Тәуелділіктің екі түрі кездеседі- психологиялық және физиологиялық. Физиологиялық тұрғыдағы тәуелділікті тудыратын табак құрамындағы никотин. Никотин зат алмасу процесіне тез бейімделетін күшті нейростимулятор болып табылады, сол себепті ағзаға осы допингсіз қиынға соғады.
Қорқор шегушілердегі психологиялық тәуелділік – аталған процедураның өту барысына үйренуден туындайды. Достардың ортасында қызықты әңгімелер айта отырып, мундштукті сору, дәмін сезіну, түтінді сыртқа шығару, уақыт қысқарту адамның психикасында жағымды ассоциацияларды қалыптастырып, қайтадан осы процесті қайталауға теген тәуелділікті тудырады. Темекі шекпейтін адамның өзі қорқорды тұрақты пайдаланатын болса, никотинге тәуелділкке ұшырайды. Психологиялық тәуелділікті жеңу физиологиялық тәуелділікті жеңуден оңай емес.