіріңдер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет