2. Күкірттің темірмен әрекеттесуі. Күкірт пен темірдің бірдей мөлшерінен қоспа дайындап құрғақ сынауыққа салып қыздырыңдар. Қоспаны тұтас қыздырып, содан соң қатты қыздырыңдар. Қоспа қатты ұшқын шығарып қыза бастағанда қыздыруды тоқтатыңдар. Реакцияның жүруін бақылаңдар. Реакция нәтижесінде түзілген заттың түсін байқап, жазып алыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
3. Күкіртсутегін алу және оның жануы. Күкіртсутегі - өте улы, сондықтан барлық тәжірибелерді тартпа шкафта жүргізу керек. 62а немесе 62ә-суреттегідей құралдарды кұрастырыңдар. Штативке бекітіп тәжірибені осы қондырғыда жүргізіңдер. Реакция теңдеулерін жазыңдар. Бөлінген газдың үстінен қорғасын нитратына батырылған қағазды ұстаңдар. Не байқалады? Бөлінген күкіртсутегін жандырыңдар, толық жанғанда жүретін реакция теңдеуін жазыңдар. Жанып тұрған күкіртсутегі жалынының үстіне ылғал лакмус қағазын ұстаңдар, құрғақ воронканы ұстаңдар. Егер күкіртсутегі жалынына суық ыдыстың түбін тосса, күкіртсутегі шала жанады. Не байқалады? Күкіртсутегі шала жанғанда жүретін реакция теңдеуін жазыңдар. Күкіртсутегі жанғанда қандай қасиет көрсетеді?
а) Газ өткізгіш түтігі бар сынауыққа парафин мен күкірттің қоспасы салынады.
ә) Қондырғы күкірт балқитын хлоркальцийлі түтіктен тұрады. Сутегінің тазалығы алдын-ала тексерілуі керек.
Күкіртсутегінің артық мөлшерін сілтіге сіңдіреді.
62-сурет. Күкіртсутегін алуға арналған қондырғылар.
Достарыңызбен бөлісу: |