8. Сурьма гидроксидін алу және оның қасиеттері. а) Сурьма (III) гидроксидін алу үшін натрий гидроксидінің аз мөлшерін қосады (сілтінің артық мөлшерін қоспау керек). Тұнбаның түрін және түсін байқаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
ә) Алынған тұнбаны екі сынауыққа бөліңдер. Біреуіне тұз қышқылының, екіншісіне натрий гидроксидінің ерітінділерін қосыңдар. Түзілген натрий тетрагидроксостибатын 9-тәжірибеге қалдырыңдар. Сурьма (III) гидроксиді туралы қорытынды жасаңдар. Реакция теңдеуін молекулалық-иондық түрде жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |