Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер



бет36/176
Дата03.01.2022
өлшемі1,11 Mb.
#108317
түріСабақ
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   176
Байланысты:
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ОҚУ МАТЕРИАЛДАРЫ (1) (1)

6. Күкірт қышқылының қасиеттері. (тәжірибелерді тартпа шкафта жасау керек). а) Концентрлі күкірт кышқылының бейметалдармен әрекеттесуі. Фарфор табақшаларды сәл қыздырып біреуіне көмірді, екіншісіне күкіртті салып концентрлі күкірт қышқылын құйыңдар. Иісінен қандай газ түзілгенін байқаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Бұл реакцияларда концентрлі күкірт қышқылы қандай қасиет көрсетеді?

ә) Сұйытылған күкірт қышқылының металдарға әсері. Мыс, мырыш, темір, алюминий түйірлерін сынауыққа салып, сұйытылған күкірт қышқылын құйып байқаңдар. Алынған металдардың қайсысы қышқылмен әрекеттеседі? Металдардың стандартты электродты потенциалдарын пайдаланып, реакция жылдамдығы әр түрлі болатынын түсіндіріңдер. Тәжірибеде қай газ бөлінеді? Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар. Осы реакцияларда қай ион тотықтырғыш қасиет көрсетеді?

б) Металдарға концентрлі күкірт қышқылының әсері. 1) Сынауыққа мыс салып концентрлі күкірт қышқылын қосып сәл қыздырыңдар. Иісінен қандай газ бөлінгенін анықтаңдар. Сынауық суыған соң 2-3 мл ерітіндіні басқа бір сынауыққа құйып. 5-6 тамшы су араластырыңдар. Ерітіндінің түсіне назар аударыңдар, қандай иондар бар? Концентрлі күкірт қышқылы мен мыстың арасындағы реакция теңдеуін жазыңдар.

2) Концентрлі күкірт қышқылымен мырышқа әсер етіңдер. Сынауықты аздап қыздырыңдар. Сақтықпен абайлап иісінен қандай газ түзілгенін анықтаңдар. Қыздыруды жалғастырыңдар. Ерітіндінің лайлануын байқаңдар, түсіндіріңдер. Қорғасын нитраты ерітіндісіне батырылған сүзгі қағазын сынауықтың аузына ұстап күкіртсутегінің бөлінгенін дәлелдеңдер. Мырыш пен концентрлі күкірт қышқылы реакцияласқанда екі түрлі өнім түзілетінін ескеріп екі бағытта жүретін реакция теңдеулерін жазыңдар. Электроңдық теңдеу құрыңдар. Мырыш пен мысқа күкірт не себептен әртүрлі әсер етеді?



в) Күкірт қышқылының дегидраттау (су сіңіргіш) қасиеті.

1) күкірт қышқылының (1:1) ерітіндісіне шыны таяқшаны батырып алып сүзгі қағазына жазыңдар. Қағазды жалын үстінде кептіріңдер. Байқалған құбылыстарды түсіндіріңдер, клечатканың формуласы екенін ескеру керек.

2) күкірт қышқылының қантқа әсері. Химиялық стақанда (100-150 мл) 10 г ұнтақталған қантқа 1 мл су қосып шыны таяқшамен араластырыңдар, оған бір текті қоймалжың зат болғанша 4-5 мл концентрлі қосыңдар. Қанттың формуласы екенін ескеріп реакция теңдеулерін жазыңдар. Иісі бойынша бөлінген газды анықтауға бола ма?

г) Күкірт қышқылын басқа қышқылдың тұздарымен әрекеттестіру. Зертханада бар құрғақ тұздардан концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттесетінін таңдап алыңдар. Шамалы құрғақ тұзды сынауыққа салып концентрлі күкірт қышқылын құйыңдар, оған су тамызыңдар. Түзілген ұшқыш заттардың иісін, түсін зерттеңдер. Дымқыл лакмус қағазының түсін өзгерткен заттарды анықтаңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет