Зерттеу жұмысының өзектілігі



Дата12.06.2020
өлшемі41,74 Kb.
#73292
Байланысты:
жамилия курс 407


МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3



 

І СӘБИ НӘРЕСТЕ КЕЗІНДЕГІ БАЛАНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ------------------------------------------------------------------------------5

 

1.1 Нәрестелік шақтағы психикалық дамудың алғы шарттары мен ерекшеліктері------------------------------------------------------------------------------------5



1.2 Ерте сәбилік шақтағы бала психикасы мен ақыл-ойының дамуы---------9

 

ІІ БАЛАНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ КІШІ МЕКТЕП  ЖАСЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕЗЕҢДЕРІ----------------------12



 

    1.  Бала және үлкен аданың қарым –қатынасы------------------------------14

    2.   Баланың жеке басын қалыптастырудың бастапқы кезеңі------------15

2.3 Мектеп жасындағы  баланың психологиясына ата- ана тәрбиесінің әсері-----------------------------------------------------------------------------------------------------16

 

ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------19



 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР-----------------------------------------------20

КІРІСПЕ

        Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының білім беру заңында көрсетілгендей, адамзат құндылықтарының ғылым мен тәжірибе негізінде, жеке тұлғаны қалыптастыруға қажетті жағдайларды жасау – білім беру жүйесінің негізгі міндеті болып отыр. Кәсіби кадрларды дайындау проблемасын шешудің жаңа жолдары қарастырылуда.

       Қоғамдақ  жаңару кезеңінде, Қазақстандағы  әлеуметтік, саяси, экономикалық  қатынастардың сипатының өзгеруі  өз кезегінде қоғамдық білім, тәрбие институттарының да өз жұмыс бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар қойып отыр. Осының өзі қоғамдағы отбасының орны, оның басты міндеті – бала тәрбиесінде болған көзқарасты өзгертіп жаңа тұрғыдан тану мәселесін туындатты. Қазіргі педагогика, қоғамтану, саясаттану, психология, философия, әлеуметтану, демография секілді ғылым салалары адамның дамып қалыптасуындағы отбасының өзіндік орнын баса көрсетуде.

Баланың сәби нәресте  кезеңі  - жас дамуы кезеңдерінің ішінде өзіндік орны бар, мазмұны бар, мағынасы бар кезең. Жас нәресте кезеңін анықтау теорияларын зерттеуде атақты психологтар - Э.Эриксонның, Ф.Пиазженің, Б.Г.Ананьевтің, А.В.Дмитриевтің, Фрейдтің, Л.Выготскийдің В.Т.Лисаковскийдің  және т.б.еңбектері бар.

Фрейдтің  идеясы бала туған сәттен екі жасқа дейін болмыстан мүлдем аулақ болады: оның ішкі дүниесі өз қажеттіліктерін ақиқат дүниеде емес, өздерінің қиялдарында, түс тәріздесі толғаныстарында қанағаттандырудың тума қабілетімен шектеледі деп есептеген Ж.Пиаженің алғашқы еқбектеріне әсер етті.

Л. С. Выготский баланың болмысқа деген қарым-қатынасы әуел бастан элеуметтік қарым-қатынас болады деп атап өтті. Ол нәрестені осы мағынада толық әлеуметтік тіршілік иесі деп атау керек, өйткені оның өмірі кез келген жағдайда көзге көрінсе де, керінбесе де басқа адам қатысып отыратындай болып ұйымдастырылған дейді.

 

        Зерттеу жұмысының мақсаты. Нәресте үлкен адамды қоршаған дүниемен жанасудың қажетті дәнекершісі қажеттерін қанағаттандырудың қайнар көзі ретінде бөліп қарайды. Біртіндеп баланың ересек адамның көрінуіне байланысты жадырау комплексі деп аталатын, арнайы эмоциялы-қимыл реакциясы қалыптасады. Жадырау комплексі қол мен аяқтың екпінді қимылдарынан көрінеді. Бала өзіне еңкейген адамның бетіне тесіле қарап, оған жымиятын болады. Жадырау комплексінің пайда болуы жаңа туған кезеңнің соңы, нәрестелік кезеңнің басы деп есептелінеді.



Үлкен адам баланың заттық дүниемен қарым-қатынас жасауында  дәнекерші болып көрінеді. Үлкен  адам қатысып отырған кезде бала көбінесе затпен қарқынды қимылдар жасай бастайды да, ал жанында үлкен адам болмаса, затқа қызығуы жоғалады. Баланың белсенділігі үлкен адамның әрекетімен көтермеленіп отырған кезде және бала үлкен адамды бірлескен әрекетке шақырғанда баланың үлкенмен қарым-қатынасының негізгі формасы бірлескен іс-әрекетке айналады

  Зерттеу жұмысының міндеттері.



  • сәби нәресте кезіндегі бала психологиясын зерттеу;

  • сәби балалардың жас ерекшелігіне қарай іс-әрекетіне, қимылына назар аудару;

  • сәби нәрестенің үлкен адамдармен қарым – қатынасындағы ерекшеліктерін анықтау;

  • нәрестелік шақтағы психикалық дамудың алғы шарттары мен ерекшеліктеріне назар аудару т.б.

         Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеуге берілген «Сәби нәресте кезіндегі бала психологиясы» атты курстық жұмысы кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

І. СӘБИ НӘРЕСТЕ КЕЗІНДЕГІ БАЛАНЫҢ  ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


1. Нәрестелік шақтағы  психикалық дамудың алғы шарттары мен ерекшеліктері

Жаңа туған бала (туған  сәттен бір-екі айға дейін). Бала көптеген жануарлардың төліне қарағанда дәрменсіз болып туылады. Оның шартсыз рефлекстік мінез-құлық формаларының қоры, сыртқы ортаға бейімделулері біршама шағын мөлшерде болады. Олар түрлі физиологиялық функциялардың өтуін реттеуші: сору рефлексі, қорғану және бағдарлау рефлекстері, сондай-ақ бір-қатар арнайы қозғалыс рефлекстері, жармасу және сүйену рефлекстері, аттан басу рефлекстері және т. б. жатады. Олардың бәрі баланың сезім мүшелері сияқты туылатын сәтке қарай тиісті мөлшерде дамып жетілетін жұлын және ми қабығы асты нерв орталықтарымен реттелін отырады. Сыртқы әсерлердің көпшілігіне нәресте қолдары мен аяқтарының жалпы, жіктелмеген қимылдарымен жауап қайтарады. Үлкен ми сыңарларының қабығы әлі толық қалыптасып болмаған: нерв клеткаларының, тармақтануы жоқ дерлік, өткізгіш жолдар сақтағыш миелин қабықтарымен қапталмаған. Бұл қозудың кең жайылып кетуіне және шартты рефлекстердің пайда болуының қиындауына жеткізеді. Туа біткен мінез-құлықтың көптеген түрлерінің болмауы баланың әлсіздігін емес, қайта күштілігін білдіреді, өйткені ол адамға тән жаңа тәжірибені игерудің, мінез-құлықтың жаңа формаларын шексіз игерудің мүмкіндігіне не болады1.

Жаңа туған кезеңдегі мидың қалыпты жетілуінің қажетті шарты — анализаторлардың белсенді қызмет атқаруы. Егер бала сенсорлық оқшаулану жағдайына түссе (тиісті мөлшердегі сырт әсерлердің болмауы), оның дамуы күрт баяулайды. Жаңа туған баланың дамуының айрықша ерекшелігі сол, оның соматикалық (дене) қимылдарынан ғөрі анализаторлар іс-әрекеттері тезірек қалыптасады, соның ішінде әсіресе көру, есту тәрізді жоғары анализаторлардың іс-әрекеттері қарқынды қалыптасады. Осының негізінде бағдарлау рефлексі дамиды және сан алуан шартты рефлекстік байланыстар жасала бастайды. Көптеген жаңа туған балаларда алғашқы он күн ішінде тамақтану қалпына байланысты шартты рефлекс пайда болады. қы екі айда барлық анализаторлардан шартты  рефлекстер  жасалады.

Бағдарлау рефлексінің дамуы көру мен есту, жинақталуынан көрінеді, бұл кезде ырықсыз, шашыранды қимылдар тежеледі. Егер өмірге келудің алғашқы күндерінде баланың ұйқысы және сергектік күйлері әлі нашар ажыратылатын болса, ал туған кезеңнің соңына қарай олар бөлініп, сергектік неғұрлым мазмұнды, белсенді сипат алады.

Пайда болған психикалық белсенділік ырықсыз қимыл белсенділігін баса білуден көрінеді. Екі-үш айға қарай балада үлкендерге көңіл аударудың ерекше түрлері көріне бастайды. Нәресте үлкен адамды қоршаған дүниемен жанасудың қажетті дәнекершісі қажеттерін қанағаттандырудың қайнар көзі ретінде бөліп қарайды. Біртіндеп баланың ересек адамның көрінуіне байланысты жадырау комплексі деп аталатын, арнайы эмоциялы-қимыл реакциясы қалыптасады. Жадырау комплексі қол мен аяқтың екпінді қимылдарынан көрінеді. Бала өзіне еңкейген адамның бетіне тесіле қарап, оған жымиятын болады. Жадырау комплексінің пайда болуы жаңа туған кезеңнің соңы, нәрестелік кезеңнің басы деп есептелінеді.

Нәресте мен үлкен адам  (нәрестелік шақтың шегі — бір-екі айдан бір жылға дейін). Бірқатар буржуазиялық зерттеушілердің пікірі бойынша, бала алғашқы айларда өзінің тұйық дүниесінде тіршілік етуші асоциальдық тіршілік иесі  болып  есептеледі. Сондықтан жаңа туған баланың шыр ете қалуын олар баланың өзіне жат әрі жау болмыспен бетпе-бет кездескендігі, сасқалақтап, абыржып қалуы деп бағалайды. Мәселен, З.Фрейд жарық дүкиеге келген баланың шыр ете қалуын оның ана организмінен бөлінген сәтте болатын қамыға жылауы деп есептейді. Фрейдтің айтуынша, осы сәттен бастап баланың инстинктік қажеттіліктері мен қоғамдағы өмір талаптары арасында тұрақты қақтығыс пайда болады. Фрейд бұл қақтығыстың психикалық  өмірді  қандай  үздіксіз  драмаға   айналдыратының  пессимистік тұрғыда суреттейді.

 Фрейдтің бүл идеясы бала туған сәттен екі жасқа дейін болмыстан мүлдем аулақ болады: оның ішкі дүниесі өз қажеттіліктерін ақиқат дүниеде емес, өздерінің қиялдарында, түс тәріздесі толғаныстарында қанағаттандырудың тума қабілетімен шектеледі деп есептеген Ж.Пиаженің алғашқы еқбектеріне әсер етті.

Фрейд пен Пиаженің аталған қағидалары өткір сынға алынады. Француздық прогресшіл зерттеушісі А. Валлон шарылдап жылауды бірдемені алдын ала сезу немесе соған байланысты өкіну ретінде психологиялық дәлелдеушілікті құрғақ бос қиялы деп есептеді. Бала психикасының әуел бастан оқшаулануы жөніндегі Пиаже қағидасы өз кезінде Л. С. Выготский, ал кейінірек басқа да совет психологтары тарапынан сыйға ілікті. Советтік және прогресшіл шетел авторларының зерттеулерінде алынған көптеген фактілер нәресте өмірі тұтастай үлкендерге тәуелді болатынын көрсетеді. Үлкен адам баланың органикалық қажеттерін қанағаттандырады, тамақтандырады, шомылдырады, аударып салады. Үлкен адам баланың белсенді психикалық өмірде де қажетін қанағаттандырады: нәресте өзін қолға алғанда, едәуір жадырап қалады. Үлкен адамның көмегімен кеңістікте қозғала отырып бала көптеген заттарды көруге, олардың бір-біріне қарай жылжуын байқауға мүмкіндік алады, ал мұның өзі оның сенсорлық тәжірибесін қалыптастырады. Сол сияқты есту, сипай сезу әсерлері де үлкендер тарапынан беріледі.

Л. С. Выготский баланың болмысқа деген қарым-қатынасы әуел бастан элеуметтік қарым-қатынас болады деп атап өтті. Ол нәрестені осы мағынада толық әлеуметтік тіршілік иесі деп атау керек, өйткені оның өмірі кез келген жағдайда көзге көрінсе де, керінбесе де басқа адам қатысып отыратындай болып ұйымдастырылған дейді.

Үлкен адам баланың заттық дүниемен қарым-қатынас жасауында дәнекерші болып көрінеді. Үлкен адам қатысып отырған кезде бала көбінесе затпен қарқынды қимылдар жасай бастайды да, ал жанында үлкен адам болмаса, затқа қызығуы жоғалады. Баланың белсенділігі үлкен адамның әрекетімен көтермеленіп отырған кезде және бала үлкен адамды бірлескен әрекетке шақырғанда баланың үлкенмен қарым-қатынасының негізгі формасы бірлескен іс-әрекетке айналады. Баланың әлеуметтік реакциясы бүкіл нәрестелік шақ бойына дамып отырады. Сергек күйдегі бала үлкен адаммеи қарым-қатынас жасауға әрқашан дайын тұрады.

Қарым-катынас шеңберінде сөздің алғы шарттары пайда болады. Екінші айда-ақ былдырлаудың алғашқы белгілері байқалып, кейінірек еліктеу жолымен одан ана тілінің фонемалары көріне бастайды. Бір жастың аяғына қарай нәресте кейбір сөздерді түсіне бастайды. Бұл түсінгендік аталған зат тұрған бала басын бұруы немесе үлкендер атаған қимылды жасауы түрінде көрінеді. Дәл осы кезде бала алғашқы сөздерді дауыстап айта бастайды. Сонымен, үлкен адаммен қарым-қатынас жасау процесінде, бір жағынан, баланың қажеттіліктері пайда болып, біртіндеп дамиды (олардың ішінде қарым-қатвнас жасау қажеттілігі — эмоциялық жутаңдықтың маңызды мәні бар), екінші жағынан, оларды қанағаттандыру мүмкіндіктері туады.

Бала алдымен жетіледі, содан  кейін барып оны тәрбиелеп, үйретеді деп жорамалдау дұрыс болмас еді. Адамға тән барлық мінез-құлықты барлық  психикалық қасиеттер мен қабілеттерді бала өзін ерте сәбилік шақта жүруге, заттармен іс-әрекет жасауға, көруге, естуге, бақылауғә, тануға, есте сақтауға үйрету негізінде алады. Әрине нәрестелік шақта баланы үйрету көбінесе алдын ала ойластырылмаған, стихиялы сипатта болады 2.

Кездейсоқ жағдаймен адамдар ортасынан бөлініп   қалғаны нәресте өзінің дамуында адамдық мүмкіндік дәрежесіне көтеріле: алмайды. Әлеуметтік орта мен арнайьі үйретудің ықпалы негізінде ғана баладан адамша сезіну меи ойлауға қабілетті жеке адам қалыптасады. Үлкен адам бұл жерде де бала мен тұтас: алғанда адамзат қоғамы арасындағы дәнекерші болады. Адамдар арасында өмір сүріп, олардан үздіксіз жаңа мағлұматтар ала отырып, бала танымға барған сайын көбірек ұмтылады. Нәрестенің бағдарлау рефлекстері  білім құмарлыққа  дейін  өседі. Баланың қызығуы бүкіл айналасындағыларға бағытталады. Бұл тектес білім құмарлықты И. П. Павлов «риясыз» деп атады, өйткені ол органикалық қажеттіліктері тікелей қанағаттандырумен байланысты емес еді.

Бір жас ішінде бала қимыл-қозғалыстарының дамуы және психикалық процестері мен қасиеттерінің қалыптасуы жағынан үлкен жетістіктерге жетеді. Ол басын ұстауды, отыруды, еңбектеуді, ақырында, тік тұруды және бірнеше қадам жасауды үйренеді. Үш-төрт айлық кезде жармасу қимылдары дами бастайды. Бала өзін қызықтырған жарқырауық затқа ұмтылады, оған қолын созады, ұстауға тырысады. Алғашқыда бұл қимылдар женді үйлеспейді: нәресте жиі қателіктер жіберіп, ұстай алмай қалады. Бірақ біртіндеп қимылдар ұсталынатын заттардың орнына, көлеміне және түріне орай нақтылана бастайды. Бұл тектес қимыл белсенділігінің орасан зор маңызы болады. Солардың арқасында бала бірсыпыра қажетті қимыл дағдыларын игереді. Мұның үстіне заттардың қасиетіне практикалық икемделу бұл қасиеттердің көзбен көріп қабылдауда ерекшелене бастауына алып келеді. Егер бала бастапқыда қолын заттардың қасиеттеріне көптеген байқаулар арқылы ыңғайлап, сыртқы бағдарлау қимылдарын жасайтын болса, кейін осы бағдарлау қимылдары интериоризацияланады — көріп қабылдауға ауысады.

Жармасу әрекетінің қалыптасуымен қатар заттармен сілкілеу, тақылдату, лақтыру т. б. тәрізді қарапайым қимылдар жасау да дамиды. Мұндай іс-әрекеттерді орындай отырып, бала нәрестенің, заттардың толып жатқан қасиеттерімен танысады. Нәресте үшін өткінші, өзгермелі әсерлер негізінде тұрақты, оған тәуелсіз заттардың болатыны байқалына бастайды. Қабылдау заттыққа және тұрақтылыққа ие болады.

Нәрестелік шақта баланың психикалық белсенділгінің сипаты өзгереді. Әдейі іс-әрекет жасау тенденциясы көріне бастайды. Балада кездейсоқ қимылдарды қайта жаңғырту мүмкіндігі қалыптасады. Бұл қимылдарды жасаудан бұрын сәби оларды алдын ала болжап қоймаса да, осы қимылға байланысты қоршаған ортаның өзгерісін көру үшін қимылды әдейі қайталауға нәресте қабілетті болады.

Нәрестелік шақтың соңына қарай балалар үлкендердің көптеген іс-әрекеттерін қайталай отырып, үлкен еліктеушілік көрсетеді.                                                                                                                 

Әдейі жасалған әрекеттер мен еліктеу ақылдың күшті дамып келе жатқандығын дәлелдейді. Шындығында да, балалар заттармен әдейі (тарсылдатып, сілкілеп, бұрап) әрекеттер жасай бастаған соң, үлкендердің қарапайым әрекеттеріне еліктеуден қайсыбір жетістікке жеткен сол, балалардың әрекеттерінен ойлаудың қарапайым көріністерін байқауға болады. Затпен қимылдар жасау үстінде бала үшін проблемалық ситуация туады, оны да ол қимылдар жасау жолымен шешуге тырысады. Басқаша сөзбен айтқанда, заттық қимылдар үстінде қарапайым проблемалы ситуациялар пайда болып және шешіліп отырады. Сонымен бала өзінің және басқалардың қимылдарына еліктей отырып ойлауды әрекет үстінде үйренеді.3

 

1.2 Ерте сәбилік  шақтағы бала психикасы мен ақыл-ойының дамуы


Ерте сәбилік шақтың аса маңызды жетістіктері (бір жастан үш жасқа дейін). Онтогенезде тең уақыт ішінде адам психикасы дамуы жағынан әр түрлі «қашықтықтан» өтеді. Бала психикасында алғашқы үш жасында болатын сапалық қайта өзгерістер айтарлықтай қомақты болады. Сондықтан адамның туған сәтінен есейгенге дейінгі психикалық дамуының орта жолы қайсы деп ойланған көптеген психологтар оған үш жасар кезді жатқызды.

Үш жасар бала өзін-өзі күтуге қабілетті, айналасындағы адамдармен өзара қарым-қатынас жасай алады. Мұның өзінде ол қарым-қатынастың сөздік формаларын ғана емес, мінез-құлықтың қарапайым формаларын да игереді. Үш жасар бала едәуір белсенді, айналадағыларына түсінікті тәуелсіз болады.

Бір жастан үш жасқа дейінгі баланың психикасының дамуы бірнеше факторларға байланысты.

Баланың психикалық дамуына тік өмір сүруді үйрену едәуір ықпал жасайды. Нәрестелік шақтың соңында сәби алғашқы қадамдар жасай бастайды. Тік тұру қалпына ауысу — ол үшін қиын іс. Кішкентай аяқтарымен аттап басу үлкен күшке түседі. Локомоция программасы әлі қалыптаспағандықтан, бала үнемі тепе-теңдікті жоғалтып алады. Құлал қалу каупін де жеңіп, осынау алғашқы қадамдарды жасау үшін қайта-қайта күш жұмсауға оны не итермелейді? Жүру кезінде жұмыс істеп тұрған аяқ, қол, арқа және бүкіл дене бұлшық еттерінен пайда болатын бұлшық ет сезімі маңызды ынталандырушы болып табылады. Өз денесін өзі билеу сезімі бала үшін өзін-өзі мадатқау қызметін атқарады. Баланың қозғалып жүру ниетін сол сияқты тілеген мақсатына жету мүмкіндігі және, сонымен қоса, үлкендердің қатысуы мен мақұлдауы қолдайды. Өте тез арада, алғашқы ол-сіз қадамдардан соң үйлесімді тура бағытты қимылдар жасау қабілеті қалыптаса бастайды. Екі жасқа қарай бала орасан зор ынтамен өзінің жүрген жолынан кедергілер іздестіреді. Қиындықтар және оларды жеңу сәбиде жағымды эмоциялық көңіл күй туғызады.                                                                    

 Қозғалып жүруге қабылеттілігінің (дене қимылының табысы бола отырып) психологиялық салдарлары. Қозғалып жүруге қабілеттілік арқасында бала сыртқы дүниемен неғұрлым еркін де дербес қарым-қатынас жасау дәуіріне енеді. Жүруді игеру кеңістікте бағдарлану қабілетін дамытады. Бұлшық ет сезімі қашықтық пен заттың кеңістікте орналасуын есептеу өлшемі болады. Бұл көру, қимылдау мен сезінудің бірлескен қызметтері арқылы жүзеге асады. Өзі қарап тұрған затқа жақындай отырып, бала оның кеңістікте орналасу қалпын практикалық түрде игереді. Жүру арқылы бала өзінің таным объектісі болатын нәрселер шеңберін әлдеқайда кеңейтуге мүмкіндік алады. Ол ата-аналары бұрын оған ұсынуға болмайды деген сан алуан заттармен іс-әрекет жасауға қабілетті болады. Жаңа заттар тексерудің жаңа тәсілдерін туғызып, сәбиге нәрселердің осы уақытқа дейінгі жасырын болып келген қасиеттері мен олардың арасындағы байланыстарын ашады.

