Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
Нефротикалық синдром – несеппен көп нәруыздар шығарылуымен, қанда альбумин азаюымен, диспротеинемия, гиперлипопротеидемия, дененің қатты ісінуімен көрінетін дерттік жағдай.
Этиология: 1) Біріншілік н.с: бүйректің өзінің ауруларынан – липоидтық нефроз, нефрон шумақтарының ошақты бөлікшелік склерозы, мембраноздық гломерулонефрит, мембраноздық пролиферациялық гломерулонефрит т.б.
2) Екіншілік – басқа дерт нәтижесінде дамиды – қант диабеті, амилоидоз, жүйелі қызыл жегі, түйінді периартерит, ревматизм, сарысулық ауру, құздама, туберкулез, мерез, гепатит, бүйрек тамырларының тромбозы, ауыр металлдармен улану т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |