2. Ағаш көмірінің адсорбциялық қасиеті. а) Колбаға немесе стақанға су құйып оны күлгін сиямен немесе фуксинмен бояңдар. Оған ұсақталған ағаш көмірін салып, шайқаңдар. Одан соң сүзіңдер. Ерітінді түсінің өзгерісін түсіндіріңдер.
ә) Сынауыққа 1-3 тамшы 0,1 н қорғасын нитратының немесе ацетатының ерітіндісін құйып оған 1-2 тамшы калий иодиді ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? Иондық теңдеуін жазыңдар. Екінші сынауыққа қорғасынның сол тұзының ерітіндісінен 1-2 мл құйып оған ұсақталған активтелген ағаш көмірін қосып, сынауықты тығынмен жауып, қатты шайқаңдар. Ерітіндіні сүзіп, сүзіндіге (ерітіндіге) 1-2 тамшы 0,1 н калий иодидінің ерітіндісін қосыңдар. Бұл жағдайда тұнба түзіле ме? Байқалған құбылыстарды түсіндіріңдер. Ағаш көмірінің адсорбциялық қабілеті күшті болуы не себептен?
Достарыңызбен бөлісу: |