Баланың психикалық дамуына  заттық әрекеттердің дамуы едәуір дәрежеде әсер етеді. Нәрестелік жасқа тән қимылдық іс-әрекет ерте сәбилік шақта заттық іс-әрекетпен алмасады. Заттық іс-әрекеттің дамуы заттармен жұмыс істеудің қоғам жасап шығарған тәсілдерін игерумен байланысты болады. Адам үшін заттардың бекітілген, тұрақты маңызы бар. Адам жануарлармен салыстырғанда тұрақты нәрселер дүниесінде өмір сүреді. Маймылдың да саптаяқтан су іше алатыны әркімге белгілі. Бір-ақ жануарлар үшін заттардың ситуациялық маңызы бар: егер су саптаяқка құйылған болса, маймыл оны саптаяқтап, егер су шелекте болса, шелектен, ал егер еденде төгіліп жатса, еденнен ішеді. Бала үлкендерден заттардың адам іс-әрекеті арқылы бекітілген тұрақты маңызын бағдарлауға үйренеді. Баланы қоршаған заттық дүние — мебель, киім-кешек, ыдыс-аяқ — заттар, олардың адамдар өмірінде белгілі бір маңызы бар. Бала ерте сәбилік шақта да бұйымдардың маңызын түсінеді.

Заттың бекітілген мазмұны балаға өзінен-өзі берілмейді. Ол шкафтың есігін сансыз рет ашып-жабуы, сол сияқты ұзақ уақыт қасықпен еденді тарсылдатуы мүмкін, бірақ мұндай белсенділік оны заттардың атқаратын міндетімен таныстыра алмайды. Заттардың функциялық қасиеттері сәбиге үлкендердін тәрбиелік және оқыту ықпалдары арқылы ашылады. Бала түрлі заттармен жасалынатын іс-әрекеттер түрлі дәрежеде ерікті болатынын біледі. Кейбір заттар өздерінің қасиеттері жағынан іс-әрекеттің белгілі бір тәсілдерін қатаң сақтауды қажет етеді (бұған қорапшаның қақпақпен жабылуы, пирамиданың шығыршықтарын өткізу, матрешкаларды-жинастыру тәрізді арақатынастағы әрекеттер жатады). Басқа заттарда әрекет тәсілдері олардың, қоғамдық міндетімен қатаң бекітілген. Олар — зат-құралдар (қасық, қарындаш, балға). Нақ осы арақатынастың және құралдың әрекеттерді игерудің баланың психикалық дамуына неғұрлым елеулі әсер ететінін атап өту маңызды. Ерте сәбилік шақтағы-игерген -зат-құралдардың сан жағынан шағын болуынан келіп кетер ештеме жоқ. Мәселе санда емес, осы заттар балада әрбір жаңа зат-құралдан оның өзіне тән міндетін іздестіруге деген мақсатын қалыптастыратындығында4.

Ерте сәбилік шақтың санына қарай (үш жасқа қарай) іс-әрекеттің жаңа түрлері қалыптаса бастайды. Олар осы жас шегінде кең жайылған формаға жетеді және біртіндеп психикалық дамуды анықтай бастайды. Бұларға ойын мен жемісті іс-әрекет түрлері (сурет салу, мүсіндеу, конструкциялау жатады. іс-әрекеттің бұл түрлерінің болашақта мәнді болатынын ескеріп, олардың ерте сәбилік шақта қалыптасуына жағдайлар жасау қажет.

Заттық іс-әрекеттен алынып, жинақталған әсерлер баланың тілін дамытудың негізі болады. Сөздің артында ақиқат дүниенің бейнелері тұрған жағдайда ғана, сол сөзді игеру жемісті болады. Сөйлеуді игеру нәрестелік шақтан-ақ басталған қарым-қатынас қажеттілігінің әрі қарай дамуына байланысты жүзеге асады. Сөздік қарым-қатынас баладан қатынасу қабілетін талап еткен жағдайда, яғни үлкендер оны түсінікті сөйлеп, өз ойын айқын сөздермен құра білуге көндірген жағдайда пайда болады. Егер үлкендер баланың әрбір тілегін қағып алып отырса, онда оның тілінің дамуына ешқандай түрткі болмай қалады. Ерте сәбилік шақ тілді дамыту үшін өте сезімтал (сензитивті) кезең болып табылады: нақ осы кезде сөйлеуді игеру аса тиімді өтеді. Егер бала қайсыбір себептермен осы жылдарда тілді дамыту қажетті жағдайлардан айырылып қалса, онда кейін жіберілғен қателіктердің орнын толтыру ете қиын болады. Сондықтан екі-үш жаста баланың тілін дамытумен қарқынды шұғылдану қажет.

Үлкендермен бірлескен іс-әрекет үстіпде бала ерте сәбилік шақта-ақ айтылған сөздер мен олардыц ар жағында тұрған ақикат болмыстың арасындағы байланыстарды аңғара бастайды. Сөздерді олар белгілейтін заттар мен іс-әрекеттерге апарып жатқызу бірден бола қоймайды. Үлкендердің сөзі мен өз іс-әрекеттерінің арақатынасын белгілеу қабілеті де ұзақ дамып, оның өмірінің бірінші жылында қалыптасады. Үш жасқа карай сәбидің, үлкендердің сөзін түсінуі сапалық жағынан өзгереді. Бала бұл мезгілде жекеленген сөздерді ғана түсініп, үлкендердің нұсқауы бойынша заттық әрекеттер жасауға ғана қабілетті болып қоймайды. Сәби үлкендердің тікелей езіне бағытталмаған кез келген сөздерін қызыға тындай бастайды. Үлкен адам мен баланың тікелей қарым-қатынас жасау ситуациясынан тысқары хабарларды тыңдау мен түсіну маңызды жетістік болып саналады. Ол сөйлеуді баланың тікелей тәжірибесінің өресі жетпейтін болмысты танудың негізгі құралы ретінде пайдаланура мүмкіндік жасайды.

Ерте сәбилік  балалық шақ-балалық белсенді сөйлеуінің қалыптасу кезеңі. Бір жарым жасқа дейін бала 30—40-тан 100-ге дейін сөз үйренеді және оларды өте сирек колданады. Ол әлі тым мүдіріп сөйлейді. Тілді меңгерудегі елеулі өзгеріс шамамен бір-жарым жаста жүзеге асады, сәби бастамашыл болады. Ол заттардың аттарын атап отыруды үздіксіз талап ете бастайды. Сөйлеудің даму қарқыны  арта түседі,  екі  жастың аяғында бала 300-ге дейін, ал үш жастың соңында  1500 - те дейін сөздер қолданады.

Тілді дамыту ана тілінің дыбыстық жағы мен грамматикалық құрылысын игеруді көздейді. Егер алғашында бала сөйлеуді сөздің жалпы ырғақты-мелодиялық құрылымын қағып алу жолымен кабылдайтын болса, екінші жылдың соңына карай онда ана тілінің барлық дыбыстарын фонетикалық қабылдау қалыптасады. Осының негізінде белсенді сөздікті және сөзді дү-рыс айтуды игеру жүзеге асады.

Грамматикалық құрылысты игерудің өз даму кезеңдері болады. Бірінші кезең бір мен екі жасқа дейін — түбірлі сөздерден құралатын сөйлемдер кезеіңі. Бұл кезеңде бір буынды және екі  буынды сөйлемдер  ажыратылады.  Балапың сөйлеуі ересек адам сөйлеуіне аз ұқсайды, ол көбінесе үлкендер пайдаланбайтын сөздерді  қолданады. Мұндай сөйлеу автономиялы   сөйлеу деп аталады. Сөйлеудің дұрыс дамуы жағдайында автономиялы сөйлеу тез өтеді. Тілдің грамматикалық құрылысын дамытудың екінші кезеңі үш жасқа дейін созылады. Баланың сөйлеуі біршама байланысты сипатка ие болып, заттық дүниедегі көптеген карым-катынастарды оның түсінгендігін білдіруге мүмкіндік береді. Үш жасқа   қарай бала   бірсыпыра  септік    жалғауларды игереді.  Заттық  қатынастарды   білдіретін   сөйлеу   формаларын игеру балапың заттардың қолданылу тәсілдерін игеруді жүзеге асыратын  іс-әрекеттердің  сипатымен  түсіндіріледі.   Бала   нақты заттық катынастарды бейнелейтін грамматикалық мәндердің байланысына ерте бағдар ала бастайды. Мәселен, «Балға қойды»,  «Балғамен  сокты»  дұрыс  колдануды   игере  отырып,  мен жалғауындағы кұралдық мағынаны түсінеді де оны барлық кұралға   стереотипті  түрде  көшіреді:    «пышақпен»,   «қасықмен», «күрекпен» және т. б. Тілдік қарым-катынастар практикасында бұл стереотип түсіп қалады да, дұрыс септік жалғаулар пайда болады. Ана тілінің грамматикалық формаларын меңгеру баланың тілді сезінуін дамытады. Сәби сөйлемдегі сөздерді тәп-тәуір байланыстырады. Ерте сәбилік шақта  бала  ана тілін менгеру жағынан оның негізгі синтаксистік құрылымдарын, грамматикалықк формалары және дыбыстарды игере отырып, орасан зор жұмыс атқарады.

Белсенді сөйлеуді қалыптастыру баланың бүкіл психикалық дамуының негізі болады5.

 Ерте сәбилік шақтық басында бала айналасындағы заттардың қасиеттерін қабылдап, олардық арасындағы қарапайым байланыстарды аңғарып және оларды пайдалана бастайды. Бұл заттық іс-әрекетті, ойының қарапайым формаларын, сурет салу мен сөйлеуді игеруге байланысты бұдан арғы ақыл-ой дамуының алғы шарттарын жасайды. Ерте сәбилі шақтағы ақыл-ой дамуының негізін балада қалыптасып жатқан қабылдау мен ойлау әрекеттерінің жақа түрлері құрастырады.

Қабылдау заттық іс-әрекетте қалыптасатын арақатынастың іс-әрекеттер есебінен дамиды. Бала заттарды олардың формаларына, көлеміне, түсіне сәйкес іріктеген кезде, оның сыртқы бағдарлау әрекеттері қалыптасады. Сыртқы бағдарлау әрекеттерін табысты игеру баланың, атап айтқанда, қандай заттармен шұғылдануына тәуелді болады. Бұл жастағы балаларға деген ойыншықтардың көпшілігі олардың құрылыстарының өзінде бөлшек-терін бір-бірімен салыстырып өлшеу қажеттігін туғызатындай етіп (матрешкалар, қорапшалар, мозаикалар т. б.) жасалынған. Мұндай ойыпшықтарды автодидактыкалық, яғни өзін өзі үйретуші ойыншықтар деп атайды.

Сыртқы бағдарлау әрекеттерінің көмегімен заттардың қасиеттерін салыстырудан, арақатынастарын белгілеуден бала енді оларды көз арқылы табуға ауысады. Қабылдау іс-әрекетінің жаңа типі қалыптасады.

Көзбен қабылдауымен қатар ерте сәбилік шақта естіп қабылдау да дамиды. Әсіресе фонематикалық есту өте тез дамиды. Әдеттегідей екі жастың соңында балалар ана тілінің барлық дыбыстарын қабылдайтын болады. Дегенмен, фонематикалық естудің жетілуі кейінгі жылдарда жүріп өтеді.

Баланың ойлауының дамуы, біріншіден, баланың өз іс-әрекетіне {ойлау негізіне, оның сезімдік тәжірибесіне) жататын, екіншіден, іс-әрекет тәсілдеріне үйрететін және заттардың жалпылама аттарын беріп отыратын үлкендердің ықпалына байланысты. Затпен практикалық әрекет жасау сәбиді көбіне нақтылы ситуацияда пайда болған міндеттерді шешуге алып келеді. Әре-кет үстінде табиғи үйрену болып өтеді: заттарға әсер ете отырып, бала бір әрекеттердің жемісті, екіншілерінің нәтижесіз екенін байқайды. Алғашқы іс-әрекет тәжірибесі кейінгіде көрініп отырады. Ойлау заттық міндетті шешу процесінде жүзеге асады және көрнекі ықпал ету сипатында болады.

Ойлауды дамытуда жеке бастың практикалық тәжірибесі қанша маңызды  болғанымен, баланың ойлауын дамытуда әлеуметтік орта ерекше әсер етеді. Л. С. Выготский бала өмірінің алғашқы күнінен бастап оның мінез-құлқының сипатына әлеуметтік ситуация терең ықпал ететінін атап көрсеткен еді. Өзінің ақыл-ой шешімдерінде бала әрқашан үлкендерге қарап бағ-дар алады. Үлкендердіц заттармен жасаған іс-әрекеттерін бақылай отырып, бала практикалық заттық іс-әрекеттік адамзаттық формаларын иемденеді. Заттармен әрекет жасау практикасында бала әр түрлі заттардың ұқсас қолданыла   алатынын ашады.

Мұндай жаңалықтар ұқсас заттарды («қайсыбір белгілері бойынша) ғана жалпылап қоймай, сондай-ақ іс-әркет тәжіриесін  жалпылауға да алып келеді.

Ойлауды дамыту үшін әсіресе  құралдық әрекеттер маңызды. Құрал  баланың заттық дүниеге жасайтын ықпалын дәнекерлейді. Әр түрлі ситуацияларда және әр затқа қатысты қолданыла отырып, құрал жалпылаудың алғашқы таратушысы болады.

Бада дамуының алғашқы кезеңдеріндегі ойлаудың сапалық өзгерісі оның практикалық заттық әрекеттің адамзаттық формаларын игеруіне және баланың адам тіліне біртіндеп тартылуына байланысты. Ең мол тәжірибелі бала үлкендермен тілдік қарым-қатынас жасау арқасында алады. Бала адамзат жасаған ұғымдарды, ойлау тәсілдерін игереді. Үлкендерге еліктей отырып, ол дұрыс пікірлер құрастыруға жәде ой қорытындыларын жасауға үйренеді. Баланың ақыл-ой дамуын қарастыра отырып, И. М. Сеченов балаға өте ерте бастан іспен де, сөзбен де өзгенің тәжірибесінің даяр формалары беріледі деп жазды 6.

Ерте сәбилік шақта үлкеннің сөзі көрнекі әсерлі ойлауын дамытуға көмектесе алады. Ересек адам қайсыбір ситуациялық міндеттің шешілу жолын балаға іс-әрекетпен ғана емес, сөзбен де айтып береді. Мәселен, сәби кереуеттің шыбықтары арасынан қорапты өткізгісі келіп, бірақ дұрыс өткізе алмаса, үлкендер. «Қорапты төңкер, сонда ол өтеді»,— деп кеңес береді де баланың тиісті әрекетін туғызады.

Ерте сәбилік шақта  бала іс-әрекеттің орындалу барысында  сөйлеп отыра алады. Бірақ бастапқы кезенде сейлеу гәуелсіз процесс тәрізді болып көрінеді: бұл кезде баланың мінез-құлқы-дан әрекеттің екі түрін: сөйлеуді және ойлауды байқауға болады. Кейінірек тілдік ойлауды құра отырып, бұл іс-әрекеттер бірігеді.

Үш жасқа қарағанда баланың ақыл-ойының дамуында, іс-әрекеттің күрделі формалары мен жаңа түрлерін бұдан былайғы игеруде анықтаушы мәні бар мадызды ұмтылыс болып өтеді — сананың таңбалық (немесе символдық) функциясы қалыптаса бастайды. Оныд мәні бір объектісі екішісінің орнын басушы ретінде қолдану мүмкіндігінде. Мұның өзінде заттармен әрекет жасаудың орнына олардың орнын басушы заттармен әре-кеттер жасалынады.

Түрлі таңбалар мен олардың  жүйесін пайдалану — адам психикасына тән айрықша ерекшелік. Таңбалардың кез келген түрі (тіл, математикалық символика, дүниені суреттеуде, музыкалық әуендерде т. б. бейнелейтін өнерде) адамдар арасындағы қарым-қатынас үшім қызмет аткарады, заттар мен кұбылыстардың орнына жүріп, соларды белгілейді. Сәбилік шақта таңбалық функция бастапқыда практикалық іс-әрекетке байланысты дамиды да, тек кейінірек қана сөзді қолдануға ауысады.

ІІ БАЛАНЫҢ  МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ КІШІ МЕКТЕП  ЖАСЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕЗЕҢДЕРІ




    1. Бала және үлкен аданың қарым –қатынасы

 Онтогенезде баланың үлкендермен қарым-қатынасы іс жүзінде бірден пайда болады.

Бастапқыда біз баланың үлкенге тікелей тәуелділігін байқаймыз. Нәрестелік шақта-ақ ол қатынастыц «плюс» белгісімеи болуына табанды түрде ұмтылады. Үлкен адаммеы өзара іс-әрекет жасауды дұрыс бастаса, оның белсенділігі ең жоғары шегіне жетеді.

Құрдастарымен жасалынатын өзара қарым-қатынас сипаты көп жағдайда ересек адамның баламен өзара қарым-қатынасы сипатына тәуелді болады. Егер ересек адам балаға деген қарым-қатынастың эмоциялық қолайлы тәсілін қамтамасыз ете білсе, онда бала оның қалай қарайтынын сезіне отырып, құрдастарымен де белсенді қарым-қатынас жасайды. Бала бүкіл дүниені жақсы көреді, ол басқалардың сәтсіздігіне бірге қынжылып, куанышына қуануға даяр, осыған білдірген құрдастарымен тез араласып, қарым-қатынастың қолайлы тәсілдерін бұзушы құрдастарымен жасалатын қарым-қатынас формаларын іздестіреді.

Мұндай болмаған жағдайда баланың әлеуметтік белсенділігі енеді. Оның енді балалармен ойнағысы келмей, олардан аулақтанып, өзімен өзі ғана болады немеее фрустриадия күйіне түседі. Ересек адам — бала белсенділігінің тұрақты катализаторы.

Баланың үлкенге тікелей тәуелділігі, әсіресе қарым-қатынастың «плюс» белгісі тұрғысынан алғашқы ережелерді игеруде жүзеге асады. Бұл процесс кеңірек формада бала әлеуметтік-нормалардың қарапайым жиынтығын түсінуге қабілетті болатын ерте сәбилік жаста басталады. Бұл нормалар есте сақталады, түсінікті болады әрі күнделікті өмірдің барлық жағдайында мінез-құлыққа жетекшілік етеді. Бала заттарды пайдалану ережелерін орындауға кірісе бастағанда ол психологиялық тұрғыда тұрақты нәрселер дүниесіне енеді. Міне, тап осы жерден ол шын мәдінде өзінің нағыз әлеуметтік дамуы тарихын бастайды. Заттар ол үшін белгілі бір атқаратын міндеті және белгілі бір қолданылу тәсілі бар нәрселер ретінде көрінеді. Балаға заттың күнделікті өмірде атқаратын, оған қоғам бекітіп берген тұрақты міндеті болатынына үйретіледі. Бөбекке кейбір күтпеген жағдайларда заттық мәнінің өзгеріп кетуі мүмкін екендігі жөнінде әзірге түсінік берілмейді. Бастапқыда бала заттың шын мәнінде атқаратын қызметін біледі. Ол колданылу тәсілі белгілі, бір мағыналы заттардың (киімдер, құралдар, ыдыстар, мебельдер) болатыны туралы біледі. Заттардың қолданылу тәсілдерін бұзу мінез-құлық ережелерін бұзу ретінде қаралады. Демек, бала заттық іс-әрекетке психологиялық түрде бет бұрған жағдайда оның әлеуметтік дамуы — тұрақты нәрселер дүниесінің және осы нәрселерге байланысты адамдардың өзара қарым-қатынасы дүниесінің қарапайым нормаларын игеруге көңіл бөледі. Ерте сәбилік шақта балаға ұсынылатын нормалар бір мағыналы әрі белгілі. Олар балаға ережелер жүйесі немесе ережелердің "өзара әсері түрінде хабарланбапты. Ережелер мен проблемалық ситуацияларды әрдайым бір мағыналы шешетіндей етіп ұсынылады. Мұның күнделікті өмір жағдайында мүмкін болу себебі, бала үйреніп білетін алғашқы ережелер бір мағыналы қажетті (сабынмен қолды сабындайды, ыдыспен ішеді, қасықпен тамақты ауызға жеткізеді т. с. с— біз үшін үйреншікті, бірақ бала үшін — ақиқат) болып табылады. Бұл ережелерді ересек адам саз жүзінде де, ақиқат өмір жағдайында да бір ма-ғынада түсінеді — ол осы ережелерді таратушы, затпен әрекет жасаудың үлгісі болып табылады. Міне, ересек адам тұрғысынан эмоциялық құптау болғандықтан да ереже ішке ауысып, баланың мінез-құлқын анықтаушы мәнге айналады7.


    1. Баланың жеке басын қалыптастырудың бастапқы кезеңі

  Ерте сәбилік шақта  бала мен ересек адамның бірлескен іс-әрекеті қарқынды дамиды. Араласуда ересек адам қарым-қатынас басшылығын өзіне алады. Ол өзара түсінісуді ұйымдастырады. Заттық іс-әрекетте ересек адам ыытымақтастық сипатын анықтайды.

Бұл кезеңде балалар айналадағы заттардың аттарын білуге ұмтылады.  Үлкендердің  айтқандарын қайталай  отырып,  балалар аттарын айта бастайды. Екі жастың соңында өз атын атап  айту «мен» деген есімдікпен ауыстырылады. «Мен» жүйесі ерте сәбилік шақтың аяғына қарай пайда болатын орталық құрылым (Л. И. Вожович).  Бөбек өзін ересек адамнан  ажырата білуге үйреніп, өзіне дербес «мен» ретінде қарай бастайды, яғни онда өзіндік сананың алғашқы формалары пайда болады. Сөздерінде  бала өзін қайсыбір өзгермейтін   тұрақты, ал өз іс-әрекеттерін көшпелі деп жіктейді. «Қазір Сәбит отыр, енді Сәбит жүгіреді, Сәбит енді құлап қалды». Шын мәнінде, бала өз әрекетін өзінен ажырата білуге үйретіледі.

Даму жетістіктері сәбидің барлық мінез-құлқын сапалы түрде өзгертеді. Ересек адамның рөлі бұрынғыша жетекші болғанымен, өзінің практикалық өмірінің тар жүйесінде, өзінің шағын мүмкіншіліктерінің шеңберінде бала ересектердің көмегінсіз-ақ әрекет жасауға тырысады. Жаңа тенденциялар балалар белсенділігін күшейтеді («Мен өзім») және ересектермен жаңа қарым-катынастар жасаудың пайда болуына алып келеді. Бұл кезең әдетте қиын кезең («үш жас дағдарысы») деп аталынады, өйткені ересек адам өзі баламен қарым-қатынас жасауда киындықтарды басынан кешіре бастайды, мойындамауы мен қиқарлығы жағынан адам төзгісіз болуы мүмкін.

Үш жас дағдарысы  — бала мен ересек адамның өзара карым-қатынасының дамуында болатын объективті құбылыс. Балада өз қажеттілігін өзінің дербес қаиағаттандыру тенденциясы пайда болады, ал үлкен адам қарым-қатынастың ескі типін сақтайды да, сол арқылы баланың белсенділігін тежейді. Қалыпты, дұрыс дамып келе жатқан бала бұрынғы қарым-қатынастарға қарсыласа  бастайды.

Үш жас дағдарысы — өтпелі құбылыс, бірақ онымен байланысты жаңа құрылымдар — өзін айналасындағылардан бөлектеу, өзін басқа адамдармен салыстыру — баланың психикалық дамуындағы маңызды қадам.

Үлкендердей болуға ұмтылу ойын формасында (тек ойында ғана бала дүкенге барады, түскі тамақ дайындайды, ракетамен космосқа ұшады т. б.) неғүрлым толық шешім табуы мүмкін. Сондықтан да үш жас дағдарысы баланың ойын әрекетіне ауысу жолымен шешіледі8.

 2.3 Мектеп жасындағы  баланың психологиясына ата- ана  тәрбиесінің әсері
Жас пен жасөспірімдерден бастап ата-аналар, мұғалімдер психикалық жақтан ауытқусыз жетілудің жағдайларын  біліп, танып, ғылыми тәрбие тәсілдерін қолданулары керек.

Біріншіден, оқушылардың оқу барысындағы психикалық тазалығына назар аудару керек. Психологтар адамның бір іске деген зауқы оның қарбаласқа түсуімен абыржуға тікелей байланысты болады, бірақ белгілі шектен асқан абыржуы адамның оқу және іс-әрекеттеріне кедергі жасап, дене жэне психика жақтан бірдей шаршатып, толық дамуына зор зиянкестік жасайды деп қараған. Іс жүзінде кейбір мектеп басшылары, мұғалімдер мен ата-аналар оқушыларды озат және нашар оқитындар деп топтарға бөледі, әрі емтихан нәтижесіне қарай бағалауды дәріптейді.

Оқыту барысында сағат  санын орынсыз арттырады, оқыту  программасынан тыскары киын мәселелерді  әкеліп орындатады, нәтижесінде оқушыларда өзін төмен санау, іштей қорлану, өзіне-өзі көктену сияқты сезім  пайда болады.

Ал кейбір үздік оқушылар рухани жақтан зор шырмауға ұшырап өздері қызықпайтын пәндерді де зорлықпен жаттап, үйренеді, тіпті, нағыз адам болу сенімін жоғалтып, жеке мүдде деген ұнамсыз жағдайлар олардың ән бойына жасырын сіңеді де, басқаларға көмектесу әдетін азайтады.

 Бәрінен сорақысы  басқалардың ізденіп, үйреніп жатқаның байқағанда іші тарылып, дегбірсізденетін болады, аз дегенде 10-40% оқушылар өздерінің жасырын қабілетін дамыта алмайды, ұйқысы қашу, есте ұстау қабілеті төмендеу, зейіні шашырау, тамақ іше алмау, рухани жағынан солғындау, нерві әлсіреу жағдайы байқалып, өз тепе-теңдігін жоғалтуға ұрынып, қалыпсыз әрекеттермен шұғылданады, тіпті өмірден күдер үзетіндеріде болады. Мысалы, Қытайдағы Нанджың қаласында тұратын екі профессордың өз балаларына жоғары мектепке өтуі үшін айрықша жоғары талап қояды, бірақ баласы өте алмай қалады, сол себепті ата-аналарын өлтіреді. Мұны профессор Жаң шұйхы зерттеп, психикалық тепе-теңдіктің бұзылуынан деп дәлелдеген.

Екіншіден, өзін дұрыс  бағалауды күшейтіп, өзін қабылдай алатын позициясын жетілдіру керек.

Психологтар тәжірибе арқылы адамдардың өзін тануымен іс-әрекеттік  қимылының сәйкестігі арасындағы байланысты зерттегенде, өзін тану мен іс-әрекеттік  қимылдың қаншалықты бір біріне жақын  шықса, адамның сақтық қимылы соншалықты аз болады, ал қоғамға сәйкес қимылы соншалықты күшті болатындығын дәлелденген.

Бір адамның өзін қабылдай алуы оның өзін қор санайтын психикалық жағдайының жоқтығынан дерек береді, өзін өзі төмен санау сезіміндегі  адам үнемі қарбаластыққа түсіп, аландап тұрады да сақтық сипатында  тұрады, психикалықтағы қарбаластығын жояды.

Не өзін өзі барынша  жоғары: санайды, не қалыптан тыс кемсітеді, өзінің абыройын қорғау үшін төңірегіндегілерді мұқатады, масқаралайды, олар шындыққа бетпе-бет жолығудан кашқалақтайды, жеке дара болып, бойын аулаққа ұстайды; өз жауапкершілігін мойындамай, басқаға кінәні аударып, "мені жақтырмайды" деп ойлайды жэне өзгелермен араласпай қояды. Сондықтан оқушылар мен ата-аналар болымсыз нәтижеге қол жеткізгенде басқаларды көзге ілмей, масаттанып кетпейтін сәтсіздікке жолыққанда өзін кемсітпей, үмітсіздену, сенімін жоғалтпайтын, ал үйрену нәтижесі құлдырағанда немесе мәлім қателік өткізгенде мұғалімдермен сабақтастарының сынын дұрыс бағытта қабылдай білетін, өзін өзі сынай алатын етіп жетілдіру керек.

Бұл үшін ата-аналар мен оқытушылар окушыдан өзінің қабілетіне сәйкеспейтін шектен тыс ауыр талап қойып алуынан сақтану керек. Себебі адам өзі қабілеті жетпейтін істерді мақтан етіп, белгілеп алады. Көп жағдайда мақсатына жете алмай қалады да көңілсізденеді. Ол үшін оқушыларға өзгеден ауыр талап күткенше, өзіне ауыр талап қойып отыруды көп дәріптеу керек.

Үшіншіден, басқалармен  тамаша қарым-қатынас жасай алу  қажет. Қытай елінің медицина, психология профессоры Дың Жаң Зың мынаны атап көрсеткен: «адамдардың психикалық жақтан өзара сәйкесуі, өзгелермен тату-тәтті өте алуы ең әуелі ата-аналармен болған қатынасқа сүйеніп қалыптасады» деген.

Ата-ана оларды тәрбиелеудегі  басты тұлға. Адамзат қоғамында  отбасы-лык жүйенің қалыптасуымен  ең алғашкы ұрпақ тәрбиелеу міндетін ата-аналар арқалаған. Алайда ұрпақ тәрбиелеу уақыт көрсеткендей, тек жалаң сүйіспеншілікпен ғана мақсатқа жететін жағдай емес. Ол олардан өрелі ой, мол білімді қажет етеді. Әр дәуірдің өз заңы мен талабы болатындықтан заманына лайық адамы болу керек. Біздің заманымыз бізден бұрын жасағандардан гөрі  ұрпақтарға сапа жан жақтылы жоғары талап қойып отыр. Сондықтан осындай күрделі қоғамда ата-аналар өз ұрпақтарын қайткенде ойлағандай жақсы тәрбиелей алады?

Баланың орынды талабын  қанағаттандырып, үздіксіз алға басуын қадағалау керек. Қажет дегеніміз баланың психикалық жақтан дамуының себебі, баланың көптеген мінез ерекшеліктері қажеттің канағаттандырыл-ғаны   канағаттандырылмағандығынан келеді, кейбір ата-аналар балаларға көңіл бөлгеннің жөні осы деп әр қандай талабын қанағаттандырып тұрады. Бұл балада орынсыз көңілсізденуі, заттық қажеті өте жоғары болуы шектен тыс өзімшіл болу сияқты нашар мінез қалыптастырады, бұдан басқа тағы бір түрлі жағдайда ата-аналар баланың кажетіне елеусіз қарау немесе тежеу тәсілін қолданады, бұл баланың психикасы қайта-қайта соққыға ұшырағандықтан қарсыласу, булығу, кектену пиғылы пайда болады. Ал ол басқа баланың арманына жетіп қуанғанын көргенде бұрынғы көңілсіз кездерін ойлап салыстырады да іші тарылып басқалармен араласқысы келмейтін болады9.

Ата-аналар балалармен пікірлесіп тұруы керек, баланың орынды пікіріне құрметпен, түсіністікпен қараған дұрыс. Балалар анасынан айырылғанда, әділетсіз катаң мәселесіне тап болғанда үнемі беттен алып, ызаға булығу ниетіне келеді, достарынан бөлектеніп қарым-қатынаста селқос болып, бір топтағылары асқан жауыз болса, енді бір топтағылары басқалардың ырқына бағынғыш, ынжық болып дерт тартып, басқаларда суық позицияда болады.

Ата-аналар мен қоса мұғалімдер оқушылардан шынайы сүйіспеншілікпен зор үміт күту негізінде тәрбиелеу мақсатына жетуі тиіс. Кез келген оқушы оқытушылардың зор үміт күткенін аңғарғанда сөзсіз шабыттану, жігерлену, қуанышқа бөлену сезімі арқылы білмеген мәселелерін саналылықпен үйреніп, білімге құмартатын болады.

Қорытып айтқанда, жасөспірім оқушылар психикалық жақтан ақаусыз болғанда ғана біреудің қуанышын екіге көбейтіп, қайғысына ортақ болып, өзін де өзгені де дұрыс бағалап, қоғамға сәйкестену қабілетін жоғарлатып бақытты жасай алады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Берілген зерттеу курстық  жұмысын қорытындылай келе, І бөлімінде мынадай мәселелер қарастырылды: жаңа туған баланың дамуының айрықша ерекшелігі сол, оның соматикалық (дене) қимылдарынан ғөрі анализаторлар іс-әрекеттері тезірек қалыптасады, соның ішінде әсіресе көру, есту тәрізді жоғары анализаторлардың іс-әрекеттері қарқынды қалыптасады. Осының негізінде бағдарлау рефлексі дамиды және сан алуан шартты рефлекстік байланыстар жасала бастайды. Көптеген жаңа туған балаларда алғашқы он күн ішінде тамақтану қалпына байланысты шартты рефлекс пайда болады. қы екі айда барлық анализаторлардан шартты  рефлекстер  жасалады.

Біртіндеп баланың ересек адамның көрінуіне байланысты жадырау комплексі деп аталатын, арнайы эмоциялы-қимыл реакциясы қалыптасады. Жадырау комплексі қол мен аяқтың екпінді қимылдарынан көрінеді. Бала өзіне еңкейген адамның бетіне тесіле қарап, оған жымиятын болады. Жадырау комплексінің пайда болуы жаңа туған кезеңнің соңы, нәрестелік кезеңнің басы деп есептелінеді.

Фрейдтің бүл идеясы бала туған сәттен екі жасқа дейін болмыстан мүлдем аулақ болады: оның ішкі дүниесі өз қажеттіліктерін ақиқат дүниеде емес, өздерінің қиялдарында, түс тәріздесі толғаныстарында қанағаттандырудың тума қабілетімен шектеледі деп есептеген Ж.Пиаженің алғашқы еқбектеріне әсер етті.

Нәрестелік жасқа тән  қимылдық іс-әрекет ерте сәбилік шақта заттық іс-әрекетпен алмасады. Заттық іс-әрекеттің дамуы заттармен жұмыс істеудің қоғам жасап шығарған тәсілдерін игерумен байланысты болады. Адам үшін заттардың бекітілген, тұрақты маңызы бар.

ІІ бөлімінде: Ерте сәбилік шақтың санына қарай (үш жасқа қарай) іс-әрекеттің жаңа түрлері қалыптаса бастайды. Олар осы жас шегінде кең жайылған формаға жетеді және біртіндеп психикалық дамуды анықтай бастайды. Бұларға ойын мен жемісті іс-әрекет түрлері (сурет салу, мүсіндеу, конструкциялау жатады. іс-әрекеттің бұл түрлерінің болашақта мәнді болатынын ескеріп, олардың ерте сәбилік шақта қалыптасуына жағдайлар жасау қажет.

Ата-ана оларды тәрбиелеудегі басты тұлға. Адамзат қоғамында отбасы-лык жүйенің қалыптасуымен ең алғашкы ұрпақ тәрбиелеу міндетін ата-аналар арқалаған. Алайда ұрпақ тәрбиелеу уақыт көрсеткендей, тек жалаң сүйіспеншілікпен ғана мақсатқа жететін жағдай емес. Ол олардан өрелі ой, мол білімді қажет етеді. Әр дәуірдің өз заңы мен талабы болатындықтан заманына лайық адамы болу керек. Біздің заманымыз бізден бұрын жасағандардан гөрі  ұрпақтарға сапа жан жақтылы жоғары талап қойып отыр.

  
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР



 

    1. Жарықбаев Қ., Психология . А: «Білім» 1993.

    2. Бала психологиясының ерекшеліктері //Ұлағат /2002., мамыр-маусым. №3.

    3. Сәби жастағы баланың тілін дамыту проблемалары Қазақстан мектебі / 2004., ақпан.№5.

    4. Егемен Қазақстан / 2003., қыркүйек. №17.

    5. Жарықбаев Қ. Ұстаздық еткен жалықпас (Психология очерктері)»Мектеп», 1987.

    6. Тәжібаев Т.., Балаубаев С. Психология (оқулық). А: «Мектеп», 1966.

    7. Тәжібаев Т. // Жалпы психология/ Алматы – 1993

    8. Сәбет БАП – БАБА // Жантану  негіздері /Алматы – 2001 ж.

    9. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы // Алматы – 1987

Интернет ресурсы

Izden.kz

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет